Жоғарғы оқу орнындағы академиялық ұтқырлық және студенттік орын алмасу жағдайы мен мәселелері



Дата16.06.2016
өлшемі50.5 Kb.
#140052
Жоғарғы оқу орнындағы академиялық ұтқырлық және студенттік орын алмасу жағдайы мен мәселелері

Еліміздегі экономиканың дамуы білім жүйесіне өзгерістер енгізуді талап ететіндігі баршамызға белгілі. Ал білікті мамандар білім жүйесіне қойылып отырған талаптарға сәйкес болуын қалайды. Бұл әлемдік маңызы зор мәселе. Болон үрдісі бойынша Америка, Еуропа университеттері үш сатылы деңгейде мамандар дайындап жатқаны белгілі. Сондықтан ортақ мәмілеге келу керек.

Болон декларациясына қосылу мәртебесіне ие болған және еуропалық білім кеңістігіне толық енген бірінші Орталық-Азиялық мемлекет болып Қазақстан Республикасы табылады.

Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы Қазақстан ЖОО-дары мен студенттеріне жаңа межедегі мүмкіндіктер береді:

1) еуропалық стандарттарға сәйкестендірілген отандық білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын енгізуге;

2) отандық квалификациялық және академиялық дәрежені тануға;

3) оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан ЖОО-лары студенттеріне шетел университеттерінде кредиттерді қайта тапсыруға және керісінше;

5) бірлескен білім беру бағдарламаларын таратуға;

6) жоғары білім жөніндегі қазақстандық дипломдардың еуропалық аймақтарда жарамдылығын қамтамасыз етуге жағдай жасауға және кез-келген елде түлектердің жұмысқа орналасуына.

Әлемдік білім беру кеңістігінде жүзеге асырылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – Қазақстан жоғары білімінің халықаралық стандарттармен сәйкестілігін қамтамасыз ету.

Бұл тарихи қадам жоғары білімнің сапалылығын және жоғары оқу орындары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Болон декларациясы студенттердің басқа оқу орындарына ауысуына және сәйкесті қызметтер алуына ерекше көңіл бөле отырып, бұл ауысудың еркіндігін тиімді жүзеге асыруда кедергілерді ескеру арқылы ұтқырлығына жағдай жасау мақсатын жариялайды. Болон процесінің міндеттері: жұмысқа тұру мүмкін­дігімен азаматтардың ұтқырлығын дамыту бағытының негізгі кілті ретінде жоғары білімнің еуропалық аймағын құру; Еуропаның интеллектуальды, мәдениетті, әлеуметтік және ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыру мен нығайту; дүние жүзінде жоғары мектептің беделін көтеру; басқа білім жүйелерімен еуропалық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; жоғары білімнің ұлттық жүйелерінің үлкен үйлесімділігі мен салыстырмалылығына қол жеткізу; білім сапасын арттыру; мәдени құндылықтарды дамытуда өздерін жаңа гуманистік сана түсінікті қолдаушы, таратушы ретінде санайтын университеттердің орталық рөлін көтеру.

Болон Декларациясының негізгі ұстанымдарының бірі - оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы.



Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың орын ауыстыруы немесе оқытушылар-зерттеуші білім алу үшін немесе зерттеуді өткізу академиялық кезеңде анықталған: семестр, немесе оқу жылында басқа жоғары оқу орынында (шет ел және мемлекет ішінде) міндетті қайта сынақпен меңгерілген білім беру бағдарламаларымен кредит түрінде өз ЖОО-да немесе басқа ЖОО-да оқуын жалғастыру;

Академиялық ұтқырлық 2 түрге бөлінеді:

1. Вертикальды ұтқырлық (академиялық миграция) – студенттің шетелдік ЖОО-да толықтай білім алуы.

2. Горизонтальды ұтқырлық – студенттің белгілі бір шектелген кезең (семестр, оқу жылы) ішінде шетелдік ЖОО-да білім алуы.

Академиялық ұтқырлық






Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық- студенттердің шетелдік ЖОО-да білім алуы, сондай ақ, оқытушы-зерттеушілердің шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелеріндегі жұмысы

Ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық- студенттердің қазақстандық жетекші ЖОО-да білім алуы, сондай ақ, оқытушы-зерттеушілердің шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелеріндегі жұмысы



ЖОО-да академиялық ұтқырлық жеке грант бағдарламасына қатысқан студентті марапаттау және студенттік орын алмасу механизмін енгізу жолымен ұйымдастырылуы мүмкін.

Студенттердің орын алмасуы – бұл ЖОО арасындағы екіжақты келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын академиялық ұтқырлықтың формасы. Сапалы орын алмасуды ұйымдастыру ұзақ мерзімді кезеңді және жауапты персоналды талап етеді. Барлық уақытта дұрыс серіктестерді таңдау мүмкін бола бермейді, ал жоо-да шетелдік азаматтардың бейімделуінің дайындалған бағдарламасы апробациялауды талап етеді.

Теориялық тұрғыда студент оқығысы келетін жоо-нын өзі таңдай алады. Тәжірибеде студенттің ұтқырлығы олардың дербестігімен жүзеге аспайды, өйткені барлық жоо-лар оқуға қабылдауды ұлттық заңнамаға сәйкес жүргізеді. Сірә, алғашқы кезде ұтқырлықты жоо деңгейінде қамтамасыз ету қажет болар. Себебі жоо екі университетте де оқылатын пәндердің өзара мойындалуы мен баламалылығы және алынған академиялық нәтижелер туралы келісім-шарт жасауға, біріккен оқу бағдарламаларын жасауға құқылы. Студенттердің шетелдерде оқуына және шетелдік жоо-ның білім туралы диплом алуына заңды негізі болып жоо-лар арасындағы келісімшарт саналады. Сонымен академиялық ұтқырлықтың маңызды шарты жоо-лардың халықаралық ынтымақтастығы болып табылады. Оқу бағдарламаларының, пәндердің өзара саналуы тәртібінің келісімі білім траекторияларын сақтауға, мамандықтар шеңберінде мамандандыруды қалыптастыру, нарық пен жұмыс берушілердің талаптарын ескеруге шақырады.

Шетелдегі жоо-да оқытылатын пәндер ынтымақтасты жақтардың мемлекеттік білім стандарттарының ғылыми-теориялық деңгейлеріне сәйкес келуі керек. Бұл жерде міндетті пәндермен бірге осы үрдісте жоо-ның белсенді рөлін пайымдайтын эллективті құрауыштарға да байланысты.

Бүгінгі мемлекетімізде Болон үдерісінің негізгі талаптарына сай, студенттердің академиялық ұтқырлығына мемлекет тарапынан тұңғыш рет қыруар қаржы бөлініп отыр.

Студенттердің академиялық белсенділігі халықаралық деңгейде тегін жүзеге аспайтындығы анық. Бұл мәселенің мемлекеттік саясат негізінде қаралып, оған қомақты қаржы бөлінуі – отандық білім жүйесін алға жетелейді дейді ғалымдар. Енді академиялық ұтқырлық тұжырымдамасын нақты анықтап алып, норма¬тивтік құқықтық базасы жасалуы тиіс. Академиялық ұтқырлық үрдісін жүзеге асырушыларды дайындау, студенттердің тілдік дайындықтарын түбегейлі жақсарту, қашықтан оқыту жүйесін дамыту, қазақстандық жоғары оқу орындарының базасында шетел жоғары оқу орындарының дипломын алу мүмкіндігін кеңейту және отандық студенттердің шет елде біліммен қамтылуын қамтамасыз ету қажет.

Біздің университетімізде шетелдегі жоо-лардың жоғары білікті оқытушыларын тарту арқылы білім бағдарламаларын бірігіп жүзеге асыру тәжірибесі кең көлемде қолданылып келеді.

Университетіміздің студенттері жекелеген мамандықтардың бірқатар пәндерін оқып үйреніп, мамандану үшін Германияға, Польшаға, Ресейдің Мәскеу, Ульянов, Саратов, Волгоград қалаларына барады.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Түркия үкіметімен халықаралық алмасу бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Гази университетімен (Ыстамбұл, Түркия) келісімшарт бойынша “Туризм”, “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша оқитын студенттер Түркияда туристік кешендер мекемелерінде тәжірибеден өтуге жіберіледі.

Бүгінгі таңда академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында университет серіктес жоо-мен келісімшартқа қол жеткізу негізінде қос дипломды білім бағдарламаларын белсенді түрде жетілдіріп келеді, бұл бірлескен қос дипломды білім бағдарламасын жасауды және жүзеге асыруды, алынған академиялық нәтижелерді және екі университетте оқылатын мамандықтардың баламалылықтарын, сәйкестігін мойындау жақтарын қарастырады.

Қос дипломды білім беру төмендегідей жолдар арқылы жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламаларына сәйкес және серіктес жоғары оқу орнына студенттерді қабылдау мүмкіншілігі, сонымен қоса оқытудың әртүрлі формаларын пайдалана отырып екі жоғары оқу орнында білім алу. Атап айтар болсақ, “Менеджмент” мамандығы бойынша магистрлерді бірлесе дайындау мақсатында РХДУ-мен (Ресей Халықтар достастығы университеті) келісімшартқа қол қойылды. Магистратураны аяқтағаннан кейін осы бағдарламаға қатысушылар “Экономика” мамандығының БҚМУ магистрі және “Менеджмент” мамандығы бойынша РХДУ магистрі деген академиялық дәрежесі бар дипломға ие болады.

Сонымен қатар, студенттердің академиялық белсенділіктерінің дамуына кедергі жасайтын келесі мәселелерді атап өтуге болады.

Біріншіден, студенттердің басым бөлігінің негізінен Қазақстаннан шетелдерге шығып білім алмасуы, шетелдерден Қазақстанға келіп білім алатын студенттердің санының аз болуы.

Екіншіден, бакалавриатқа қарағанда магистратураға қызығушылықтың көп екендігі.

Үшіншіден, тіл мәселесі, қазақстандық студенттердің шетелдердің тілдерін әсіресе ағылшын тілін меңгеруінің әлі де нашар болуы.

Төртіншіден, студенттердің академиялық белсенділіктері халықаралық деңгейде тегін жүзеге аспайтындығы.

Бесіншіден, нормативтік құжаттардың жеткіліксіздігі.

Міне осы мәселелердің алдын алу және академиялық ұтқырлықты дамыту үшін келесілер қажет:



  • жоо-ғы студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін оқу үрдісінің әдістемелік қамтамасыз етілуінің бағдарламаларын, оқу жоспарларын қайта қарастыруды қамтамасыз ету;

  • басқа жоо-да оқытылған пәндерді қайта сынақтан өткізуді қамтамасыз ету (ECTS);

  • елімізге тек қана ТМД мен дамушы мемлекеттерден студенттерді тартып қана қоймай, сондай ақ еуропалық студенттерді де тартуға қабілетті ағылшын және ұлтаралық қарым-қатынас тілдерінде бағдарламаларды дайындау;

Сонымен, академиялық ұтқырлық дегеніміз Болон үдерісінің негізгі бір құраушысы болып табылады. Академиялық ұтқырлықтың маңызды ерекшелігі – студенттерге оқу үрдісі аяқталғаннан кейін басқа жоо-да, базалық жоо-да оқыған пәндері есептеледі немесе олардың бір мезгілде білімі туралы екі құжат алуына мүмкіндік беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет