Жобалау мерзімі бастап дейін



бет4/16
Дата11.12.2023
өлшемі0.65 Mb.
#486147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
stud.kz-108483

Көрсеткіштер
атауы

1 класс

2 класс

3 класс

4 класс

1.Жүйе ұзындығы, км

200

-

-

-

2.Үшбұрыш қабырғасының ұзындығы,км

20-25

7-20


5-8


2-5

3.Базисті өлшеудің салыстырмалы қателігі

1:400000


1:300000


1:200000


1:200000


4.Мүмкін болатын үшбұрыштағы бұрыштық қиылыспаушылық

±3̎

±4̎


±6̎

±8̎

5.Өлшенген бұрыштың О.к.қ.

± 0,7̎

±1̎

±1,5̎

±2̎

1.1-кесте. Мемлекеттік геодезиялық торлар.

Жердің физикалық бетінде орналасқан, геодезиялық пункттер орны 3 координат бойынша анықталады; B ендігімен, референц-эллипсоид бетіндегі L бойлығымен және пункттердің эллипсоид бетімен,H биіктігімен,B және L координаталары пункттің пландық орнын анықтайды. Тәжірибелік мақсаттар үшін пункттің пландық орнын жазықтықта x және y координаталарымен, мысалы, Гаусс проекциясында анықтайды. Н биіктігі оның геоид бетінен биіктік шамасының және геоидтың эллипсоидтан алшақтау шамасының қосынды ретінде келтіреді. Жер бетінде пункттердің өзара орнын анықтаудың жалпы принципі келесідей. Жергілікті жерде бір-бірімен байланысқан геометриялық фигураларды, әдетте, үшбұрыштарды орналастырады. Бұл фигуралардың төбелерін, олардың кейбір элементтері үздіксіз өлшеулер үшін ыңғайлы болатындай етіп таңдайды.


Үшбұрыштағы пункттердің пландық орнын анықтау үшін, мысалы, бір қабырғасын және екі бұрышты немесе екі қабырғасын және бір бұрышын өлшеу жеткілікті, қалған элементтерін аналитикалық түрде оңай есептеп шығаруға болады. Бірақ геодезиялық жұмыстар тәжірибесінде, геометриялық құрылыстардың барлық элементтерін анықтауға қажетті өлшеулерден көп орындайды. Артық өлшеулерді геодезиялық торлар құрудың сапасын жоғарылату үшін және дәлдігін бағалау үшін жасайды.
Фигуралар төбесінің абсолютті биіктіктерін анықтау мақсатымен, не қабырғалар ұзындығын біле отыра вертикаль бұрыштарды өлшеу жолымен, не геометриялық нивелирлеу жолымен, сәйкес өсімшелерді(биітіктер айырмашылығы) анықтайды, көршілес пункттердің биіктіктерінің айырмашылығын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет