Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын


-дәріс Оқу жобасының құрылымы мен түрлері



бет94/263
Дата06.12.2023
өлшемі3.3 Mb.
#485646
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   263
Доп мат

10-дәріс Оқу жобасының құрылымы мен түрлері.


10. 1. Оқу жобаларының құрылымы мен түрлері
Жасөспірімдердің негізгі әрекеттері жобалаушылық тұрғысынан жасалады. Мектеп жағдайында жобалау әрекеттерін ұйымдастыру сол мектептің дәстүрімен, тарихымен, қалыптасқан үрдістерімен ерекшеленеді. Жобалаудың басты белгісінің өзі қалыптасқан жағдайды нақты сол кезең бойынша талдау арқылы оның күтілетін өзгерістерін анықтайды, жобаланады, жүзеге асырылады. Оқушылардың жобалау әрекеттерін жобалау теориясы айтылатын тәжірибелік мәдениеттің ең дамыған түріне толықтай жатады деп айтуға болмайды. Жобалау, жоғарыда айтылғандай қалыптасқан жағдайды қайта құруға бағытталады. Ол белгілі бір жүйені сапалық тұрғыдан өзгертуді қамтамасыз ететін әрекеттерден тұрады. Ал оқушылар жобалары қалыптасқан жағдайды өзгерту, немесе жүйенің сапасын жаңару міндеттерін көздемейді. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың жобалау әрекеттері мен оқудағы жобаларды жобалық-ойындық әрекеттер деп атауға да болар еді. Кейбір ғалымдардың «квазижобалар» деп атауды ұсынатындары да сондықтан.
Мектеп тәжірибесінде жобалау екі түрлі жоспарланады: білім беру жобалары немесе педагогикалық жобалар, оның субъектісі педагог немесе педагогикалық ұжым болады, екіншісі мектеп оқушылары жобасы, оның субъектісі - оқушылар. Аталған жобалардың бір-бірімен байланыстылығы сондай, кейде оларды ажырату да қиын.
Жалпы жобалау теориясында берілетін көрсеткіштердің дәл орындалуы оқушылар жобасының өз ерекшеліктеріне байланысты нақты болмауы мүмкін екенін ескерсек, онда мектептегі жобалардың ерекшеліктерін анықтап алу қажет.
Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы:
1. Жағдайды талдау,түпкі идея мақсатты анықтау

  • жағдайды талдау; (жобалау идеясын талдау, жаңа өнім алуға қажеттіліктің пайда болуы)

  • проблеманы нақтылау; (жобалау мақсатын құрастыру)

  • проблеманы шешудің болжамын жасау,проблемадан шығатын міндеттерді анықтау;

2. Жобаны орындау(жүзеге асыру);

  • жобаны орындаудың кезеңдерін жоспарлау;

  • міндеттерді орындау жолдарын талдау; проблеманы шешу жолын таңдау,

  • зерттеу жүргізу, зерттеу әдістерін таңдау (статистикалық, эксперименттік, бақылау т.б;)

- жобаны орындау;
3. Қорытынды өнімді даярлау:
- қорытынды нәтижелерді рәсімдеу жолдарын талдау (презентация,жобаны қорғау, шығармашылық есеп т.б)

  • алынған нәтижелерді жинақтау,жүйелеу,талдау,қорыту;

  • қорытынды жасау, нәтижені рәсімдеу, топ алдында қорғау,

  • презентациялау;

  • қорытынды түйіндеу,зерттеу жобаларының жаңа проблемаларын ұсыну.

Берілген негізгі кезеңдерден басқа жобаның қосымша сипаттамаларыда бар,оны оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыруды ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет