Жоба тақырыбы: Таза ауа-тіршілік кепілі. 6В01701 кял-22-3 2-курс студенттері Орындаған: Таңатар Самал Сағын Айша Отесин Дильяра Жоба жетекшісі: Джумашева Камшат Актау, 2023 Мазмұны: Жобаның жалпылама сипаттамасы



бет3/3
Дата29.02.2024
өлшемі336.1 Kb.
#493283
1   2   3
баяндама экология

ІІ.Негізгі бөлім
а)Ауа туралы түсінік
Ауа дегеніміз - түрлі табиғи газдар қоспасы. Ауаның біздің өмірімізде алар орны ерекше. Барлық тіршілік атаулының – адамдар мен жануарлардың, тіпті өсімдіктердің тыныс алуына қажет. Ауасыз өмір болмайтыны баршамызға мәлім. «Ауадай қажет» деген тұрақты сөз тіркесі де осыдан пайда болған шығар.
Бірақ біз табиғаттың бізге берген теңдесіз сыйын дұрыс пайдалана білеміз бе? Соңғы елу – алпыс жылда ауаның құрамы мен сапасы нашарлап, бұл барлық әлемдегі ғалымдарды алаңдатуда. Ауаның ластануы салдарынан экологиялық ахуал да нашарлап, бұл әлемдік деңгейде түрлі мәселелерге әкеп соғуда. Сондықтан дүние жүзі ғалымдары ауаның ластануын болдырмау немесе барынша азайту мақсатында бұл мәселенің шешімін ұсынуда. Мысалы, түрлі химиялық әдістермен тазарту, тау – кен өндірісі мен түрлі зауыттар мен өндірістердің қалдықтарын арнайы сүзгілерден өткізіп тазалау т.б.
Табиғатта ауаны негізгі пайдаланушылар –жердің флорасы мен фаунасы . Ауа тірі организмдерді ғарыштық сәулелерден қорғайды , жерді жылудан сақтайды , климатты реттейді , ұшатын жәндіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады .Сонымен қатар топырықтың құнарлылығына әсер етеді. Ауа –маңызды экологиялық ресурс. Қазіргі заманғы биосферада ауа көптеген ластағыш заттарды тасиды. Ластағыш заттар ауаға өнеркәсіптік, көліктік, ауылшаруашылық және тұрмыстық ластану салдарынан түседі. Адамның шаруашылық әрекетінің кесірінен ауадан парниктік эффектіге себепші көміртек диоксидінің концентрациясы артады. Ауаның азот және күкірт оксидтерімен ластануынан қышқыл жаңбыр жауады. Атмосфералық ауаның ластануы –ауада адам, жануарлар, өсімдіктер күйіне және экожүйеге кері әсерін тигізетін физикалық, химиялық биолгиялық агенттердің түзілуі немесе енуі нәтижесінде оның құрамы мен қасиеттерінің өзгеруі. Ол табиғи және антропогендік болуы мүмкін. Ауаның табиғи ластануы табиғи процестер туғызады. Жанартаудың атқылауы, шаңды борандар, ормандағы орта, желге мүжілу, тірі организмдердің іріп – шіріп процестері , өсімдіктердің жаппай гүлденуі және т.б . жатады.
б)Ауаны ластаушы факторлар
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық : шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өпіц, жарық , ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.
Ғалымдар, экологтар ғана емес, жұмысы мұнай кен орындарымен байланысты көптеген адамдар - мұнай өндіру кезінде бөлініп шығатын газдарды пайдаға асыру (утилизация) мәселелерін көтеріп жатыр. Үкімет теория жүзінде бұл бағыттың маңызды екенін көптен бері айтуда. Тіпті алғашқы жобалардың бірін бекітіп, мүмкіндігінше жақын арада іс жүзінде қолға алынатынын да айтты. Алауларда газдарды жағу арқылы Қазақстан бағалы энергетикалық ресурстардан қағылып отыр. Мұнан басқа бұл газ ластаушылардың бірі ретінде планета температурасының өзгеруіне әсер ететін қуатты көздердің бірі. Соңғы уақытқа дейін республикада атмосфералық ауаны ең қатты ластайтын көздерге, әсіресе, күлі көп шығатын көмірлерді пайдаланатын жылу энергетикалық кешендерді де жатқызып келді. Экономикалық дағдарыс кезінде қалада амалсыздан көнтеген өнеркәсіп орындары тоқтап қалды. Алайда қала атмосферасындағы көміртеті оксиді мен азот оксидінің мөлшерінің артуы саны күннен-күнге көбейе түскен автокөліктер есебінен болды. Қазақстанның үлкен қалаларында көп тараған химиялық ластаушы - күкіртті газ (күкіртті ангидрид).


