Жоба Тақырыбы: Қар. Қар жамылғысы, оның құрылымы, түрлері, қасиеттері. Қар классификациясы. Орындаған



бет6/6
Дата22.04.2023
өлшемі1.23 Mb.
#472586
1   2   3   4   5   6
ҚАР СРС

2.6. Қар жамылғысының қасиеттері
Салқын маусымда жоғарғы ендіктерден жер бетіне жауған қар – қар жамылғысын құрайды.Қар және қар жамылғысы жылу балансы мен ауа ылғалдылығы режиміне үлкен ықпал жасайды. Әр географиялық аймақта қар жамылғысының түзілу уақыты немесе оның еру уақыты әртүрлі болып келеді.Мысалы, жоғарғы ендіктерде қар жамылғысы ұзақ уақыт бойы жатса, төменгі ендіктерде тез еріп кетеді.
Қар жамылғысының маңызды қасиеттерінің бірі оның тығыздығы.Қардың салмағының оның көлеміне қатынасы ретінде анықталынады. Қардың тығыздығы өте өзгермелі болып келеді.Мысалы, жаңа жауған ұлпа қардың тығыздығы 0,03- 0,1 г/см3 болып келсе, ал, көктемдегі әбден тығыздалған қардың тығыздығы 0,6-0,7 г/см3 қа тең.Қардың орташа тығыздығы 0,2-0,257 г/см3 құрайды.
Қар жамылғысы әр жерде жер бедерін әртүрлі жауып жатады. Ол ауа райына сол жердегі жер бедеріне байланысты. Мысалы, ашық далалы жерде қар тегіс, біркелкі жатады,ал күшті жел тұрғанда қар бір жерден екінші жерге орын ауыстырады.
Қардың маңызды қасиеттеріне оның жылуөткізгіштігін, шағылдыру қасиетін, сәулешашу мүмкіндігін жатқызамыз.
Қар қаншалықты тығыз болса, оның жылуөткізгіштік қасиеті соғұрлым жоғары болады. Қардың жылуөткізгіштік қасиеті ауадан 10 есе артық болып келеді.
Жаңа жауған қардың шағылдыру мүмкіндігі жоғары болып келеді. Яғни, таза қардың альбедасы 90-95% ,ал ескі қардікі - 30% болып келеді.
Қардың сәулешашу мүмкіндігі де өоте жоғары, ол радиацияны қара дене сияқты шашады, яғни салыстырмалы сәулешашу мүмкіндігі 99,5% тең.

3.Қорытынды
Қорыта айтсақ, қар дегеніміз - жер бетіне түсетін жауын-шашынның бір түрі. Ол ұсақ мұз кристалдарынан тұрады. Қар - бұлттағы судың кішкене тамшыларының қатуы нәтижесінде пайда болады. Төменгі температурада су мұзға айналып отырады. Мұз да су да буланып кету қасиетіне ие.
Нәтижесінде буланған қар мен мұз бұлтқа түскен кезде қар жауады.
Қар ақ түсті, мөлдір емес, борпылдақ және суық, жылы ауа-райында жақсы мүсінделеді және жылы кезде тез ериді. Кез - келген заттың түсі оның қандай сәулелерді сіңіретініне байланысты. Егер зат барлық сәулелерді жұтса, ол біздің көзімізге қара болып көрінеді. Ал зат барлық сәулелерді шағылыстырса, ол бізге ақ болып көрінеді. Қар - күн сәулесінің 90 пайыздан астам сәулесін шағылыстыру қасиетіне ие, сондықтан ол ақ болып көрінеді.
Қар жамылғысы - климаттың көптеген өзгерістеріне өздігінен әсер етеді. Ол қыста топырақты шамадан тыс жылу жоғалтудан сақтайды. Радиация қар жамылғысының бетіне тіке түсетіндіктен, қар астындағы топырақ жалаңаш топыраққа қарағанда жылы болып келеді. Қар жамылғысы сонымен қатар, өсімдіктерді қатып қалудан қорғайды. Қар жамылғысының болжамды қасиеттерін зерттеу - қар, су тасқыны мен қар ағынын есептеудің жаңа, едәуір сенімді әдістерін құруға, топырақтың маусымдық қату тереңдігін анықтауға, қардың түсуі мен қар көшкінінің қауіпін болжауға және т.б. ақпараттарды білуге әкеледі.
Жоба бойынша: «Қар және қар жамылғысының қалыптасуы, қар жамылғысының құрылымы мен физикалық қасиеттерін анықтайтын негізгі жағдайлар» жоспарын – Бейбіт Анель, «Қар жамылғысының негізгі сипаттамалары, қар классификациясы» жоспарын – Бақытжанова Данагүл және «Қар жамылғысының түрлері мен қар жамылғысының қасиеттері» жоспарын Мұхитова Аружан орындады.


4.Пайдаланылған әдебиеттер және сілтеме

  1. Войтковский К.Ф. Лавиноведение: Учеб. пособие. — М.: Изд-во МГУ, 1989.

  2. В.П.Вейнберг, Лед. СВОЙСТВА, ВОЗНИКНОВЕНИЕ И ИСЧЕЗНОВЕНИЕ ЛЬДА

  3. Г. Д. РИХТЕР СНЕЖНЫЙ ПОКРОВ, ЕГО ФОРМИРОВАНИЕ И СВОЙСТВА

  4. https://drive.google.com/file/d/10R2Rp7lYOk-Oza9Ur4-68mfsd9AauDV_/view?usp=sharing

  5. https://drive.google.com/file/d/1n-h0RlfI40UtnV-x_TxEuBm50S1ie7qj/view?usp=sharing


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет