-
іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің апоневрозы
-
іштің ішкі қиғаш бұлшық етінің апоневрозы
-
іштің көлденең бұлшық етінің апоневрозы
-
іштің алты жалпақ бұлшық еттерінің апоневроз шоғыры +
-
құрсақ іші шандыры
29. Шап жарықтары жиі кімде кездеседі?
-
ер адамдарда +
-
әйел адамдарда
-
жынысына тәуелсіз балаларда
-
жынысына тәуелсіз қарттарда
-
заңдылық жоқ
30. Сан өзегінің қанша элементі бар?
-
2 тесігі және 2 қабырғасы
-
2 тесігі және 3 қабырғасы +
-
2 тесігі және 4 қабырғасы
-
3 тесігі және 2 қабырғасы
-
3 тесігі және 3 қабырғасы
31. Ішперді сырты кеңістікте қандай шелді кеңістік қабаттары бар?
-
бүйрек алдындағы
-
бұлшық аралықта
-
шандыраралық
-
massa adiposa lumboglutealis
-
тоқ ішек маңында +
32. Бүйрек маңы шелді кеңістігі несепағар маңындағы шелмен тікелей байланысады ма?
-
иә, барлық жағдайда тікелей байланысады +
-
жоқ, байланыспайды
-
өте жиі байланыста болады
-
өте сирек байланысады
-
бүйрек алды шандыры ыдырағанда ғана байланысады
33. Құрсақ қолқасының бұтақтары қандай топтарға бөлінеді?
-
латеральды және медиальды
-
жоғарғы және төменгі
-
алдыңғы және артқы
-
біріншілік және екіншілік
-
қабырғалық және висцеральдық +
34. Құрсақ қуысының жоғарғы және төменгі қабаттарының арасындағы шекара болып не табылады?
-
қабырға доғаларының төменгі шетін қосатын горизонталь жазықтық
-
кіндік арқылы өтетін горизонталь жазықтық
-
кіші шарбы
-
үлкен шарбы
-
көленең тоқ ішек пен оның шажырқайы +
35. Соқыр ішек ішпердемен көп жағдайда қалай қапталады?
-
соқыр ішек ішпердемен қапталмайды
-
ішпердемен бір жағынан қапталады
-
ішпердемен үш жағынан қапталады
-
ішпердемен екі жағынан қапталады
-
ішпердемен барлық жағынан түгел қапталады +
36. Көлденең тоқ ішек ішпердемен қалай қапталады?
-
көлденең тоқ ішек ішпердемен қапталмайды
-
ішпердемен бір жағынан қапталады
-
ішпердемен үш жағынан қапталады
-
ішпердемен екі жағынан қапталады
-
ішпердемен барлық жағынан түгел қапталады +
37. Жоғары өрлейтін тоқ ішек ішпердемен қалай қапталады?
-
ішпердемен қапталмайды
-
ішпердемен бір жағынан қапталады
-
ішпердемен екі жағынан қапталады
-
ішпердемен үш жағынан қапталады +
-
ішпердемен барлық жағынан түгел қапталады
38. Қандай белгі көлденең тоқ ішекті тоқ ішектің басқа бөлімдерінен ажыратуға мүмкіндік береді?
-
май салпыншақтарының көп болуы
-
үлкен шарбының болуы +
-
бағытының көлденең болуы
-
ішпердемен интраперитонеальды қапталуы
-
бұлшық ет таспаларының болуы
39. Жуан ішекті жіңішке ішектен қандай абсолютті белгілер бойынша ажыратуға болады?
-
май салпыншақтарының болуы +
-
ішпердеге қатысы бойынша
-
тоқ ішектің қабырғасының ішектің қалың болуы
-
түрі бойынша
-
тоқ ішектің орналасуы бойынша
40. Құрсақ қуысының қан ағу қөзін анықтау үшін мүшелердің ревизиясын жүргізу әрекетін қай ретпен жасаған дұрыс?
-
тексеруді жоғарыдан төмен бағытта жүргізеді
-
оң жақ бүйір өзек, сол жақ бүйір өзек, сол жақ шажырқай қойнау, оң жақ шажырқай қойнау ретімен тексеріледі +
-
тексеру қан ең көп жиналған жерден басталады
-
қан ағу көзін табу үшін төмен қарай бағытта құрсақ қолқасын қысады
-
тексеру оңнан солға қарай жүреді
41. Ортаңғы лапаротомия кезінде кіндікті қай жағынан айналып кескен дұрыс?
-
оң жағынан
-
сол жағынан +
-
қай жағына болса да айырмасы жоқ
-
жоғарғы жағынан
-
төменгі жағынан
42. Асқазанның алдыңғы қабырғасындағы ойық жарасының перфорациясы кезінде асқазанның ішіндегі заты құрсақ қуысының төменгі қабатына тарауы мүмкін бе?
-
иә, бұл асқазанның алдыңғы қабырғасындағы ойық жараның перфорациясы кезінде асқазан ішіндегі затының таралуының ең жиі кездесетін бағыты +
-
асқазан алды саңылауы тұйық, сондықтан асқазан ішіндегі затының бұл жолмен таралуы мүмкін емес
-
бұл бағытта таралуы тек қана үлкен шарбының пішінді шағын үшбұрыш болғанда ғана мүмкін
-
асқазанның алдыңғы қабырғасындағы ойық жараның перфорациясы кезінде асқазан ішіндегі заты әдетте оң жақ бауыр қойнауына таралады
-
асқазан алды саңылау тек қана сол жақ бауыр қойнауымен байланысады
43. Жіңішке ішектің шажырқай түбірінің бағыты қалай орналасқан?
-
солдан оңға қарай көлденең
-
қиғаш, жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай +
-
ұзына бойы
-
қиғаш, жоғарыдан төмен, оңнан солға қарай
-
жіңішке ішектің шажырқай түбірінің айқын бағыты жоқ
44. Аш ішек пен мықын ішек ішпердемен қалай қапталған?
-
екеуі де экстраперитонеальды
-
екеуі де мезоперитонеальды
-
екеуі де интраперитонеальды +
-
аш ішек – интраперитонеальды, мықын ішек – мезоперитонеальды
-
мықын ішек– интраперитонеальды, аш ішек– мезоперитонеальды
45. Жуан ішекті жіңішке ішектен қай белгілер бойынша ажыратуға болады?
-
түрі бойынша
-
бұлшық ет таспалары бойынша +
-
орналасуы бойынша
-
түсі бойынша
-
диаметрінің мөлшері бойынша
46. Жоғары өрлейтін тоқ ішек ішпердемен жиі қалай қапталады?
-
мезоперитонеальды +
-
интраперитонеальды
-
экстраперитонеальды
-
ішпердеге қатысы анық емес
-
жоғары өрлейтін тоқ ішек ішпердемен қапталмаған
47. Қандай белгі көлденең тоқ ішекті тоқ ішектің басқа бөлімдерінен ажыратуға мүмкіндік береді?
-
сұрғылт-көкшіл түсті болуы
-
май салпыншақтардың болуы
-
«үрленген» жерінің болуы тән (гаустрлар)
-
интраперитонеальды болуы
-
ілініп тұрған үлкен шарбының болуы +
48. Тоқ ішекті қанмен қамтамасыздауға қай артериялар қатысады?
-
төменгі шажырқай артериясының бұтақтары
-
жоғарғы шажырқай артериясының бұтақтары
-
құрсақ діңінің бұтақтары (көк бауыр артериясы)
-
жоғарғы және төменгі шажырқай артерияларының бұтақтары +
-
құрсақтық дің мен жоғарғы шажырқай артерияларының бұтақтары
49. Құрсақтың қуыс мүшелері қабырғасының қай қабатының механикалық төзімділігі мықты?
-
серозды қабаты
-
бұлшық ет қабаты
-
кілегей асты қабаты +
-
кілегей қабаты
-
субсерозды қабаты
50. Құрсақтың қуыс мүшелері қабырғасының қай қабатында артериялық және веналық өрім ең айқын дамыған?
-
серозды қабатында
-
бұлшық ет қабатында
-
кілегей асты қабатында +
-
кілегей қабатында
-
субсерозды қабатта
51. Қай автор сероздық қабатты тігіс салу арқылы қосуды ұсынды?
-
Черни
-
Ламбер +
-
Пирогов
-
Шмиден
-
Кирпатовский
52. Гастростомия дегеніміз не?
-
асқазан қуысына зонд салу
-
асқазанға жасанды жыланкөз салу +
-
асқазан-ішек анастомозын құрастыру
-
бөгде затты алып тастау үшін асқазан қабырғасын кесу және қайта тігу
-
асқазанның бір бөлігін алып тастау
53. Жіңішке ішекке салған анастомоздың қай типі физиологиялық болып табылады?
-
«ұшы бүйіріне»
-
«бүйірі ұшына»
-
«бүйірі бүйіріне»
-
«ұшы ұшына +
-
анастомоздардың барлық типі бірдей
54. Аппендэктомия кезінде Мак-Бурней бойынша жету жолын есептеу үшін сызықты алдын ала қалай жүргізеді?
-
қабырға доғаларының төменгі жиегін қосатын сызық
-
алдыңғы жоғарғы мықын қырларын қосатын сызық
-
кіндік пен шап байламының ортасын қосатын сызық
-
кіндік пен алдыңғы жоғарғы мықын қырларын қосатын сызық +
-
шап байламынан 3-4 см жоғары жерден жүретін сызық
55. Не себепті Мак-Бурней-Волкович бойынша жету жолын ауыспалы деп атайды?
-
тіндерді өткір және тұйық әдіспен ажыратқандықтан
-
теріні кескен тілім мен бұлшық етті кескен тілім бағыттарының сәйкес келмеуі
-
тері тілімі мен ішперде тілімінің бағыттары сәйкес келмеуі
-
бұлшық ет қабаттарын қабат-қабатымен талшықтарының бағытына сәйкес тұйық ажыратқандықтан +
-
тілім бағытының қиғаш болуы
56. Соқыр ішектің қандай айырмашылық белгілерін сіз білесіз?
-
шажырқайы жоқ +
-
май салпыншақтары жоқ
3. бұлшық ет таспаларының бар
4.май салпыншақтары бар
5.бұлшық ет таспалары жоқ
57. Аппнедэктомия кезінде құрт тәрізді өсіндінің мобилизациясы жасалады ма?
-
жасалмайды
-
шажырқайды лигатуралық ине немесе қан тоқтатқыш қысқыш көмегімен байлау арқылы шажырқайды кесіп ажыратады +
-
бір лигатура көмегімен өсіндіні шажырқаймен бірге байлайды
-
өсіндіні шажырқайдан тұйық жолмен ажыратады
-
тек қана құрт тәрізді өсіндіні байлаған кезде жасалады
58. Жуан ішекке тігістің қай түрін салған тиімді?
-
бір қатарлы тігіс
-
екі қатарлы тігіс
-
үш қатарлы тігіс +
-
кисет тігісі
-
тігіс қатарының саны патологиялық процесстің сипатына байланысты
59. Адам денесінің бір бөлігі ретінде жамбас қуысы қай сүйектерімен шектелген?
-
жамбас сүйектерімен +
-
төменгі қабырғалармен
-
сан сүйегімен
-
сан сүйектермен
-
бел омыртқалармен
60. Үлкен және кіші жамбасты бір-бірінен қай жазықтық бөліп тұрады?
-
шекаралық сызық арқылы өтетін жазықтық +
-
шат симфизінің төменгі жиегі арқылы өтетін жазықтық
-
отырғыш бұдырлары арқылы өтетін жазықтық
-
мықын қанаты арқылы өтетін жазықтық
-
жапқыш тесіктер арқылы өтетін жазықтық
61. Жамбас диафрагмасын қай бұлшық еттер құрайды?
-
m.levator ani +
-
m.transversus profundus
-
m.obturatorius internus
-
m. coccygeus
-
m. sphincter ani externus
62. Жамбас диафрагмасының бұлшық еттері қандай қызмет атқарады?
-
несепағрларды бекітіп ұстап тұрады
-
құрсақ ішіндегі қысымды ұстап тұрады
-
қанның жамбас веналары арқылы ағуына жағдай жасайды
-
құрсақ қуысы мен жамбас мүшелерінің орналасуын бекітіп ұстап тұрады +
5. тік ішектің шат аралық иілу бұрышының мөлшерін сақтап тұрады
63. Жапқыш артерияның canalis obturatorius ішінде зақымдалған кезінде қанның көп кету мүмкіндігін қай негізгі фактор анықтайды?
-
жапқыш артерияның ірі клибрі
-
артерияның сыртқы қабырғасымен шандырлы қынаптың тығыз бітісуі +
-
артерияның қасында дамыған анастомоздар торы
-
артерияның иірімделген сипаты
-
айтылғанның барлығы себепті
64. Жамбас қуысында жапқыш өзектің кіре беріс деңгейінде жапқыш нервті ненің қысып қалуы мүмкін?
-
ұрықтың (нәрестенің) басы
-
жатыр мойнының ісігі
-
сигма ішегінің ісігі
-
қабынған және ұлғайған құрт тәрізді өсінді
-
айтылған барлық себептер жапқыш нервтің қысылуына алып келуі мүмкін +
65. Жоғарғы бөксе артериясына тән қандай ерекшеліктер бар?
-
үлкен диаметрінің болуы
-
жамбастан тыс бөлігінің ұзын болуы
-
жамбастан тыс бөлімінің қысқа болуы
-
алмұртүстілік тесіктен шығуы+
-
артерия қабырғасының айқын жиырылғыш қасиетінің болуы
66. Жоғарғы бөксе артериясының зақымдануы немен қауіпті?
-
бөксе аймағының ишемиясымен
-
артерияның қатты қан кету мүмкіндігімен +
-
дамыған гематоманың шонданай нервін қысып қалуымен
-
жыныс нервінің компрессиясымен
-
жалған аневризма түзілу мүмкіндігімен
67. Сол жақ несепағар жамбас қуысына өткен жерінде қай артериямен қиылысып өтеді?
-
сыртқы мықын артериясын
-
ішкі мықын артериясын +
-
жалпы мықын артериясын
-
құйымшақ артериясын
-
аталық без артериясын
68. Оң жақ несепағар жамбас қуысына өткен жерінде қай артериямен қиылысып өтеді?
-
ішкі мықын артериясын
-
жалпы мықын артериясын
-
сыртқы мықын артериясын +
-
құйымшақ артериясын
-
аталық без артериясын
69. Бөксе аймағында қанша бұлшық ет қабатын ажыратуға болады?
-
бір
-
екі
-
үш +
-
төрт
-
бес
70. Қай бұлшық ет үлкен шонданай тесігін екі бөлімге бөледі?
-
ішкі жапқыш бұлшық ет
-
алмұрт тәрізді бұлшық ет +
-
егіз бұлшық ет
-
сыртқы жапқыш бұлшық ет
-
санның шаршы бұлшық еті
71. Пудендальды өзек (Алькок өзегі) қай шандырдың жапырақшаларға бөлінуінен түзілген?
-
m.obturatorius externus
-
m.obturatorius internus +
-
m.iliopsoas
-
m.sartorius
-
m.gracilis
72. Алмұрт асты тесікте қай түзіліс медиальды орналасқан?
-
шонданай нерві
-
төменгі бөксе артериясы
-
санның артқы терілік нерві
-
жыныс нерві +
-
төменгі бөксе нерві
73. Алмұрт асты тесікте қай түзіліс латеральды орналасқан?
-
төменгі бөксе артериясы
-
шонданай нерві +
-
жыныс нерві
-
санның артқы терілік нерві
-
төменгі бөксе нерві
74. Жыныс нерві алмұрт асты тесіктен шыққаннан кейін қайда бағытталады?
-
кіші шонданай тесігі арқылы шонданай-тік ішек ойысына +
-
жапқыш өзекке
-
сан өзегіне
-
шап өзегіне
-
бөксе аймағының тері асты шелінде тармақталады
75. Алмұрт асты тесіктен шыққаннан кейін шонданай нервтің проекциясын қай нүктеде анықтауға болады?
-
шонданай бұдырының медиальды жиегіндегі нүктеде
-
шонданай бұдыры мен үлкен ұршықтың арасындағы қашықтықтың медиальды және ортаңғы үштен бір шекарасында
-
шонданай бұдыры мен үлкен ұршықтың арасындағы қашықтықтың ортасында +
-
шонданай бұдыры мен үлкен ұршықтың арасындағы қашықтықтың сыртқы және медиальды ортаңғы үштен бір шекарасында
-
үлкен ұршықтан 4 см сыртқа қарай
76. Ішкі мықын артериясының проекциялық сызығын анықтайтын сызық қай нүктелерді қосады?
-
кіндік пен мықын сүйектің алдыңғы жоғарғы қылқанын +
-
кіндік пен алдыңғы жоғарғы мықын қырын
-
кіндік пен шат бұдырын
-
кіндік пен шап байламының ортасын
-
кіндік пен шонданай бұдырын
77. Ішкі мықын артериясын ішпердеден тыс жалаңаштау үшін қай жерден кесеміз?
-
тек мықын тамырларының проекциялық сызығы бойымен
-
шап байламына параллель және одан жоғары: тілімнің ортасы артерияның проекциялық сызығын кесіп өтетіндей болу керек +
-
кіндіктен шат симфизіне дейін
-
ортаңғы сызық бойымен кіндіктен шат симфизіне дейін
-
алдыңғы жоғарғы мықын қырынан жоғары және артқа қарай XII қабырғаның бос ұшына дейін
78. Школъников— Селиванов—Цодыкс бойынша анестезия жасау үшін ине шаншатын орын қай жерде орналасады?
-
шап байламының ортасында
-
үлкен ұршықтан 1 см ішке қарай
-
алдыңғы жоғарғы мықын қырыннан 1 см ішке қарай +
-
алдыңғы жоғарғы мықын қырыннан 1 см сыртқа қарай
-
шап байламының сыртқы және ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасында
79. Школъников — Селиванов—Цодыкс бойынша жамбас ішілік анестезияны жиі қай жағдайда қолданады?
-
бала босану қиындаған кезде
-
жүктілік токсикозы кезінде
-
жатыр ішіндегі жүктілік кезінде
-
жамбас сүйектерінің сынықтары кезінде +
-
жатырдан тыс жүктілік кезінде
80. Жамбастың қай веналарында тромбоздар мен тромбофлебиттер жиі кездеседі?
-
алдыңғы сегізкөз веналарында
-
жамбастың оң жақтағы париетальды веналарында
-
жамбастың сол жақтағы париетальды веналарында
-
жамбас мүшелерінің веналық өрімінде +
-
жамбастың оң жақ және сол жақ қабырғалық веналарында
81. Мықын сүйек қанатының алдыңғы үштен бір бөлігі сынған кезде сынықтар қай бағытқа жылжижы?
-
сыртқа +
-
ішке
-
жоғарыға
-
төменге
-
төменге және медиальды
82. Жатырдың жалпақ байламы қай жазықтықпен бағыттас?
-
горизонтальды жазықтықпен
-
сагиттальды жазықтықпен
-
фронтальды жазықтықпен +
-
бағдары белгізіс
-
жатырдың жалпақ байламы екі жағында да алдынан артына қараы бағытталып, 45° бұрыш жасап сыртқа қарай иілген
83. Ішкі мықын артериясын байлау үшін Купердің лигатуралық инесін қай жақтан салған дұрыс?
-
лигатураны салу жағының маңызы жоқ
-
медиальды жақтан (ішкі мықын венасы жақтан) +
-
латеральды жақтан
-
артерияны венамен бірге алады
-
байлауға болмайды
84. Жамбастың шелді кеңістігі қандай бөлімдерге бөлінеді?
-
беткей және терең
-
қабырғалық және висцеральдық +
-
алдыңғы және артқы
-
алдыңғы және висцеральды
-
латеральды және медиальды
85. Қуықтың қабырғасына тігіс салған кезде кілегей қабатын тігіске алуға болады ма?
-
иә, міндетті түрде
-
ешқандай жағдайда тігіске алуға болмайды +
-
қуық қабырғасындағы дефектінің мөлшеріне байланысты болса ғана тігіске алуға болады
-
қуықтың ұшында орналасқан дефектіні жою кезінде ғана кілегей қабат тігіске алынбайды
-
тіндерде сіңетін жіптер қолданған кезде тігіске алуға болады
86. Несепағар кіші жамбасқа өткен жерінде шекаралық сызықтың қай бөлігін қиып өтеді?
-
ортаңғы және артқы үштен бір бөлігінің шекарасында +
-
сызықтың ортасында
-
алдығы және ортаңғы үштен бір шекарасында
-
несепағардың қиылысу сызығы өте ауыспалы
-
шекаралық сызықтың алдыңғы үштен бірі мен артқы үштен екісінің шекарасында
87. Ішкі мықын венасы қай деңгейде қалыптасады?
-
жапқыш өзекке кіре беріс жерде
-
үлкен шонданай тесігінің жоғарғы жиегінде +
-
үлкен шонданай тесігінің төменгі жиегінде
-
сегізкөз-мықын буыны деңгейінде
-
кіші шонданай тесігінің жоғарғы деңгейінде
88. Несепағар жатырдың жалпақ байламының қай деңгейінде өтеді?
-
байламның жоғарғы бөлігінде
-
жалпақ байламның орта тұсынан
-
жалпақ байламның жоғарғы және ортаңғы үштен бірінің тұсынан
-
байламның төменгі және ортаңғы үштен бірінің тұсынан
-
жатырдың жалпақ байламының негізінде +
89. Жатырдың жұмыр байламы қандай өзек арқылы өтеді?
-
жапқыш өзек арқылы
-
сан өзегі арқылы
-
шап өзегі арқылы +
-
пудендальды өзек арқылы (Алькок өзегі)
-
әкелгіш өзек арқылы
90. Шонданай-тік ішек ойысының қабырғаларын қай элементтер құрайды?
-
артқы тесікті көтеретін бұлшық ет +
-
шат сүйегі
-
мықын сүйек
-
шат аралықтың беткей шандыры
-
аралықтың меншікті шандыры
91. Жамбас қабырғасы мен мүшелерін қанмен қамтамасыздау көзі қандай топтарға бөлінеді?
-
негізгі және қосымша +
-
біріншілік және екіншілік
-
беткей және терең
-
тұрақты және тұрақсыз
-
магистральды және шашыранды
92. Ішкі мықын артериясы қандай негізгі діңдерге бөлінеді?
-
беткей және терең
-
алдыңғы және артқы +
-
латеральды және медиальды
-
сыртқы және ішкі
-
оң жақ және сол жақ
93. Дуглас кеңістігіне қынаптың артқы күмбезі арқылы пункция жасау кезінде инені қай жерден өткізу керек?
-
Қынап пен тік ішектің арасынан+
-
қатаң түрде горизонтальды бағытта
-
төменнен жоғары бағытта
-
жоғарыдан төмен бағытта
-
сагиттальды жазықтықтан сыртқа қарай 15-30° бұрыш жасап
94. Қай тармақтарды ішкі мықын артериясының негізгі висцеральды тармақтарына жатқызуға болады?
-
Сигмалық артерия
-
жатыр артериялары +
-
шат артериясы
-
ішкі жыныс артериялары
-
жапқыш артериялар
95. Қай тамырларды ішкі мықын артериясының париеталъды тармақтарына жатқызуға болады?
-
мықын артериясы
-
сегізкөз артериясы
-
жоғарғы бөксе артериясы +
-
отырғыш артериясы
-
жатыр артериялары
96. Қай деңгейде ішкі мықын артериясы алдыңғы және артқы діңдерге бөлінеді?
-
сегізкөз-мықын буынының орта тұсында
-
сегізкөз-мықын буынының жоғарғы және ортаңғы үштен бір шекара тұсында +
-
сегізкөз-мықын буынының ортаңғы және төменгі үштен бір шекара тұсында
-
алмұрт тесігінің деңгейінде
-
шекаралық сызық деңгейінде
97. Жамбастың веналары қандай топтарға бөлінеді?
Достарыңызбен бөлісу: |