с)Ауа ластануынан пайда болады
Атмосфералық ауаның ластануы адам организміне әр түрлі физиологиялық жағынан әсер етеді. Көміртегі оксиді қандағы гемоглобинмен байланысып , мүшелер мен ұлпалардың оттегі мен қалыпты қанығуын бұзады, нәтижесінде адамның ойлау қабілеті төмендеп, рефлекстер баяулайды, ұйқыға бейім болып, есінен тану және тұншығудан өлім қаупі тууы мүмкін. Шаңда болатын күкірт оксиді өкпенің қауіпті ауруы –силикозды туғызады.
Шаң-тозаңның әсерінен пайда болатын аурулар жиі кездеседі. Шаң-тозаңның жоғары мөлшері көптеген өндірістік процестер кезінде (ұсақтау, бұрғылау, бөлшектеу, електен өткізу, электрлік дәнекерлеу және шаң басқан материалдарын тасымалдау, жарылыс жұмыстары кезінде) пайда болады. Шаңдардың жоғары концентрациясы жұмыс-тардың дұрыс ұйымдастырылмауына, профилактикалық шаралардың орындалмауына байланысты болады.
Жалпы қабылданған жіктелуге сәйкес барлық өндірістік шаңдар органикалық және органикалық емес болып ажыратылады.
Органикалық шаңдарға өсімдік (ағаштық,ұндық) және жануар текті(шерст, тері) шаңдар, ал органикалық емес шаңдарға металдық (темір, алюминий) және минералды (кварцты, цементты) шаңдар жатады.
Ірі шаң тозаңдар (10 мкм-ден жоғары) ауадан тез түседі, жоғарғы тыныс алу жолдарында ұсталады және шырышты қабатына зиянды әсер етеді. Ірі шаң тозаңдар көбінесе жөтелгенде және түшкіргенде сыртқа шығуы мүмкін, ал қалған бөлігі егер ол улы болса, қанға сіңіп бүкіл ағзаға таралады. Ірі шаң тозаңдар өкпенің альвеоласына дейін жетпейді. Кіші мөлшердегі шаңдар ауада бірнеше сағатқа дейін сақталады. Ұсақ шаң тозаңдар өкпе альвеоласына дейін жетіп пневмокониоз ауруын туындатады
Шаңның организмге әсері әртүрлі болады. Ол кейде көздің шырышты қабығын зақымдап отырып конъюктивит, кератит ауруларын туындатады, ал тері жамылғысында фолликулит, терінің іріңді ауруларын шақырады.


Ұсыныс

  • Карьерлер жұмысынан кейін шаң тозаңнан тазарту жұмыстарын жүргізу

  • Ауыл-аймақ жанынан тас уату өндірістерін алыс жерге көшіру

  • Су шашатын құрылғы немесе көлікпен өңірді айналып шаң басу



III. Қорытынды

  • Ауадағы шаң тозаң азаяды

  • Ауадан пайда болатын аурулар бәсеңдейді

  • Өсімдіктердің өсуі қалпына келеді

  • Жануарлардың өмір сүру қалпы түзеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет