Жобалау мерзімі бастап дейін



бет2/16
Дата11.12.2023
өлшемі0.65 Mb.
#486147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
stud.kz-108483

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


АНЫҚТАМА

ҚарМТУ ГиК-18-1 тобының студенті Азилханова Аянгул Жумаханкызы “Жоғарғы геодезия” пәні бойынша курстық жобаның салыстырмалы талдауын жүргізді.


Барлық мәліметтер Антиплагиат жүйесінің технологиясына сәйкес алынды.
Толық ақпарат алу үшін сарапшымен толық талдау жүргізілуі тиіс. Мәтіннің бірегейлігі-90,52%
МІ және Г кафедрасының меңгерушісі Хмырова Е.Н.



Кіріспе
І Пландық геодезиялық торлардың классификациясы


1.1.Геодезиялық тор
ІІ.Триангуляция
2.1.Триангуляция туралы жалпы мәлімет. І,ІІ,ІІІ,ІV класс
триангуляциясының сипаттамасы
2.2.Бірінші класстың триангуляциясы торы
2.3.Екінші және төменгі класс торлар жүйесі
2.4. Триангуляциондық жүйенің жобасын құрудың жалпы мәліметтері
2.5. Трангуляция жүйесінің қабырға ұзындықтарының қателігін алдын ала
есептеу
2.6.Триангуляция пункттерінің рекогносцировкасы
2.7. Пункттердің центрлері
III Базистер және базистік жүйелер
3.1. Базистік өлшеу
3.2.Базистік тор, базисті өлшеу және құру
ІV Полигонометрия
4.1 Теодолит және оның түрлері
4.2.Полигонометрияның түрлері
4.3.Полигонометрияның қолайлылығы және кемшіліктері
4.4.Полигонометриялық жүрістердің түрлері
4.5. 1 және 2-ші дәрежелі полигонеометрия
4.6. Полигонометриялық жұмыстардың жобаларын жасау. Орталықты
белгілеу
4.7. Полигонометрияны жобалау
4.8. Рекогносцировка және полигонометрия пункттерін белгілеу
4.9. Полигонометриядағы бұрыштық және сызықтық өлшеулер
4.10. Бұрыштық өлшеулер кезіндегі қателіктер
V Нивелирлеу әдістері
5.1. ІV классты нивелирлеу
5.2.Нивелирлеуде қолданылатын аспаптар
5.3. Н05 нивелирі
5.4. Нивелир рейкалары
5.5. Рейкадан есеп алу

Кіріспе
Геодезия Жер туралы ғылым ретінде ежелгі көне ғылымдардан келді және грек тілінен аударғанда «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. ХІХ ғасырдан бастап жалпы геодезияны геодезия және жоғарғы геодезия деп бөле бастады.


Жоғарғы геодезия – Жердің өлшемдерін, пішінін және гравитациялық өрісін анықтаумен, мемлекеттік геодезиялық тірек тораптарын құрумен, геодинамикалық құбылыстарды зерттеумен, Жер эллипсоиды бетіндегі және кеңістіктегі геодезиялық есептерді шешумен айналысатын ғылым.
Жоғарғы геодезияның шешетін есептері ғылыми және ғылыми-техникалық болып екіге бөлінеді. Жоғарғы геодезия мен оған қатысты ғылымдардың (гравиметрия және Жер пішіні теориясы, ғарыштық геодезия және астрономия) негізгі ғылыми мәселесіне Жер пішінінің параметрлерін, сыртқы гравитациялық өрісін және олардың уақыттық кеңістіктік өзгерістерін анықтау болып табылады. Қазіргі кезде жоғарғы геодезияда Жер пішіні ретінде Жердің физикалық бетімен, яғни құрлықтың қатты қабығымен және мұхиттар мен теңіздердің тыныштық күйіндегі деңгейімен шектелген фигура қабылданған. Жердің гравитациялық өрісі деп Жердің тәуліктік айналуынан туындайтын центрден итеруші күш пен тартылыс күшіне тең болатын ауырлық күшінің өрісі қабылданады.
Жоғарғы геодезия мен оған қатысты ғылымдардың негізгі ғылыми-техникалық мәселесіне жоғары дәлдікті ғаламдық (жалпы Жер шары) және ұлттық (мемлекет аумағында) геодезиялық тірек тораптарын құру жатады. Ұлттық тірек тораптарына мемлекеттік геодезиялық тораптар (негізгі торап, жиі жоспарлы деп аталады), мемлекеттік нивелирлік (биіктіктік) және мемлекеттік гравиметриялық тораптар кіреді. Бұл тораптар өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. Сонымен қатар, астрономиялық-геодезиялық және гравиметриялық өлшеулерді қатар орындағанда пункт координаттары мен биіктіктерін мемлекет аумағында бірыңғай жүйеде және Жердің пішіні мен гравитациялық өрісін сипаттайтын параметрлерді анықтауға мүмкіндік береді. Осы тораптарда өлшеулерді қайта жүргізген кезде пункт координаттары мен биіктіктерін нақтылап отыруға, сонымен қатар геодинамикалық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік туады.
Жоғарғы геодезия үздіксіз жаңартылуда және жақсартылуда. Ол Жер пішіні теориясы, гравиметрия, геодезиялық астрономия, ғарыштық геодезия сияқты ғылыми пәндермен тығыз байланыста.
Жоғарғы геодезия өз зерттеулерінде физика, математика, астрономия және басқа да іргелі ғылымдардың жетістіктерін, ал жоғары дәлдікті өлшеу техникасын құрастыруда қолданбалы оптика, аспаптар құрастыру, радиоэлектроника, лазерлік техника сияқты қолданбалы пәндердің жетістіктері кеңінен қолданылады. Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеуде ықтималдылық теориясы, математикалық статистика, ең кіші квадраттар әдісі қолданылады. Барлық есептеулер жаңа электрондық есептеу техникасы арқылы орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет