Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет114/263
Дата06.12.2023
өлшемі3.3 Mb.
#485646
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   263
Доп мат

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Жобалау әрекеті арқылы оқушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастырудың мәні

  2. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011 - 2020 жылдарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасындағы құзыреттілік нәтижелердің белгіленуі

  3. Түйінді құзыреттіліктер және олардың түрлері

  4. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру

  5. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру

  6. Проблеманы шешудің жолдарын және шешім қабылдай білу құзыреттіліктері



12-семинар. Оқушылардың жобалау жұмысын бағалау әдістемесі
Жобалау жұмысын бағалау – педагогтардың жаңа көзқарасын қажет ететін ерекше бағалау үрдісі. Дәстүрлі оқытумен салыстыратын болсақ, онда оқушының игеретін білімі, білігі мен дағдысы нормативтік сипатта болғандықтан, оларды бағалаудың өлшемдері (критерийлері) нақты беріледі.
Мысалы, жазу үлгісінің, есепті орындаудың эталоны (үлгісі) болады, сонымен қоса, оны орындау деңгейі де белгіленеді. Баға қоюда берілген эталон мен оқушының орындау деңгейі салыстырылады да, қаншалықты үлгіге сәйкес келетіні бағаланады. Берілген норма (эталон, үлгі) шын мәнінде оқушының тапсырманы орындау деңгейін өлшейтін құрал болып табылады. Сөйтіп, қаншалықты сынға ұшыраса да, дәстүрлі оқытудағы бағалауды белгілі бір дәрежеде обьективті деуге болады. Солай бола тұрса да, қалыптасқан дәстүрлі педагогикалық іс – тәжірибеде оқушының жұмысын бағалау емес, оқушының жұмысын бағалау емес, оқушының өзін бағалауға, тіпті, жаза қолдануға айналып кеткені белгілі. Бұл бүгін көптеген келеңсіз жағдайларға, мысалы, білім алу үшін ғана емес, баға үшін оқуға әкеліп отыр.
Жобалау жұмысында оқушылардың алатын өнімдерінің (нәтижелері) білім, білік, дағды сияқты нақты нормативтік сипаты болмайды. Соған орай жобаның нәтижелері оның мақсатына қаншалықты сәйкестігі бағаланады. Ал жобалаудың мақсаттары бірдей болмайды, сол себепті бағалау критерийлері үнемі өзгеріп, қойылатын талаптарды өлшеуге сәйкестендіріліп отырады.
Оның бірнеше мүмкіндіктері бар. Мысалы жобаға бір емес, бірнеше баға беруге болады: топтың бірлескен жұмыс деңгейі; жобаның идеясының өзектілігі; оның жүзеге асыру тиімділігі, сәтті жасалған презентация, т.б. Жобалау әрекетін бағалаудың әдістемелік нұсқаулары тәжірибеде жасалып енгізіліп те жүр. Төменде жобаларды бағалаудың өлшемдерін ұсынамыз:

  1. Жобаның барлық кезеңдерін орындаудағы өз бетіндік жұмыс жасау дәрежесі:

  2. Оқушылардың топтық жұмысқа араласу және өз рольдерін орындау дәрежесі;

  3. Пән бойынша, жалпы мектепте алған білім, білік, дағдыларын пайдалана алу дәрежесі;

  4. Жобаны орындауда пайдаланылған жаңа ақпараттар саны;

  5. Пайдаланылған ақпараттың мәнін түсіну дәрежесі;

  6. Қолданып отырған әдістердің күрделілігі және оны игеру деңгейі;

  7. Проблеманы шешу идеясы мен шешу жолдарының жаңалықтың тың болу дәрежесі;

  8. Жобаның проблемасын анықтау мақсатын қою және оның мәнін түсіну деңгейі;

  9. Презентацияны, жазбаша есепті дайындау, ұйымдастыру және өткізу дәрежесі, оның барысында көрнекі құралдарды пайдалану деңгейі;

  10. Рефлексия жасай білу деңгейі;

  11. Презентация жүргізудегі шығармашылық дәрежесі;

  12. Алынған нәтиженің әлеуметтік және қолданбалы маңызы;

Оларды төмендегі 8-кесте арқылы бағалауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет