Жоғарғы белсенді заттарды пайдаланатын жұмыстарға әдістемелік ұсынымдар



Дата09.06.2016
өлшемі78.54 Kb.




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің

2010 жылғы «22» қазандағы

№ 33 бұйрығымен келісілген



Жоғарғы белсенді заттарды пайдаланатын жұмыстарға

әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ережелер
1. Әдістемелік ұсыным жұмыста ионогенді емес жоғарғы белсенді заттарды (бұдан әрі - ЖБЗ) пайдаланатын жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерге арналған.

2. Әдістемелік ұсынымдар ЖБЗ жекелеген түрлерімен немесе олар негізінде препараттармен жұмысқа технологиялық регламент құру үшін негіз болып табылады.



2. ЖБЗ қысқаша сипаттамасы
3. Мұнай өндірісі кәсіпорындарында ЖБЗ сұйық, паста түріндегі және ұнтақ түріндегі препарат ретінде ұсынылады.

4. Ионогенді емес жоғарғы белсенді заттар – оксиэтилирінді өнімдер (алкифенолдар, сұйық спирттер, майлы қышқылдар), этилен мен пропилен тотығының блок-сополимерлері жұмыс істеушілер ағзасына тітіркендіретін, сондай-ақ аллергиялық әсер етеді.

5. Ағзаға әсер ету деңгейі бойынша зиянды заттар қауіптіліктің 4 сыныбына бөлінеді:

1 – өте қауіпті заттар;

2 – жоғары қауіпті заттар;

3 – қарқынды қауіпті заттар;

4 – аз қауіпті заттар.

6. Зиянды заттардың қауіптілік сыныбын 1-кестеде көрсетілген нормалар мен көрсеткіштерге байланысты белгілейді.

7. Зиянды заттардың қауіптілік сыныбына жатуын қауіптіліктің анағұрлым жоғары сыныбына сәйкес көрсеткіші бойынша жүргізеді.

8. Жекелеген ЖБЗ барынша шекті шоғырлануы (бұдан әрі - БШШ) 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте


Көрсеткіштер атауы

Қауіптілік сыныбының нормасы

1

2

3

4

Жұмыс аумағы ауасында қауіпті заттардың барынша шекті шоғырлануы (БШШ), мг/м³

0,1 кем

01-1,0

1,1-10,0

10,0 артық

Ішке түскен кезде өлімге соқтыратын орташа мөлшер, мг/кг

15 кем

15-150

151-5000

5000 артық

Теріге тиген кезде өлімге соқтыратын орташа мөлшер, мг/м³

100 кем

100-500

501-2500

2500 артық

Ауадағы өлімге соқтыратын орташа мөлшер, мг/м³

500 кем

500-5000

5001-50000

50000 артық

Ингаляциялық улану мүмкіндігінің коэффициенті (кВио)

300 артық

300-30

29-3

3 кем

Өткір әрекет аумағы

6,0 кем

6,0-18,0

18,1-54,0

54,0 артық

Хроникалық әрекет аумағы

10,0 артық

10,0-5,0

4,9-2,5

2,5 кем

9. Барынша шекті шоғырлануы бекітілмеген жоғарғы белсенді заттарды пайдалануға рұқсат берілмейді.

10. Суға қосылатын жоғарғы белсенді заттарды пласты жүйенің физика-химиялық қасиетіне көп жақты әсер етеді. Олар шамалы шоғырлану кезінде мұнай мен қатыт бет шекарасында судың беттік тартылуын біршама төмендетеді.

1-суретте ионогенді емес жоғарғы белсенді заттардың су ерітіндісін керосинмен шекарасында беттік тартудың изотермалары келтірілген. Шығынды азайту үшін жоғары беттік белсенділікке ие ерітіндінің бастапқы шоғырлануын азайтуға мүмкіндік беретін беттік белсенді заттар пайдаланылады. Суреттен көрініп тұрғандай барынша көп беттік белсендікке ОП-10 ( = δ/С, мұнда δ – беттік тартылу, С – ЖБЗ шоғырлануы) ие.

1-сурет. Ионогенді емес жоғарғы белсенді заттардың су ерітіндісін керосинмен шекарасында беттік тартудың изотермалары

(мдм² = 1 мН/м)




1 – КСЭ55; 2 – этамид НТ-60;

3 – С10Э9; 4 – КАУФЭ14;

5 – УФЭ8; 6 – ОП-10.

3. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
11. ЖБЗ саны, шоғырлануы және пайдалану ұзақтығы технологиялық регламентпен белгіленеді.

12. ЖБЗ-мен жұмыс кезінде нақты қолданылатын препарат түрін есепке алумен арнайы киім, аяқ киім және сақтандырғыш жабдықтары (қорап маркасы А, БКФ, КД противогаз және сол секілділер, қорғаныс көзілдіріктері, резеңке алжапқыштар, қолғаптар, резеңке етіктер және басқалар) қорғаныс пасталары мен «Айра» типті мазьдар, «биологиялық қолғаптар», пленка қабатын жасайтын және сол секілділер қолданылады.

13. Жұмыскерлер ЖБЗ жұмыс кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарының құрылғысын және оларды пайдалануды білуі керек.

4. Қауіпсіздіктің арнайы шаралары
14. Жоғарғы белсенді заттар тек тура тағайындалуында пайдаланылады. ЖБЗ немесе олар негізіндегі препараттарды қол мен бет жуу үшін пайдалануға рұқсат берілмейді.

15. ЖБЗ пайдаланылатын жұмыс орындарында тамақ сақтауға, дайындауға және қабылдауға рұқсат берілмейді.

16. Жоғарғы белсенді заттардың мүмкін төгілуін жайылтпау мақсатында жұмыс кезінде айдау ұңғымалары мен ЖБЗ сақтау орындарын үйіп тастауды жүргізу керек. Оларды үю сапасы, ұңғыма маңы топырағында ЖБЗ болуы үнемі тексеріледі.

17. ЖБЗ төгілуінің алдын алу үшін өндірістің жабық циклі және технологиялық желінің герметикалығы, технологиялық процессті автоматты және қашықтан басқару жүйесі қамтамасыз етіледі.

18. ЖБЗ ерітіндісімен жұмыс істейтін сорғылар авариялық тоқтатудың автоматты жүйесімен (қысымды құбыр өткізгіш жарылуы кезінде, қысымның жұмыстықтан және басқа жылдам көтерілуінде немесе түсуінде) жарақталған.

19. ЖБЗ көрінеу төгілуі кезінде, бір ыдыстан басқасына құю немесе авариялық жағдай кезінде, сынама алу, монтаждау немесе қайта монтаждау, осындай заттар үшін пайдаланылатын жабдықты жөндеу, тазалау жұмыстарын жүргізуде сәйкес маркалы противогаз пайдаланумен жүргізу керек.

20. ЖБЗ төгілген ерітінділері кейін жобамен белгіленген орыннан жойылуымен құммен жабылады. Шламдағы жоғары белсенді заттар сәйкес сүзгімен жарақталған құрылғыларда жағылады.

21. Жоғарғы белсенді заттары бар мұнаймен қоса алынатын ағын сулар мұнай пластына міндетті кері айдалуға жатады.

22. ЖБЗ биологиялық тазалау станцияларына баратын кәріз жүйесіне алдын ала (желілі) тазалаусыз (алюминат кальций, магний тотығы, көбікті флотация және басқалар көмегімен физика-химиялық әдіспен) төгуге рұқсат берілмейді.

23. ЖБЗ цистернадан құю сорғы көмегімен жүргізіледі, құю, төгу, ерітінді дайындау ашық алаңда немесе жақсы желдетілетін үй-жайда жүргізіледі. Соңғы жағдайда үй-жайдың ішкі көлемі бойынша ауа алмасу ұзақтығы сағатына 5 кем емес.

Желдету жүйесінің жұмысының тиімділігін бақылауды зертхана мамандары тоқсанына бір рет жүргізеді.

24. ЖБЗ ыдысын қайтару немесе жою туралы сұрақ жергілікті Мемлекеттік санитарлық қадағалау органымен келісіледі.

25. ЖБЗ ерітінділерін жылыту ыстық сумен немесе бумен жүргізіледі. Соңғы тәсілде жоғары белсенді заттардың физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруін болдырмау үшін жылытылатын препаратпен өткір будың тікелей қатынасына жол берілмейді.

26. ЖБЗ температуралық тәртібі нақты ЖБЗ қасиеті мен белсенділігіне оларды пайдаланудың технологиялық ерекшелігіне байланысты белгіленеді.

27. ЖБЗ-мен жұмыс кезінде қондырғылар мен технологиялық желінің техникалық жағдайына кезеңді бақылау жүргізіледі.

28. ЖБЗ қолданылатын объектілерде олардың түсуі мен шығыны туралы есеп жүргізіледі.



5. Өрт және жарылыс қауіпсіздік
29. Жоғарғы белсенді заттар пайдаланылатын өндірістік объектілер жобалық құжаттамаға сәйкес өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген.

30. Барлық жарылыс және өрт қауіпті үй-жайларда желдеткіш тәулік бойы жұмыс істейді. Авариялық желдеткіш қуаттылығы тұрақты әрекеттегі жалпы алмасумен бірге сағатына ауаның 8 еселік алмасуын қамтамасыз етеді.

31. Жоғарғы белсенді заттармен жұмыс кезінде пайдаланылатын электр жабдық жарылыстан қорғалған.

32. ЖБЗ-мен жұмыс үшін пайдаланылатын автокөлік ұшқын сөндіргішпен жабдықталған.

33. ЖБЗ желдеткішпен жабдықталған үй-жайда жылыту аспаптарынан алыс немесе ілмек астында қоршалған алаңда сақталады.

34. Сақтау орны жұмыс алаңдары мен жұмыскерлер үй-жайларынан 50 м жақын емес қашықтықта орналасады және 12.4.026-76 «Дыбыс түстері мен қауіпсіздік белгілері» МЕМСТ сәйкес ескерту, тоқтату, алдын алу және көрсеткіш белгілері болады.

35. Ыдыстар қақпақтарында ұшқын пайда болуды болдырмайтын төсемдер орнатылады. Жоғарғы белсенді заттары бар ыдыстар пайдалану алдында ұшқын қауіпсіз құралмен ашылады.

36. ЖБЗ пайдаланылатын объектілер мен телімдерде ашық отты пайдалануға рұқсат берілмейді.

37. ЖБЗ пайдаланумен жүргізілетін жұмыстарда авариялық жағдайда (құбыр өткізгіштің жарылуы, онда қысымның жылдам өзгеруі және басқалар) жұмысты тоқтату және зардап шеккендерге алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету бойынша шаралар қабылдау керек.

38. Өрт және жарылыс қауіптілікке қойылатын нақты талаптар технологиялық регламентпен белгіленеді.

39. Өндірістік объектілер мен процесстердің өрт және жарылыс қауіптілігі жұмыс жағдайында да, сол секілді авариялық тоқтау туындаған кезде де қамтамасыз етіледі. Адамдардың қауіпсіздігі кез келген жерде өрт пен жарылыс туындаған кезде қамтамасыз етіледі. Объект хабарлау және дабылдама құралдарымен қамтамасыз етіледі.

6. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек
40. ЖБЗ немесе олар негізіндегі препараттармен улану белгілері болып бас ауруы, жүрек айну, құсу, бас айналу, құлақта шу, жалпы әлсіздік және басқалар табылады.

41. Уланудың алғашқы белгілері пайда болғанда зардап шегушіге таза ауаның жетімді болуы, қажеттілігіне қарай жасанды дем алдыру және жүрекке уқалау жасалады.

42. Уланудың барлық түрінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетумен бір уақытта жедел медициналық көмек шақыру қажет.

43. ЖБЗ көзге түскен жағдайда оны бірден көздің ашуы басылғанға дейін сумен жуу керек. ЖБЗ теріге тиген кезде бұл жер судың көп мөлшерімен жуылады.

44. Жоғарғы белсенді заттармен химиялық күю кезінде зақымдалған жер кез келген минералды немесе жануар майымен майланады немесе талькпен, крахмалмен опаланады.

45. ЖБЗ ішке түскен жағдайда зардап шегушіге су ішкізіп, оны құстыру керек.



46. ЖБЗ әсерінен асқынған жағымсыз немесе ауру жағдай ұзақ уақыт сақталған кезде дәрігерге көріну қажет.

_____________________
Каталог: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Бағдарламасын пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсыныстар Кіріспе
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»
0802 -> Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
0802 -> Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> 1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар
0802 -> Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша нұсқаулар
0802 -> Сорғылық-компрессорлық құбырларды және құбыр өткізгіштерді парафин қабаттарынан тазалау бойынша әдістемелік ұсынымдар
0802 -> Бұрғылау сорғылар мен олардың орауларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет