Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшін



бет50/98
Дата22.11.2022
өлшемі318.23 Kb.
#465434
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   98
@8; 65=85 ;= 5 07

Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшін жеке электронды хат, жазба (записка), ашықхат, хабарлама жаздыру ұсынылады.

  1. «Әлем картасы»; «Тілдерін оқып жатқан елдер және Қазақстан».

Төмендегі тақырыпшаларда қамтылады: «Елдің географиялық жағдайы; қалалар»; «Көлік»; «Қалада бағдар жасай білу»; «Қалалның көрнекті жерлері». Аталмыш тақырыпшалар типтік жағдаяттар, рөлдік ойындар секілді мәдениаралық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың ауызша түрін жетілдіру үшін келесі типтік жағдаяттар ұсынылады:

  1. Шетелдік қонақтарға өз еліңіз, оның астанасы, сіздің елге қалай келуге (пойызбен, ұшақпен) болатындығын айтыңыз.

  2. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда тұратын ұлттар жайлы айтыңыз.

  3. Тілдерін оқып жатқан елдердің этнографиялық картасын жасап, олардың негізгі астаналарын атап айтыңыздар және оларды қысқаша сипаттаңыздар.

Қарым-қатынастың жазбаша түрін жетілдіру үшін жеке электронды хат, хабарлама, схема, буклет ұсынылады.
3. «Мейрамдар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар», келесі тақырыпшаларда қамтылады: «Адам өміріндегі туған күнді және басқа да оқиғаларды мерекелеудің отбасылық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары»; «Ұлттық мейрамдар, олардың маңызы»; «Мерекелік дәстүрлердің рөлі», (Наурыз, 1 Мамыр, Жеңіс күні және т.б.);
Қарым-қатынастың ауызша түрін жетілдіру келесі типтік жағдаяттарда жүзеге асырылады:

  1. Сіз шет елден келген досыңызды туған күн мерекесіне шақырдыңыз. Отбасы мүшелерін досыңызға таныстырыңыз. Осы отбасылық мейрамды өткізу дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы досыңызға әңгімелеңіз.

  2. Шетелдік қонақтар Наурыз мерекесінде. Қонақтарға осы мейрам дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы айтыңыз.

  3. Серігіңізден оның еліндегі әр түрлі оқиғаларды мерекелеу дәстүрлері, ұлттық мейрамдар туралы сұраңыз.

  4. Бір-біріңізге Жаңа жылды қалай қарсы алғандарыңыз туралы айтып беріңіздер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет