Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері пәні бойынша ДӘріс тезистері



бет17/41
Дата17.03.2022
өлшемі1.59 Mb.
#456384
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Фоә

Екінші кезеңде ток көзі электр өрісін тудыратынын түсіндірген жөн. Ток көзінің кернеуі неғұрлым көп болса, оның тудыратын өрісі де соғұрлым күшті болады. Сонымен, кернеу – электр тізбегіне әсер ететін және онда электр тогын тудыратын электр өрісін сипаттайды.

Үшінші кезеңде кернеу ұғымы мен кернеу бірліктерінің дәл анықтамасына көшеді. Біреуі, 127 В жарықтандыру желісіне қосылатын, жарықтандыру лампысынан, екіншісі – 4,5 В батарейкадан қоектенетін, қалта фонарының лампысынан тұратын екі тізбек құрастырылады. Егер жарықтандыру лампысы 25 Вт болса, онда шамамен екі лампыдағы ток (0,2А) бірдей болады, ендеше, уақыт бірлігінде лампылардан бірдей электр мөлшері ағып өтеді. Бірақ жарықтандыру лампысы қалта фонарының лампысына қарағанда жарықты әлденеше есе көп шығарады.


Әрине, қалта фонарының лампысына қарағанда, жарықтандыру лампысынан белгілі бір электр мөлшері өтуі үшін көп мөлшерде энергия қажет болатыны өзінен-өзі түсінікті. Қуат туралы да осыны айтуға болады. Жарықтандыру лампысы тұтынатын қуат қалта фонары тұтынатын қуатқа қарағанда көп.
Мұнда тғы да, екі тізбекте ток бірдей, бірақ тізбектердің ток көздерінде айырмашылық бар, дәлірек айтқанда, кернеулері әртүрлі екенін айта кеткен жөн.

Кернеу бірлігі. Кернеу тізбектен 1 Кулон заряд өткенде жасалатын жұмысқа тең шама ретінде енгізілген. Бірлік кернеуге тізбек бөлігінде, егер онда 1 Кл тең электр мөлшері өтетін болса, 1 Дж жұмыс жасалған кездегі кернеу ретінде қабылдау табиғи нәрсе. Бұл бірлікті италяндық ғалым Вольттің құрметіне вольт деп атайды.

Токқа қарағанда кернеуді күшті немесе әлсіз деп атамайтынын, ал оны жоғары немесе төмен деп атайтынын оқушыларға айту керек. Жоғарғы кернеу өмір үшін қауіпті.

60 В жоғары кернеу қауіпті деп есептелетінін оқушыларға ескерту керек, одан да төменірек кернеу де өмір үшін қауіпті болуы мүмкін, сондықтан электр тізбегімен жұмыс істегенде оқушылар қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаулары керек екенін ескерту керек.

Өткізгіштер кедергісі. Өткізгіш кедергісі ұғымын тәжірибенің негізінде енгізеді. Аккумлятор батареясынан, 1 А-ге арналған шунты бар демонстрациялық амперметрден, қалта фонарының лампысанан және кілттен тұратын схема құрастырылады. Жалғастырушы мыс сымдардың көлденең қимасы үлкен әрі қысқа болады. Тізбекті тұйықтап, лампының жарық жанғаны бақыланып, амперметрдің шкаласымен есептеу жүргізеді. Мыс сымды жіңішке және ұзын никелин сымымен алмастырып, тәжірибені қайталайды. Сонда лампы аздап жарық шығарады да, амперметр өте аз ток көрсетеді. Тағы да бір никелин өткізгішті қосқанда , токтың одан да азаятынын байқайды. Бұдан мынадай қорытынды шығуы сөзсіз: өткізгіштер токқа әсер етеді немесе олар токтың жүруіне кедергі жасайды дейді. Кернеулері бірдей екі өткізгіштің қайсысында ток аз болса, соның кедергісі көп болатыны өз-өзінен түсінікті.


Кедергінің бірлігі 1 Ом есебінде ұштарындағы кернеу 1 В болғанда 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі алынады.
Өткізгіш кедергісін есептеу. Меншікті кедергі. Реостаттар. Өткізгіш кедергісінің оның ұзындығына, материалдың көлденең қимасының ауданына тәуелділігін де тәжірибемен тағайындауға болады.
Ұзындығы 1 м және көлденең қимасының ауданы 1мм2 материалдан дайындалған өткізгіштің кедергісі ретінде меншікті кедергі ұғымы енгізіледі. Меншікті кедергі анықтамасының негізінде кедергі формуласын енгізеді:
Сосын жүгіртпелі реостаттарды демонстрациялайды. Оқушылардың назарын ресотаттарды дайындау үшін меншікті кедергісі үлкен материалдан жасалған сымды қолданатынына аударады. Оқушыларға ресотаттарды не үшін қолданатынын айтып, оны тәжірибеде көрсету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет