5) кредит– білім беру бағдарламасының модулін игеру шеңберінде білім алушылардыңқол жеткізген оқыту нәтижелерін өлшеудің бірыңғай бірлігі;
6) оқыту нәтижесі– модульдің бір бөлігін бекітілген бағамен игеру кезінде білім алушы білетін, түсінетін және орындай алатын мәлімдеме;
7) бағалау критерийлері– оқыту нәтижелерін құзыреттілікке қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау бойынша шешім қабылдау.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау шкаласы
Бақылаудың барлық түрлеріндегі білім алушылардың білім жетістіктері тікелей пропорционалды қатынасқа ие балдық-рейтингтік әріптік жүйесінің бағалауымен анықталады (1-кесте).
1-кесте. Дәстүрлі бағалау шкаласына ауыса отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Бағалаудың әріптік жүйесі
|
Сандық эквивалент
|
Ұпайлардыңмазмұнды пайызы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
A
|
4,00
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,00
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
C
|
2,00
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,00
|
50-54
|
F
|
0,00
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
1) «Өте жақсы» бағаға сәйкес келеді:
– 4,0 сандық эквиваленті және 95-100% пайызы бар А бағасы. Бұл баға білім алушы оқу материалын шығармашылық тұрғыдан түсінуді және өз бетінше практикалық қолдануды, құбылыстар мен процестердің мәнін тереңірек түсіну үшін қосымша көздерді қолдануды, материалдың танымдық құрылымын көруді, құрылымның жетіспейтін элементтерін анықтауды, оларды толықтыруды көрсеткен жағдайда қойылады. Тапсырманы орындаудағы nәуелсіздік пен шығармашылық көзқарастың жоғары деңгейі. Проблемалық аймақтар мен тәуекел аймақтарын анықтау. Проблемалық жағдайларды шешу үшін алған білімдерін креативті пайдалану;
– 3,67 сандық эквиваленті және 90-94% пайызы бар А- бағасы. Бұл баға білім алушы оқу материалын шығармашылық тұрғыдан түсінуді және өз бетінше практикалық қолдануды, құбылыстар мен процестердің мәнін тереңірек түсіну үшін қосымша көздерді қолдануды, материалдың танымдық құрылымын көруді, құрылымның жетіспейтін элементтерін анықтауды, оларды толықтыруды көрсеткен жағдайда қойылады. Проблемалық аймақтар мен тәуекел аймақтарын анықтау. Проблемалық жағдайларды шешу үшін алған білімдерін шығармашылық қолдану. Іс-әрекеттің өзін-өзі бағалауы, жұмыстағы қателіктер мен олардың пайда болу себептерін талдау, оларды өз бетінше түзету және өз дағдыларын жетілдіру бойынша іс-әрекеттерді жоспарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |