Уақыттың баяулауы. Барлық санақ жүйесінде бірдей өтеді деген, абсолют уақыт жайындағы классикалық физиканың түсінігінің тағайындалмағандығы бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне өткен кезде де уақыт интервалының түрленунінде де бар. Сәйкес формуланы қорыту үшін алдымен меншікті санақ жүйесіндегі жарық сигналының қозғалысын қарастырады және уақытта жарық жол жүрсін деп қарастырады (21-сурет). Сосын осы процесті жүйесіне қатысты вагонмен бірге жылдамдықпен қозғалатын жүйесін бақылайтын жүйесіндегі бақылаушының пікірі бойынша қарастырады. Оның пікірі бойынша жарық вертикалы бойымен қозғалмайды, ал көлбеулік бағыт бойымен қозғалады, жарықтың нүктесінен айнасына дейінгі қашықтықты жүріп өтетін уақытында вагон кеңістікте қашықтыққа ығысады (22-сурет). Осы суреттен қарастырып, мынаны жазуға болады: немесе . Бұдан түрлендірулерден кейін мынаны аламыз: . Құбылыс өтетін санақ жүйесіндегі есептелетін уақытты меншікті уақыт деп атайды. Мектеп оқушыларының назарын жүйесіне қатысты қозғалатын кез-келген басқа жүйеде уақыт интервалы үлкен болатынына, яғни сағаттар баяу жүретініне аударады. Бұл – қозғалыстағы санақ жүйелеріндегі уақыт баяулауының релятивистік эффектісі. Әрбір санақ жүйесі сол бір құбылыстың ұзақтығын өзінше бағалайды. Ұзындықтың қысқаруы(бір инерциалық санақ жүйесінен екіншісіне өткен кезде кесінді ұзындығының түрленуі). Ұзындықтың салыстырмалылығын қорыту кезінде кесіндінің ұзындығын өлшеу – бұл бір мезгілде оның координат басын және соңын көрсету. Сонымен бір санақ жүйесінде оқиға бірдей, ал басқасында бірдей емес, олай болса, бұдан кесінді ұзындығы – абсолют ұғым екендігі шығады. Ойша экспериментте сызғыштың бір ұшынан жарықтың таралуын және керісінше әртүрлі екі инерциялық санақ жүйесіндегі: қозғалмайтын жүйесі және жүйесіне қатысты сызғышпен өзімен байланысты онымен бірге жылдамдықпен қозғалатын бақылаушылардың пікірінше қарастыра отырып, жарық сигналдарының көмегімен кесіндінің (сызғыштың) ұзындығын өлшеуді қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |