Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын


Жобалау іс-әрекетінің ойын педагогикасында дамуы мен қолданылуы



бет4/263
Дата06.12.2023
өлшемі3.3 Mb.
#485646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263
Доп мат

2. Жобалау іс-әрекетінің ойын педагогикасында дамуы мен қолданылуы. Сонымен, жобалау қоршаған орта тіршілік іс-әрекетінде түрлі деңгейлерде байқалады, қоршаған дүниені зерттеулер жүргізіп білуге мақсатты түрде белсенді араласты. Білім беру саласы мен түрлі мамандандырылған белсенді педагогикадағы жобалау әрекетінің даму бұлағы мәдениет тарихында ұзақ уақытта қалыптасқан. Бұдан үш жүз жыл бұрын ұлы чех ойшылы теориялық-педагогиканың негізін қалаушы Я.А. Коменский, жемісті білім беру үшін педагогтың зерттеу жүргізу әрекеті ынталы болу керек деген ойын білдірген. «Адамдарды ең негізгіге, аспан мен жер және тағы басқа қажетті заттарды зерттеп тануды, өзгелердің тануы мен түсініктерін есте сақтағанша, кітаптардан білім алуды емес, өздері зерттеп тануға үйрету қажет» деп жазған. (Коменский Я.А. Великая дидактика/ Пер. С чешского.-М., - С. 138).
Бұндай ойлар ақырында атақты философтар мен пеадгогтардың көптеген жұмыстарында дамыды. Соның ішінде, француз философы Ж.Ж. Руссо, «Эмиль, или О воспитании» әйгілі педагогикалық романының авторы, біздің алғашқы ұстаздарымыз - біздің қол аяғымыз, көзіміз деп айтқан. Балалармен қарым-қатынасқа түскенде түсінікті сұрақтар қойып және оны шешуге мүмкіншілік беру керек деген кеңес берген. «Сіз айтқанды емес, өзі түсінгенді білсін, ғылымды жаттап алмаса да, оны ойдан шығарсын» (Ж.Ж. Руссо Эмиль, или О воспитании.- М., 1996.- с. 211). «Біз тәжірибеге кездейсоқ сияқты ұшырасуымыз қажет, оны тексеруге арналған құралдар жасауымыз керек» (Там же.-С. 225). Тәрбиеленушінің өзбетінше ойды тудыру мен өндіруді қадағалау. Руссо білу ынтасының тудыру үшін ойын ынтасын қолдану қажет деп санаған.
Алайда ХХ ғасырдың 20-30 жылдары атақты ресейлік әдіснамашы ғалым К.П. Ягодовский әділ ескерту айтқан, әрбір ғылыми-практикалық пәннің тәртібі, хирург, құрылыстық өнер, қандай да бір құрылыс материалдарын өңдеу болсын, жаңа ой айтылғаны аз: өмірде практикалық қолданысқа кіретіндей, сол бір қалып түрін табу қажет. Егер ол барлық практикалық тәртіпке сәйкес болса, онда ол педагогикалық қатынасқа ерекше маңызды болады. (К.П. Ягодовский Исследовательский метод в школьном обучении.- М.: Л., 1929.- С.46).
Бұндай қалыптар біртіндеп қалыптасты. Ұлы швейцар педагогы И.Г. Песталоции еңбектерінде оқушымен ойлау деңгейінде қоршаған құбылыспен біріккен тәжірибелік жұмыстар толығымен жазылған. Ақыл-ой бәрінде, іскер сабақтарда жақсырақ дамыды, өйткені сол кезде түрлі қателіктер табылды, деп санаған. Ерте кезден шынайылық пен сапалық шешімі педагогикада білім беру кілті сияқты талап ретінде қарастырылады. Педагогикалық ойлар мен практикалық оқыту тарихында қысқарған әңгіменің дамытушы катехизистік әдісіне қозғалыс бағытын қадағалайды Ф. Динтер (1817). Одан- эвристикалық (грек.heurisko – табам) және эвристік әдіс А. Дистерверг (1835). Соңғы айтулар бойынша, егер өзбетіншелікті оятса, барлық әдістер жақсы.
Дистервег эвристикалық әдістің өзіндік ерекшелігін айтады:

  • оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ояту;

  • оқушының өзінен туған сұраққа өз бетінше жауап табуға тырысуы;

  • зерттеу құбылысы;

  • ақиқатты табу үшін өзіндік ойлану, тергеу жүргізу мен қайта қарау жолдары арқылы табу;

  • ұстаздың ұсынған пәнімен оқытуды зерттеу және жетілдіру үшін;

  • сұрақтарды индуктивті жол арқылы жетілдіру.

Эвристикалық әдістің негізін қалаушылардың бірі Г. Армстронг (1898) оны келесіде сипаттаған. Эвристика әдісі оқушыны зерттеу жағдайына және ғылыми фактіні ашуға мүмкіншілік береді. Бастаушы бірінші зерттеушілер тобының мүшесі болғандарына қуанады. Балалардың барлығы ғылыми ақиқатты ашуға бірге жұмыс істегенде, оларда табиғи қажеттілік пайда болады, өздерінің жұмыстарын бірге талқылайды, пікір аламасады, бір-бірінен кеңес сұрайды... (Цит. По: Ягодовский К.П. Исследовательский метод в школьном обучении.- М., 1929.-С. 64).
Педагогикалық-мамандандырылған даму саласының шегіндегі жобалау педагогикалық практикадан теориялық салаға ұласып кеткен. ХХ ғасырдың бірініші жартысында жобалау іс-әрекеттің ғылыми әдісінің дамуын қамтамасыз етуге әлеуметтік-білім беру саласына түрлі білм саласы ендіріп, қолданды. Солардың ішіндегі әйгілі ғалымдар Дж. Дьюи, К. Поппер, Г. Саймон, В.Х. Клипатрик және тағы басқалары.
Педагогикалық контекстке жобалаудың енуі зерттеушілік пен экспирименталды білім беру формаларының даму кезеңімен сәйкес келеді (ХХ ғасырдың бірінші жартысы). Әдіснамашылардың арасында мектепті зерттеу әдісі деп санау жайлы сұрақтар талқыланды. Бұл жағдайда, оқушының объектпен қарам-қатынасы үрдісі, оған таныс, өзіне таныс емес жаңа дәлел немесе барлық ақиқаттардан өзбетінше жаңа шешімге жетуі жайында айтылып отыр.
Педагогикада бұл кезең білім берудің және практикалық білім сипатының белсенді басы болып келеді. Соның ішінде болашаққа бағытталған белсенділік жайында айтылады. Педагогтар «тіршілік» білім, тіршіліктің өзінен алынған, сұрақтың кішкентай жауабы шығады. Ғылыми жүйеге экспирименттік тәжірибе мен тәжірибе туралы түсінікке талап қойсын, мақсаты мен құралды таңдауға мүмкіндік берсін. Тану саласында экспирименттік тәжірибе мен реконструкцияға қол жеткізу, рационалдық даму мүмкіншілігіне ие болады, ол жобалық бейне болып келеді. (С.И. Гессен).
ХХ ғасырдың бірінші жартысында технология мен білім беру түрлі педагогикалық ой жобалаудың әдісі ретінде таралды. Американ философы және педагогы Дж. Дьюи, жобалау әдісінің негізіне көңіл аударды, ол балалық шақты өз бетіншілік және адамның қымбат кезеңі деп қарастырған.
Дж. Дьюи мектепті, баланы өзімен жастылармен, үлкен адамдармен бірлесіп жұмыс істеуге, қоршаған дүниеде өмір сүруді үйрететін, сонымен қатар білім алатын жер деп қарастырған. Білім беру оқушылардың жеке тәжірибесімен олардың қызығушылық қажеттеліктеріне байланысты болуы қажет. Оқытудағы негізгі тәсіл қоршаған өмірді жобалық түрде зерттеу болып табылады. Түрлі іс-әрекеттерді, жеке топта болсын, мұғалім немесе басқа адамдардың қолдауымен жүзеге асырылса да, балалар өз бетінше ойлап, жүзеге асырып, талжап және баға беріп, орындаулары қажет (См., Dewey J. Experience and Eduction.-N.Ү., 1938).
Жобалау әдісінің Дальтон-жоспарын атап айтқан жөн (Дальтон-план- схема индивидуального обучения, разработанная Е. Паркхерст в г. Дальтон (США) в начале 1920 г.), ең негізгі ерекшелігі оқу жоспарының құрастырылуы мен жеке әр оқушыға оқыту құралдарын құру болып табылады.
Бала ыңғайлы темпте қозғалып, қажеті уақытта басқа адамдармен араласып, мұғалімге сұрақтармен жолыға алатын. Дальтон-жоспарының мақсаты бойынша, білім берудегі жинаған білімнің бағасы балаға қажетсіз екендігі ескеріледі.
Педагогика аясындағы жобалауды іс-әркет түрінде ендірген Дж. Дьюидің ізбасары В.Х. Клипатрик болған, «Мақсатты іс-әрекетті шын жүректен жүргізген, танымал қоршаған орта талабында көрінген, оқушының ерекше түрі» (Клипатрик В.Х. Метод проектов.- Л., 1925.- С. 42). В.Х. Клипатрик жаңа педагогикалық жүйенің ең негізгі үш компонентін атаған; табиғат пен оқушылардың қызығушылықтарынан шыққан, оқыту құралы; мақсатты әрекет; өмірдің қайта құрылуы мен жоғарғы сатыға көтерілуі, тоқтаусыз ретінде оқыту. Бұндай деңгейде жобалау әдісі «мақсаттық әрекет» ұйым арқылы оқыту, оқушылардың нақтылы жағдайына жөн табуға мүмкіншілік беретін кезең. Білім берудің мақсаты оқушыларды мәселені шешуде, ізденуде, зертеуде әдістермен қаруландыру болып табылады.
1920 жылы Клипатрик (См.: Коллингс Е. Опыт работы американской школы по методу проектов. – М., 1926. Основы метода (1925, русски перевод- 1928); Тәрбие өркениетті өзгерту шарты бойынша, жобалаудың төрт түрін айтуға болады;

  1. өндірушілік;

  2. пайдаланушылық, соның ішінде ойын-сауықпен байланысты;

  3. жобалаудың мәселе мен интеллектуалды қиыншылықтарды шешуі;

  4. жаттығу-жобасы.

Білім беру бағдарламасы, осы әдіс негізінде салынған жобалардың өмірлік тапсырмалармен, шыққан топтамалармен байланысты салынған. Әр жаңа жобаның орындалуын (баланың өзімен ойластырылған, топпен, сыныппен, мұғалімнің қатысуынсыз немесе өз бетінше) бірнеше қызықты, қкжетті және шынайы өмірмен байланысты тапсырмаларды шешу қажет болады. Баланың өз мүмкіншіліктерін басқалардың күштерімен салыстыруды үйренулері талап етіледі. Жеміске жету үшін, оған жаңа білімді тауып және соған сүйене, нақтылы жұмыс ұсыну қажет болады. Бір ғана емес, тұтас кешенді мәселені шешуге мүмкіншілік беретін, оны орындауға түрлі саланың білімі болуы талап етілсе, сол жобалау идеалды деп санаған. Өмірдегі нақтылы тапсырмаларды шешу, бір-бірімен қарым-қатынас құрып өмірді таниды, балалар өздеріне шынайы өмірдегідей қажетті білімі кешенді түрде алады. Олар білімді өз бетінше алып оқиды.
Алғашқыда жобалауды педагогтар білім беру құралы ретінде тар мағанада қолданды. Оның көмегімен білім беру үрдісінде белсенді оқыту құралы мен оқушы ұстанымының меңгеруіне тәжірибе жасалып көрген. Сол кездегі көп таралған жобалау түрі қалалық мектеп жағдайында орындалады, ол жерде жобалау мазмұны мен пәнді оқумен байланысты болған, алайда аулыдық мектептердегі оқушылар қызығушылықтарына сүйенетін болсақ, жобалау жүйесі табиғи жолмен шынайы өмірде енді. Жобалау өндіру түрі бола алды.. Оған жобалау әдебиеті, географиялық «саяхаттауды» жатқызамыз. Бұндай мектептерде жұмыс істеу тәжірибесі балалардың шынайы өмірде өздерін оқыту бағдарламасының мақсаты негізінде көрсетеді. «На путях к новой школе» 1929 жылы кеңес кезіңіндегі журнал американдық мұғалімдердің жобалау әдісті тәжірибеде қолданулары жайында жазылған.
Американдық мектептерде жобалау әдісі кең түрде түсінеді. Жобалау оқу іс-әрекетнің әдісі болып келеді. Ең негізгісі: балаларда қызығушылық пен әуестікті тудыру, себебі мектептік жұмыстардың түрлері тірі және өмірлік жағдайға шоғырлануы қажет.
Педагогикалық ортада «түрлі қоғамдық өмірдің өзара әрекетінің даму» (С.И. Гессен), «белсенділіктің таралуы» (В.Х. Клипатрик) жобалауға қатысушылар бақылауда болады. Жобалау іс-әрекетін педагогтар әлеуметтік білім беру аумағының ішіндегі демократиялық қарым-қатынас үшін қолданған.
Дж. Дьюидің танымал «Демократия и воспитание» (1916) жұмысынан кейін, қоршаған ортаның білім берудегі сипаттамасын айтады, жобалау мақсатты түрде білім берудегі әлеуметтік мазмұнның мәселе мен қоршаған өмір сұрақтарын іздеу негізінің тәсілі ретінде дамыды. Өмір, күнделікті динамикада болған уақытта, тұлға әлеуметтік тәжірибеге сәйкес келетін жаңа дағдыларды алуды талап етті. С.И. Гессен, «бүкіл мектептік өмірдің негізгі түрін тануға кіруде екі оңай қарым-қатынас, оймен алмасады, болжам мен шешім, адынғы тәжірибедегі сәттілікпен сәтсіздікке байланысты. Мектеп «кіші қоршаған ортаға» ауысу». (Гессен С.И. Педагогические сочнения.- Саранск. 2001.- с. 404).
Ресейде жобалау білім беру ойыны туылғанда, американдық педагогтардың жетілдіруімен қатар шықты. С.Т. Шацкий 1905 жылы басшылығымен шағын қызметкерлер тобы ұйымдастырылды, балалармен тәжірибелік жұмыс істеуде, түрлі жобалау түрлерін белсенді түрде қолданды. Бақылаушылық пен эксперименттік негізі және қажетті білім берудегі түрінен құралады.Практикалық (В.А. Герд) тәжірибелік-сынау, (А.П. Пинкевич) табиғи- ғылым, (Б.Е. Райков) зерттеушілік, тәжірибелік-көрсетуші әдіс, (К.П. Ягодовский) зертханалық әдіс сабағы, деген көптеген анықтаулы келеді.
1925 жылы Ресейде кітап аудармасы шыққан соң, В.Х. Клипатрик білім беру мен әлеуметтік-педагогикалық жобалау педагогикалық іс-әрекеттің арнайы қалпы ретінде ауқымды таралды.
1931 жылы ЦК ВКП(б)ның қауылысы бойынша, жобалау әдіске тоқтау қойылды, өйткені ол «оқушыларға білім берудегі жүйесінде нақты оқу курсында білуге мүмкіншілік бермеді», Ресейде бұндай әдіс жарты ғасыр өз бетінше қолданбады. Алайда шетел мектептерінде белсенді және табысты жетілді. АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, Италия, Бразилия, Нидерланд және тағы басқа көптеген елдерде гуманитарлық ойлардың білім берудегі Дж. Дьюи мен жобалау әдісі ХХ ғасырда үлкен танымалдылыққа ие болды.
Жобалау түсінігі кеңес уақытындағы педагогика ғылымына А.С. Макаренко қолданды, педагогикалық ойлаудың логикалық негізін жасаған. Тұлғаны тәрбиелеу мақсатының негізінде жобалау сонымен қатар тәрбиелеушінің мүмкінішілігімен нақты сәйкестілігі жайында айтылады. Г.П. Щедровицкий 1968 жылы «Педагогика и логика» атты еңбегінде, өз уақытында әлемді таңғалдырмай, 1994 жылы ғана түгелімен басып шығарды.
ХХ ғасырдың 70 жылдарында жобалау компоненті педагогикалық іс-әрекетінің жүйесі (Н.В. Кузьмина) болып ерекшеленді. Педаготың терминологиялық аппараты «педагогикалық жобалау», «мұғалімнің жобалау іс-әрекеті», «педагогикалық жоба» оысндай түсініктермен толтырылды. Бұндай жағдайда жобалау объектісі болып мазмұны, педагогикалық іс-әрекетінің әдісі мен қалпы болып идеалды құралы болып табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет