Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын



бет136/263
Дата06.12.2023
өлшемі3.3 Mb.
#485646
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   263
Доп мат

Үшінші кезең. Логикалық тұжырым. Қатысушылар абстракциялық тұжырымдар жасап, оны басқа әріптестерімен сабақ барысында бөліседі. Оларды әркім өз бетімен құрастырады, сонымен қатар, басқалардың пікірін тыңдау, олардың тұжырымдарын талдау да қажет,сонда ғана қатысушылардың ортақ және жеке көзқарастары анықталады.
Төртінші кезең. Теориялық тұжырымдар. Қатысушылар өздері жасаған тұжырымдарын өзгелер пікірлерімен, жаңа теориялық ақпаратпен толықтыру, салыстыру арқылы өзінің жаңа теориялық тұжырымын құрастырады, маңызды түйін түйеді. Аталған тұжырымдама, немесе маңызды түйін аудиториядан тыс жұмыстар барысында тәжірибеден өткізіліп, жаңа тәжірибе құрылады. Бұл тұтастық тұрғысындағы оқыту әдісі әрбір тақырып байынша жобалаудың негізі болады
Осылайша, жаңа нақты тәжірибе келесі деңгейдегі жаңа ізденістік жұмыстың бастамасы болып, аталған цикл дамудың келесі деңгейінде қайталанады.
Бұл модельдің өзіндік ерекшеліктері жоба жетекшілерін өз тәжірибелері барысында өзіндік дамытуға мүмкіндік береді. Олар:

  1. Оқыту тәжірибеден басталып, аяғына дейін одан ажыратылмайды, ол өзара байланысты кезеңдерден тұратын циклдық үрдіс ретіне ұйымдастырылды.

  2. Оқыту абстрактілі «оқу сабақтарынан» өзгеше, қатысушылардың күнделікті атқаратын жұмысы контекстіне енгізілген күйде жүргізіледі.

  3. Колб әдістемесі оқыту оқыту мазмұнына алған ұйымы сатылы дамыту моделіне сәйкес келеді, осы сәйкестік оқытудың нәтижелі болуына мүмкіндік берді.

  4. Модельдің түрлі жағдайларға сай модификациялауға келетін сипаты жоба жетекшілерін оқытуда ғана емес, басқа категорияларды оқытуға да бейімдеуге мүмкіндік берді.

Осы әдістемеге сай жоспарланған аудиториялық және практикалық сабақтарды үйлестірудің төмедегі нұсқалары да пайдалауға болады:
Практикалық сабақтан бастап, тақырып бойынша өз тәжірибесімен әріптестерімен бөлісуден тұратын дискуссиядан бастауға болады (нақты тәжірибе және рефлексиялық бақылау).
Келесі кезеңде тақырып бойынша аудиториядағы жаңа теориялар және практикалық ақпараттармен танысу, өз тәжірибесін тұжырымдамалық схемалармен байланыстыру (абстрактілік тұжырымдау).
Практикалық жұмыста меңгерген жаңа теорияларын бірлескен топтық жобалау қызметінде пайдалану (тәжірибеде белсенді пайдалану).
Зертхана бағдарламасының модульдік мазмұны. Модульдің мақсаты - «жобалау тәжірибесін» басқарудың педагогикалық жүйелерді және оның барлық компоненттерін дамыту және оған өзгерістер ендіру құралы ретінде пайдалануға жоба жетекшілерін дайындау.
Жобалау қызметін әлеуметтік тұрғыдан қарастыру аса қажет, оның мәні - жүзеге асырылатын әрбір жобаның білімдік мазмұнын ғана емес, оның әлеуметтік ролін, яғни, жобалау нәтижесінің оған қатысушылар мен ұйымдастырушылардың, жалпы ортаның дамуы мен өзгерістеріне ықпал ететін ұғыну, бағалау деген сөз. Жобалау қызметінің әдіснамасын ұғыну оның барлық кезеңдерін рет-ретімен меңгеруден – тұжырымдамасын, мақсаты мен міндеттерін құрастыру, ресурстарын анықтаудан бастап, оның іс-әрекеттік жоспарын жасап, әкімшілік - ақпараттық қолдау құрылымын жасауға дейінгі әрекеттерді қамтиды.
Модуль мазмұнында басқару тәжірибесіне тән талдау, зерттеу, ұйымдастыру сияқты элементтер мен олардың байланыстары да қарастырылады (Кесте – 13).
Қатысушылар жобалар негізінде өзіндік талдау және зерттеу бағыттарын құрастырады. Сонымен қатар, олардың жеке жобалары өздерінің мамандығы бойынша пәндік таңдау курстарын құрастыруға немесе педагогикалық ізденіс тақырыптарын белгілеуге негіз бола алады.
Кесте – 13
Жобаның компоненттеріне сай зертханалық жұмыс мазмұны



Жобаның компоненттері

Көпсатылы
өзгерістер алгоритмі

Зертханалық жұмыс мазмұны

1

2

3

Жағдайды талдау



Жаңа өзгерістерге қажеттік пайда болуы



Жобаны орындауға қажеттік неліктен пайда болды?
Жобалау алдындағы талдау
Жоба тұжырымдамасын жасау

Проблеманы
анықтау

Проблеманы анықтау

Неліктен бұл проблеманы шешу маңызды болып отыр?



Мақсат қою



Бірлесіп бір шешімге келу
Мақсат қою

Жобалаудағы іс әрекеттер қандай мақсатты орындауға бағытталады? Ол берілген проблеманы шешуге қаншалықты байланысты?
Жобалауда орындалатын әрекеттер қалыптасқан жағдайды қалай өзгертеді?

Кестенің жалғасы

1

2

3

Күтілетін нәтижелерді анықтау



Стратегияларды көре білу

Жобаны орындау барысында қандай нақты нәтиже алынуы тиіс? Жоба аяқталған соң педагогикалық жүйеде қандай оң өзгерістер болады деп күтіледі?
Белгіленген міндеттердің орындалуы мақсатқа жетуді қалай қамтамасыз етеді?
Берілген міндеттерді орындау үшін қандай нәтижелер (олардың сандық және сапалық сипаттамасы) алынуы тиіс?

Жобаны жүзеге асыру, орындау

Ұжымға өзгерістер мәнін түсіндіру
Жобалау топтарын құру,
ынталандыру



Жобалар құрастыру: оның тиімділік көрсеткіштерін белгілеу, Варианттарын қарастыру арқылы тиімді жобаны бекіту
Жобалуды орындаушылар күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қандай шаралар орындалуы тиіс?

Ресурстарды тиімді пайдалану




Қандай ресурстар: адамдар, материалдық құралдар, қызметтер – жобалау барысындағы шараларды орындау үшін қажет болады?
Бұл ресурстар қандай көздерден түседі (орындаушылардан, тапсырыс берушілерден, қатысушылардан, ұйымдар, мемлекет, жеке қорлар, т.б.)?

Бақылау, нәтижені бағалау

Жетістіктерді байқау мен кемшіліктер



Жасалған жобаларды талдау, тиімділеріне баға беру, күтілетін нәтижеге сәйкессіздерін анықтау, себебін талдау, түзетуге ұсыну

Кері байланыс

Жетістіктердің ұйым бекітілуі



Тиімді жобаларды тәжірибеге енгізу, көпшілікке тарату, әдістемелік технологияларын, құралдарын жасау
туралы ұсыныстар қабылдау

Қорытынды




Жобаларды презентациялау, бағалау

Оқу зертханалық жұмысы соңында жоба жетекшілері жасалған жобаларды қорғау үшін топ ішінде талдап, талдау карталары үлгісінде өз жобаларының тиімділігі туралы сараптамалық талдаулар жасалады. Үздік деп танылған жобалар ашық қорғауға ұсынылып, оған қалаулары бойынша педагогикалық ұйымдар өкілдері қатыстырылады. Жобаларды қорғау үшін төмендегі құжаттар жиынтығы дайындалады:



  1. Ұйымды дамытудың мақсатты бағдарлы жобасының тұжырымдамасы;

  2. Ұжымда талданып, рәсімделген жобаның мазмұны;

  3. Жобаның тиімділігіне жасалған сараптама.

Қорыта келе, жобалау зертханасы негізінде жоба жетекшілерін ғана емес, ойлау деңгейі жоғары, өз бетімен аса жауапты проблемаларды шеше алатын құзыреттілігі бар педгогтарды, лидерлерді дайындау, сонымен қатар, өміршең, өзекті жобалар құрастыру да мүмкін екені дәлелденді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет