4.7 Полигонометрияны жобалау
1 – класты жарықты өлшеуіш полигонометрия 1:100000, 1:200000 масштабты карталарда жобаланады; 1 және 2 дәрежелі – 1:5000, 1:25000. Алдымен іс жүзінде бар триангуляция және полигонометрияның пункттерін түсіреді. Жобаланатын жүрістерді алдымен жоғары, одан кейін төменгі кластар мен дәрежелер үшін келесі шарттарды ұстанумен белгілейді: жүріс жолақтарын көше, жол, өзен бойымен, яғни бұрыштық және сызықтық өлшемдер үшін ыңғайлы аймақтарда орналастырады; жүрістерді жоғары класс пункттеріне байланыстыру мүмкіндігін алдын ала қарайды; жүрістер мүмкіндігінше созылған және теңқабырғалы болуы керек, жүрістердің ұзындығы нұсқаулық бойынша; бұрыштарының үлкен саны бар жүрістер үшін күтілетін үйлеспеушілікті есептейді, егер ол рұқсат етілгеннен үлкен болса, онда жобаны өзгертеді.
4.8 Рекогносцировка және полигонометрия пункттерін белгілеу
Аралық пункттерге көру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі керек.
Тұрғызу аймағында бекеттерді мөлтек аудандардың бұрыштарында және тротуарларда сызық фасадтық сызыққа параллель және нысаналық сәуле кедергіге қатысты 2 метрден жақын өтпейтіндей етіп орналастырады.
1 – 3 класты полигонометрия пункттерінде орталықтар түрін және сол түрлердің триангуляция пункттерінде орталықтар түрін және сол түрлердің триангуляция кезінде бұзылған белгілерін салады.
1 және 2 дәрежелі полигонометрияда белгілер ретінде полигонометриялық маркалар және белгілер қызмет етеді, ал жер астындағы реперлер ретінде – темір-бетонды монолиттер, құбырлар немесе рельстер салынады.
4.9 Полигонометриядағы бұрыштық және сызықтық өлшеулер
1-4 класты полигонометрияда бұрыштарды өлшеу үшін сәйкес триангуляциядағыдай теодолиттің түрлерін қолданады.
Полигонометрияның 1 және 2 дәрежелерінде Т2, Т5, Т10 теодолиттерін қолданады.
Міндетті түрде нысаналық маркалардың тексерісін жүргізеді.
Көлденең бұрыштарды оптикалық теодолиттермен шеңберлі тәсілдер әдісімен өлшейді.
2-4 класты полигонометрияда екі бағытты пункттерде сол және оң бұрыштарды өлшейді
3.3-кесте. Полигонометриядағы бұрыш өлшеу аспаптары
Теодолиттердің түрі
|
Полигонометрия
|
4 класс
|
1 дәреже
|
2дәреже
|
Т1(ОТ – 02)
|
6
|
-
|
-
|
Т2(ТБ – 1, ОТС)
|
6
|
2
|
2
|
Т5(ТТ4, ОТШ)
|
-
|
2қайталау
2тәсіл
|
2
|
Т10
|
|
2қайталау
2тәсіл
|
|
Т15(ТТ5,ТТ– 50)
|
-
|
-
|
2 қайталау
2тәсіл
|
Достарыңызбен бөлісу: |