Топтық жұмыс не береді?
Бірлескен әрекет
Сұрақ қоя білу
Мәселелерді шешу
Келісім жасай білу
Рольдер мен жауапкершіліктерді жүктеу
Өзгелерді тыңдау
Өзгелерді өзіңе сендіру
Өзің үшін жауап беру
Топтық жұмыстың түрлері:
Жұптардағы жұмыс
«Миға шабуыл»
«Жалғастыр» ойыны
«Қазына іздеу»
«Дельфи» әдісі
Мозаикалық топтар
«Зигзаг» әдісі (Ара әдісі) т.б.
«Миға шабуыл» әдісі - идеяларды басқару үшін қолданылады, қатал регламент, жүргізуші, хатшы, хронометрист рольдері белгіленеді. Яғни топ ішінде шешім қабылданған соң, баяндама немесе хабарлама жасалады.
«Жалғастыр» ойыны- топ ішінде «тізбек» әдісін қолдану арқылы жасалады. Яғни бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін барлығы бір тақырып шеңберінде ойларын айтады. Мысалы, шығарма немесе қандай да бір оқиғаны баяндау кезінде қолдану тиімді.
«Бір әріп шығармасы» ойыны - әңгімені бір әріптен басталатындай етіп құрастырып шығу.
«Қазына іздеу» - оқытушы сұрақтар құрастырады. Сұрақтар білім мен танымды қажет етеді. Топтар интернет көздері мен кітап мәліметтерін қолданады.
Мозаикалық топтар - мұғалім материалды бірнеше бөліктерге бөледі. Әр топ өз тақырыбында жұмыс жүргізеді. Топтарға қажетті мәліметтер беріледі.
Әр топ өзге топтарға өзінің тақырыптары мен игерілген білімдерімен бөліседі. Жұмыс соңында резюме жасалынады.
«Зигзаг» әдісі (Ара әдісі) - топ 6 адамнан құралады, сұрақтар белгілі бір фрагменттерге бөлінеді, әр оқушы немесе топ сол сұрақты қарастырады, жалпылама түрде белгіленген келесі топтың сұрағымен танысады.
«Эксперттер кездесуі» әдісі де осы негізде құралады, яғни бір оқушыдан шығып өз сұрақтарын талқылайды, алған жауаптарды топ ішінде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |