5.Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау. 6. Физиканы оқыту процесінде өткізілетін тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру. 7.білім алушылардың эксперименттік білімдері мен ебдейліктерін және дағдыларын қалыптастыру. Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай шартты формула түрінде өрнектеуге болады: ФОӘ=А+Б+С, мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі; А-физиканы не үшін оқытамыз; Б-физикада не нәрсеге үйретеміз; С-физиканы қалай оқытамыз.
Физиканы оқытудың негізгі міндеттері
Білім беру міндеті – физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеті. Соның нәтижесінде білім алушы физиканың негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.
Дамыту міндеті – білім алушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Әртүрлі ақпараттарды дұрыс бағдарлай білуге, логикалық амалдарды меңгере алуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға жеткізеді.
Тәрбиелеу міндеті – негізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері - өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.
Сондықтан мектепте мұғалім қызметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту негізінен алғанда, білім алушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, ой-өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі-үлгілі болуға баулиды.
Физиканы оқыту міндеттеріне мыналар жатады:
- ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде физиканың атқаратын маңызы және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға идеялық, патриоттық тәрбие беру;
- ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастыру;
- материаның құрылымдық сарқылмасиығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңынының жан-жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің ақарар маңызын ашу;
- ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда, кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, роботты техниканың, аомдық энергетиканың дамуымен, жаңа материалдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясында қолданылуымен таныстыру;
- өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу; сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
- қайсыбір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе мәліметтері негізінде қорытынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу;
- физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін дамыту, мамандықты саналы таңдауға дайындау;
- оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін жетілдіру, еңбек етуге дайындау;
- оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру – негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстарды кең ауқымды қорытындылауға үйрету;
- физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету;
- оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту;
- оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту – физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын-ала болжау;
Достарыңызбен бөлісу: |