Жоба рефераты (абстракт) Зерттеу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да орындалып жатқан «Айналаңды нұрландыр!»



Дата30.06.2016
өлшемі33 Kb.
ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ


  1. Жоба тақырыбы атауы

Қазақ және орыс тілдеріндегі масс-медиа этностереотиптерінің контент-талдауы

  1. Жоба рефераты (абстракт)

Зерттеу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да орындалып жатқан «Айналаңды нұрландыр!» жобасының мақсат-міндеттерімен үндес жатыр.

Жоба Қазақстан Республикасы масс-медиасында көрініс тапқан ұлтаралық қарым-қатынастардың тілдік сипаттарын – жағымды, жағымсыз этностереотиптерді, оның ішінде авто- және гетеростереотиптерді, тілдік суггестия мен тілдік манипуляцияны зерттеуге бағытталады. Жобаның өзектілігі, біріншіден, медиа ресурстерінде көрініс тапқан этностереотиптердің Қазақстан халықтары тарапынан қабылдануын тұжырымдау, индивидтің тілдік санасындағы этностереотиптермен олардың сәйкестілігін, өзара ықпалдастығын анықтау, масс-медианың этникааралық қарым-қатынастар бойынша қызметтерінің жетілуінде маңызды болып табылатын ғылыми мәліметтермен қамтамасыз етуі тұрғысынан танылады. Екіншіден, масс-медиа қызметі барысында туындаған этникааралық қақтығысты мәтіндердегі этникааралық араздықты қоздыратын тілдік белгілерді, өлшемдерді анықтауымен. Үшіншіден, жоба нәтижесінде күтілетін ғылыми-әдістемелік құралдың ұлтаралық қақтығыс мәтіндерін лингвистикалық талдау барысында мамандар тарапынан басшылыққа алынатын бірден бір дереккөз болып табылуымен. Төртіншіден, Қазақстан халықтары арасындағы этникааралық, мәдениаралық үйлесімді қарым-қатынастардың орнауына, бастысы, масс-медиа қызметкерлерінің этникааралық мәселелер бойынша ақпараттар легінде ұлтаралық араздықтың алдын алуларына, этникааралық қарым-қатынастарды реттеуге қосатын үлесімен анықталады. Жобаны жүзеге асыру үшін сауалнама жүргізу, ассоциативтік эксперимент, контент-талдау, компоненттік талдау әдіс-тәсілдері қолданылады. Жоба нәтижесінде күтілетін ғылыми-әдістемелік құрал масс-медиада, ақпараттық ұлтаралық қақтығысты мәтіндердің лингвистикалық талдауында, филология, журналистика және заң факультеттерінде оқу құралы ретінде пайдаланыла алады. Жоба нәтижесі масс-медиа қызметкерлеріне, лингвист-мамандарға, журналистер мен заңгерлерге бағытталады.



  1. Жоба мақсаты мен міндеттері. Жобаның мақсаты: этникааралық және мәдениаралық қарым-қатынастар үйлесімінде, сондай-ақ, ақпараттық қақтығысты мәтіндердің лингвистикалық талдануы үшін маңызды өлшемдердің бірі ретіндегі медиа ресурстері этностереотиптерінің рөлін анықтау, оқу-әдістемелік құрал шығару.

Міндеттері: медиа ресурстерінен жинақталған этностереотиптердің Қазақстан халықтары, этностары тарапынан қабылдануын тұжырымдау; масс-медиа ресурстерінде көрініс берген этностереотиптердің халықтың тілдік санасындағы этностереотиптермен (авто- және гетеростереотиптермен) сәйкестілік/сәйкессіздігін анықтау; медиа ресурстері этностереотиптерінің ұлтаралық қарым-қатынастардың жақсаруына я шиеленісуіне ықпалын тұжырымдау; медиа ресурстердегі этностереотиптерге ассоциативтік эксперимент, сондай-ақ сауалнама жүргізу арқылы олардың этникааралық қарым-қатынастардағы жағымды/жағымсыз сипаттарын ашу; сандық емес (сапалық) контент-талдау арқылы ұлтаралық мәселелер тұрғысындағы мәтіндердің мазмұн модельдерін анықтау, мазмұнның сапалық модельдерінің түрлерін белгілеу; сауалнама, ассоциативтік эксперимент, медиа ресурстер бойынша жинақталған деректерге сапалық және сандық контент талдау жүргізу арқылы этностереотиптердің ұлтаралық қақтығысты мәтіндердегі рөлін анықтау.

  1. Кілт сөздер

Этностереотиптер, автостереотиптер, гетеростереотиптер, масс-медиа, ассоциативтік эксперимент, сауалнама, контент-талдау, тілдік манипуляция, суггестия, этникааралық қарым-қатынас.


Каталог: content -> files -> pages -> folder8588
pages -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
pages -> 1 есеп. “Фишкалар”
pages -> Кафедрада әр жылдарда кафедраның түлектері жұмыс жасады, Қр бғМ математика институты, ф м.ғ. д., профессор Ақыш А. Ш., ҚазҰУ, Микро-макро экономика кафедрасының профессоры Оспанов С. С., ф м.ғ. к., профессор Өтегенов К. У
pages -> «6М060100-Математика»
pages -> «Бекітілді» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында хаттама № 2012 ж


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет