Жобалау мерзімі бастап дейін



бет16/16
Дата11.12.2023
өлшемі0.65 Mb.
#486147
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
stud.kz-108483

5.4 Нивелир рейкалары

I және II класс нивелирлеуде 3 штрихті метрлі рейкалар қолданылады. Рейканың ортасынан вертикаль бойынша тұрақты созылыммен 20 кт инвар сызығы өтеді. Инвар кіші сызықтық үлкейту коэффициенті бар ерітінді. Инвар сызығында 2 бірдей шкала бөлімі бар, бір бірінен қозғалуы 2,5 мм – ден (2.1-сурет). Бөлу штрихтары 1мм қалындықпен 5мм сайын өткізілген. Бір шкаласы – негізгі – рейканың ағаш бөлігінде 0-дан 60-қа дейін әр жартылай дециметр сайын саналған. Келесі шкаласы – қосымша – 60-тан -119-ға дейін саналған. Негізгі нөлдік штрихті рейканың жазықтық табанымен сәйкес келу керек, ол өз кезегімен рейканың осіне перпендикуляр болу керек. Рейканы ұстау үшін 2 ұстатқышы бар, ал оны вертикаль жағдайға қою үшін – дөңгелек деңгей 10’ – 12’/2 мм бөлу бағасымен орнатылған.




5.5 Рейкадан есеп алу

Алдымен нивелирдың көру дүрбісін шамамен рейканы нысаналайды, сосын нысаналау бұранда арқылы дүрбіні вертикаль жіп өсі шкаладан біраз штрихтан солға қарай орнатады, мысалы негізгі элевациондық бұранда арқылы деңгейдің көпіршік соңыларының бейнесін сәйкестендіреді. Барабан есебін бұрау арқылы биссектор жіп торын рейканың жақын негізгі шкалаға көздеп, есеп алады (2.1-сурет). Алдымен биссектормен рейкадағы штрих нөмірін сәйкестендірген кезде есеп аламыз (суретте ол 28,8), сосын барабаннан – индекске (40) жақын немесе сәйкес штрих нөмірін.Толық есеп 28,2840 жартылай дециметрмен қосымша шкаладан есеп жоғарыдағыдай алынады, бірақ алдын ала дүрбінің вертикаль жібін нысаналау бұрандамен кішкене қосымша шкаладан солға қарай орнату керек. (2.1 б-суретте) көрсетілген: рейканың негізгі шкаласы бойынша – 28,3, барабан бойынша – 37. Жартылай дециметрдегі толық есеп – 28,337. Маховикпен рейканың штрихын биссектормен сәйкестендіру үшін қолданылады.


Көлденең осі бойынша айналу толқындығын тексеру. Егер көру дүрбісі көлденең ось бойымен тығыз айналса, онда өсті тазалай, майлау қажет. Бұл үшін астармалы нивелирдің үстіңгі бөлігін бекітетін (2.1-суретті қараңыз) жапсармалық қосбұрандасын бұрайды да, жапсарманы алады. Сағаттың бұранда мен кері серіппені алу мен гильзаны жабатын бұранданы үлкен отверкамен бұрап алу үшін (2.1-суретті қараңыз) кері серіппенің гильзасындағы өкшелік бұранданы бұрап алады.



2.1-сурет. Рейканы нысаналау



2.2 –сурет. Нивелирдің көру дүрбісі Н-05

Сосын, дүрбіні ақырын екі жаққа бұрап жоғары көтеріп, нивелирдің үстіңгі бөлігін астармадан ақырын айырады. Осі мен төлкесін таза матамен сүртеді, ол мата шамалы суланған, оны тағы да таза матамен сүртеді. Өсті шыны таяқшалы майлықпен техникалық маймен майлайды, өсті құралдың үстіңгі бөлігіне кигізеді, мұндай, серппе тіреуші қысқыш бұранданың жүргізушінің тіреуіне түсетінін қадағалау керек. Гильзадағы серіппені кигізеді, гильзаны жабатын бұранданы бұрайды және үлкен бұрандада сәйкеспейтін тіреулікті тауып өкшелі бұрандаға бұрау қажет. Соңғы операцияға өз орнына орнату жатады. Тазалау мен майлауды таза жабық жерде жасау қажет.



2.3-сурет. Нивелирдің рейкасы

Орнатушы деңгейді жөндеу және бақылау. Көтергіш бұрандалармен бақылау үшін домалақ деңгейлік көпіршікті нөлдік пунктке келтіреді де дүрбіні 180 ° бұрады.Егер көпіршік нөль пунктке түссе, онда оны ауытқу жартысына бұрандамаларымен әсер етер алдында деңгей кранштейнге бекітілген бұранданы босату керек. Егер орнатушы деңгей екі өзара перпендикуляры цилиндрлі деңгейді көрсетсе, онда бақылауды былай орындайды : нивелир дүрбіні екі көтергіш бұрандаға пареллель орнатады да олармен түрлі жаққа жібереді, көпіршікті нөль пунктіге жіберсе параллель орналасқан деңгейге келтіреді.





2.4-сурет. Нивелир тексермелері

Үшінші көтергіш бұрандасымен нөль пунктке көпіршіктің келесі деңгейге келтіріледі. Дүрбіні 180° бұрады; егер деңгей көпіршіктері ортаға жиналса, онда ығыстырады, ал нөль пункт деңгейінің түзетуші бұрандаларына келтіреді. 180° -қа бұралғаннан кейін деңгей көпіршіктері нақты нөль пунктте қалуына қол жеткізу керек.


Келесі бакылаулар нивелирді жұмыс орнына келтіргеннен кейін орналасады.
Тор жіптерінің қондырғысын түзету және тексеру. Тордың көлденең жібі ілінген жіп көршісімен сәйкес келу керек. Желден ақталған орын қабырғасына ауыр су толтырылған шелекке түсіреді. Ілгіш жібінің артындағы қабырғаға ақ қағаз бетін жапсырады. Ілгіштен 20-25 метрге нивелирді орнатып, оны жұмысқа икемдеген соң көру дүрбісінің торындағы көлденең жіпті келтіреді де ілінген жіппен қосады. Егер, осындағы тор жібі ілінген жіптің метрі көп сәйкестік болса, онда тор жіптерінің орнын жөндеу керек. былайша орындайды. Окулярдың жан жағынан екі өкшесін бұрандасын алдын ала бурып алады (2.4-суретті қараңыз), сосын көру дүрбісінің қаңқасымен біріктірілген окулярлы бөліктің үш бұрандасын бұрайды да шешіп алады. Үш бұранданың бұралған тіреудегі пластинканың жетекші торы (2.4-сурет) көрінеді. Пластинканың үстіңгі және төменгі бұрандаларын сағат тілінің жүрісіне қарсы бір айналымға бұрау қажет, ал ортасын бір айналымға жақын бұрау қажет. Сосын, ақырындап саусақпен пластинаны қажет бұрайды, окулярды кигізеді де тордың көлденең жібінің орнын тексереді. Егер пластинаны тағы бұрау қажет болса, онда ортаңғы бұранданы біраз босату керек. Тордың көлденең жібі ілінген жіп көршісімен сәйкестенгенше операцияны қайталай береді. Оған қол жеткізген соң, пластинканың ортангы бұрандасын бекітеді, сосын шеттеріндегіні, тордагы жіптерді орнатудың дұрыстығына көз жеткізген сон дүрбінің окулярлы бөлігін үш бұрандамен бекітеді.
Цилиндрлі деңгейді орнатудың түземесімен тексерімі (басты шартты тексеру). Дүрбінің көздеуіш өсімен цилиндрі деңгей осі өзара параллель болуы керек. Бұл үшін екі шарттың орындалуы керек;
1) деңгей осі арқылы өтетін жауапты жазықтың дүрбінің көздеуші осі аркылы өтетін жауапты жазыққа параллель болуы керек. Рейкадан 50м қашықтыққа нивелирді орнатады, көтергіш бұрандалардың бірі рейкаға көздеу саңылауында орналасуы керек. Басқа екі бұрышында көздеу сызығына қатысты симметриялық орынға орналасады (2.5-сурет). Нивелирді жұмысқа дайындайды, көру дүрбісін рейкаға келтіреді. Деңгей көпіршіктерінің ұштарын элевационды бұрандамен қосады және ортаңғы тік сызықтан рейка бойынша есептеп алады, есте сақтау керек. Бей-жай кесілген бұрыштың көтергіш бұрандалар 1және 2 жаққа 2-3 толық айналымда нивелирді бүйірге көлбеулейді. Сонда, дүрбінің көздеуші осі келденең қалуы өте қажетті, ал тексеріс барысында алынған рейка бойынша есептеу тұрақтылығын қадағалаумен орындалады. Нивелирді көлбеулеген соң, көру дүрбісінің өрісінде көрінетін деңгей көпіршіктерінің орнын сызу керек (2.5 а-сурет). Содан кейін, кері бағыттағы көтергіш бұрандалар жұбының әсер еткенде нивелир бастапқы орынға келтіреді, көпіршік ұштарын қайтадан қосады да, рейка бойынша есептеу өзгергенін қарайды (2.5 б-сурет). Енді осы тәртіп бойынша барлығын нивелирдің келесі жаққа бұрағанда қайталаймыз. Егер деңгей көпіршіктері 2.5-а, суреті сызылған жағына ыдыраса немесе ыдырамаса, онда деңгей қортындысы бірінші бөлігінде дұрыс болады.

2.5-сурет. Деңгей көпіршіктері

Егер нивелирді көлбеулегенде деңгей көпршіктері біріншіге қарсы жаққа болса және бір бөлігінен артық ыдыраса (2.5, в-сурет), онда деңгейді жөндеу қажет. Бұл үшін деңгейдің түзетуші бұрандасын жабатын тығынды бүйірлік бұранда ортасына бұрайды да деңгей көпіршігін ортаға келтіреді. Егер нивелирді солға көлбеулегенде көпіршік 2.5 в-суреттей оңға көлбеулегенде 2.5 в-суретіндей ыдыраса онда деңгей оправасын солға бөлу керек.Егер нивелирді оңға немесе солға көлбеулегендегі көпіршік орындары және в суреттеріне сәйкес болса, онда онда бұру керек. Бұрандаларды ақырын қолдану қажет. Мысалы, деңгей томпағын онға алмастырса, он жақ бұранданы біраз бұрау керек, ал сол жағын томпағын онга қарай бұрау керек. Солға бергенде керісінше орындау керек.Жөндеу жұмысы жақындау тізбегімен орындалады.


2) көздеу өсімен теңестіру өсінің жауапты жарығының өзара параллель, және 20" аспайтын бұрышта қиылысуы керек.
Тәжірибелік тексеріс i анықтаумен орындалады. Оны анықтаудың бірнеше әдісі бар. І, II ,III ,IV кластарда нивелирлеу бойынша нұсқауға келтірілген і бұрышын анықтау әдісінің екіншісін қарастырамыз. Тегіс ауданда, бір-бірінен 51,6 м қашықтықта жерге екі берік қағылады, ал олардың бүйіріне сопақ басты шегелер кадайды. Алынған №1 және №2 нүктелердегі (5.9 - сурет) оның екі жағына 5,2 м бойынша қалдырады, А және В нүктесін алады. Нивелирді А нүктесінің жанына орналастырады және нақтылап жұмысқа дайындайды. Қадалардың жауапты орнында орнатылған рейканы порка астында тұру қажет. Сосын нивелир дүрбісін жақын рейкаға келтіреді (№1 коды). Есептеуіштік барабанда 50 есептелу орындалады және сосын барабанға жақындатылмайды. Деңгей көпіршіктерін элевациондық бұрандамен қосады да рейканың негізгі шкаласының үш жібі бойынша (ортаңғы және алшақтағы штрихтар бойынша) есептеле алады, содан кейін дүрбіні алшақтағы рейкаға келтреді де жоғарыда айтылған пункттегі жұмыстарды орындайды.

2.6-сурет. Нивелир тексермелері

A нүктесінде жұмысты аяқтаған соң, нивелирді В нүктесіне ауыстырады, сонда дүрбі алшақтағы рейка бойынша фокусталуы өзгеріссіз күйде қалуын абайлау керек. Нивелирді В нүктесіне орнатып, оны жұмысқа дайындаған соң бақылауды бастайды.


Қорытынды


Осы орындаған курстық жұмыста маркшейдерлік - геодезиялық негіздемемен байланысты геодезиялық жұмыстарды орындадық.Геодезиялық жұмыс өндірісінде пайда болатын мәселелермен қатар жобалау кезінде есептік формулаларды практикада қолдануды тереңдетіп зерттедік.


Курстық жобалау процесінде сонымен қатар оқып үйренген білімімізді көрсете алдық және оларды шешкенде тиімді тәсілдер қолдандық. Картадағы мркшейдерлік-геодезиялық тірек торлары болып табылатын IV класстық триангуляция, полигониметрия және нивелирлеуді құрып, калька парағына 1:25000 масштабтағы картаны пайдалана отырып салдық. Базистерді триангуляция торында салдық. Бұрыштық дәлдікті есептей отырып,берілген 3 полярлық теңдеуді есептедік. 3Т2КП теодолитімен айналдыру тәсілімен (Струве тәсілі) 4 пункттен ДО және ДС есеп алып есептедік. Одан келтірілген бұрыштарды есепке алып, калькаға сонымен қатар, тұйықталған және тұйықталмаған жүрістер салдық. Н-05 нивелирін қолдана отырып рейкадан негізгі және көмекші есептерін алдық.Миллиметровкаға жүрген түзу және қисық жүрістеріміздің биіктіктерін жазып,тауып олардың өлшемдеріне қарай тауып қоңыр қарандашпен жүріп өттік.Ал пикетажды кітапшаға жүрген қисық жүрісіміздің неше градусқа бұрылғанымыз және жолда не кездескенің түсірдік.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Ж.З. Төлеубекова «Жоғарғы геодезия»- оқулық 2011. Қарағанды


2. Джуламанов Т.Д. «Геодезия – 1» - оқулық. Алматы
3. Атымтаев Б.Б.; Пентаев Т.П. «Инженерлік геодезия» - оқулық.
4. Интернет: «Геодезические работы», 1970; Глотов Г. Ф.
5. Ж. З. Төлеубекова, Р. Н. ДЖамантыкова «Жоғарғы геодезия» пәні бойынша курстық жобаға арналған әдістемелік нұсқаулар.-Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2018.-48б.
6.Қырғызбаева Г. «Жоғары геодезия» - Астана : Фолиант, 2017. - 256 б.
7. Н.П. Булгаков., Е.М. Рывина., Г.А. Федотов. Прикладная геодезия. Москва, «Недра» 1990ж.
8. Қуанышбекова А.А., Старостина О.В. Картография пәні бойынша зертханалық жұмыстарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. – Қарағанды, 2011.
9. Жантуева Ш.А. Картография пәнінің оқу-әдістемелік кешені. – Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2011. – 2015.
10. Пентаев Т.П., Атымтаев Б.Б. Инженерлік геодезия - Алматы, 2003 ж.
11.Низаметдинов Ф.К., Старостина О.В., Долгоносов В.Н. Картография. – Қарағанды
12. Тоқпанов Е.А., Мазбаев О.Б. Картография және топография негіздері. – Алматы, 2012.
13. Г.Г. Поклад. Геодезия. Академический проект, 2007ж.
14. Михелев Д.Ш., Инженерная геодезия, учебник, М.:2008
15.Интернет: «Жоғары геодезия», Л.В.Огородова

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет