Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет105/263
Дата06.12.2023
өлшемі3.3 Mb.
#485646
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   263
Доп мат

Зерттеушілік жобалар белгілері:

  1. Оқушылардың өз бетіндік жұмысын жеке жұппен, топпен орындалуы;

  2. Жобаның мазмұндық құрылымы, аралық нәтижелері мен кезеңдері болуы;

  3. Әрбір кезеңнің бірізділігіне негізделген төмендегі зерттеушілік әдістердің қолданылуы:

  4. проблеманы анықтау және одан туындайтын міндеттерді белгілеу (оның барысында «ойға шабуыл», «дөңгелек үстел» әдістері қолданылады);

  5. міндеттерді орындаудың болжамы жасалады;

  6. зерттеу әдістері (статистикалық бақылау, диагностикалау, тәжірибе жасау, т.б.) талқыланып, белгіленеді;

  7. алынған нәтижелерді жинақтау, жүйелеу, талдау жасалады;

  8. соңғы нәтижені рәсімдеу тәсілі анықталады (презентация, жоба қорғау, шығ. есеп, қойылым т.б.)

  9. қорытындылау, нәтижені рәсімдеу, презентациялау;

  10. қорытынды жасау, жаңа зерттеу проблемаларын анықтау.

Осылайша, жобалау әрекетінің алғашқы қадамы – проблеманы немесе тақырыпты анықтау. Төменде оның үлгілері берілген (7-кесте).

Кесте - 7


Жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктерін анықтау



Жобаның шартты атауы

Күтілетін нәтижесі



















Жоба тақырыптары оның мақсатына сай түрліше болып келеді. Бір жағдайларда мұғалімдер нақты пәнге қатысты проблеманы алып, оны оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сай анықтайды. Келесі жағдайда, мұғалім жоба тақырыбын кластан тыс жұмысқа бағыттайды, ол кезде де жоба оқушылардың танымдық шығармашылық әрекеттеріне негізделеді.


Сондай – ақ, жоба тақырыбы мектеп бағдарламасындағы теориялық мәселе туралы оқушылардың білімдерін тереңдетуге, дифференциялауға арналуы мүмкін. (Мысалы, белгілі бір елдердің әдебиеті мен мәдениетін, белгілі бір аймақтың экологиясын зерттеу т.б.)
Жоба тақырыбының белгілі бір маңызды практикалық проблемаға арналуы жиі кездеседі, бұл жағдайда оқушылардың бір пән емес, бірнеше пәндерден интеграцияланған білімдері болуын қажет етеді. Мысалы, бүгінгі қалалардың ортақ проблемасы – қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтармен ластануы. Оның шешу жолы – барлық қалдықтарды қайта қорыту. Бұл жерде экология, химия, биология, физика, әлеуметтану т.б. көптеген пәндер интеграциялануын қажет ететін зерттеу болуы тиіс. Аталған жоба жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін болса, кіші жастағы балалар үшін «Халық ертегілеріндегі ойын түрлері» тақырыбын алуға болады. Оны орындау барысында оқушылар көптеген ертегілерді естеріне түсіреді, қайта оқиды, ондағы ойын элементтерін іздестіреді, жинайды.
Осылайша, жоба тақырыптарын түрліше құрастыруға болады, оны оқыту мақсаттарына қалай анықтау мұғалімнің шығармашылығы мен кәсібилігін қажет етеді.
Жоба нәтижелері міндетті түрде көзбен көріп, қолмен ұстайтын болуы тиіс, атап айтқанда, бейнефильм, альбом, компьютерлік газета, журнал, баяндама, т.б.
Жобалау жұмысын ұйымдастыру үшін, ең алдымен мұғалімдерді даярлау қажет, өйткені жоба әдісін сабақта пайдалану үшін оны мұғалім өзі жете меңгеруі керек. Жобалау әдісі – бірінен соң бірі орындалатын қатаң алгоритмде болмауы да мүмкін.Оны орындау барысында жүйеліліктің ғана сақталуы қажет. Мысалы, бір бұйым жасау мақсатындағы жобаны алсақ, оның логикалық жүйесі сол бұйымға қажеттікті зерттеуден – оны дайындау, сынақтан өткізу, бағалау кезеңдерінен тұрады. Осылайша, теориялық жобаның да логикалық жүйесі құрылып, сол бойынша жұмыс жасалады.
Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырған жағдайда олардың бұдан бұрын алған пәндік білімдері оқу – тәжірибелік міндеттерді шешу құралына айналады, білім беру нәтижелерін анықтауда оқушылардың жастары мен деңгейлері ескеріліп, әр сатыда әр түрлі болады. Сонымен қатар, әр оқушының өзіндік білім алу траекториясын жеке жасай білуі білім беру нәтижелерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Бұл сапалар жобалаудағы коммуникацияға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет