Жоғары жүйке қызметінің түрлі типтері бар балалармен жұмыс бойынша ұсыныстар жасау



Дата01.11.2019
өлшемі24.65 Kb.
#447358
Жоғары жүйке қызметінің түрлі типтері бар балалармен жұмыс бойынша ұсыныстар жасау

Жоғары жүйке қызметінің түрлі типтері бар балалармен жұмыс бойынша ұсыныстар жасау

Барлық адамдарда психикалық үдерістер біріне-бірі ұқсас болғанымен, өр адам қоршаған ортаны өзінше қабылдайды. Адамдар бірінен-бірі кабілеті, қызығушылығы, бейімділігі, көңіл күйі арқылы ерекшеленеді. Адам биологиялық түр ретінде (саналы адам) анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан біріне-бірі өте ұқсас. Мысалы, тік жүруі, қолдың еңбек қүралдарын жасауға, пайдалануга икемділігі, ми қыртысының күрделі дамуы және т. б.

Әрбір адамның өзіне төн мінез-қүлық ерекшеліктері, өмірге бейімділігі, шығармашылык кабілеті бірінен-бірі едәуір айырмашылығы болады. Сондыктан да әрбір жеке адам өзінше дара тұлға.

Осыған байланысты өр адамның жүйке жүйесінің топтарын ажыратады.

Дұрыс тәрбиенің нөтижесінде, тума таланттың негізінде адамның қабілеттілік қасиеті калыптасады. Қабілеттілік - жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т. б. қасиеттердің жиынтығы. Адамдар бірінен-бірі кабілеттіліктері және көңіл күйінің өзгешелігімен де ерекшеленеді. Адамның жеке басына тән белсенділік, іс-әрекеттерінің, көңіл күйінің көріністерін сипаттайтын ерекшеліктерін темперамент (лат. «temperamentum» - бір шамалас) дейді. Оны жеке адамның мінез кұлығы мен көңіл күйінің ерекшеліктерінен айқын байқауға болады. Ол негізінен жүйке жүйесінің физиологиялық пш.ірмншылыктарына тікелей байланысты. Адам ағзасын зерттеуде ертедегі грек дәрігері Гиппократ (ж. с. д. 460 - 470 жылдары) көп еңбек сіңірді. Сондықтан да оны медицина ғылымының негізін салушы деп атайды. Гиппократ ауру адамдарды бақылап, адамда кездесетін анатомиялык, физиологиялық дерттерге маңызды теориялык қорытындылар жасады. Әсіресе, ол өзіне каралған емделушілердің мінез-кұлық ерекшеліктеріне, темпераментіне ерекше мән берді.

Гиппократ адам денесі негізгі төрт «сөлдің» құрамды бөліктерінен тұрады деп есептеді. Осы «сүйықтықтың» өсерінен адамның мінез-құлық темпераменті байкалады деген. Ол адам денесіндегі бұл «сұйықтықтарды» ағзада кездесетін сұйықтықтармен байланыстырып, оларды латын, грек гоздерімен атады: қан (лат. «sangius»), өт (гр.«сһоде»), қара өт (гр. «melanos сһоlе») және шырын (гр. «phlegma»). Гиппократтың пікірі бойынша адам ағзасында осы төрт сұйыктықтың қайсысы көп болса, мінез-құлығы да соған байланысты деп түсіндірді. Осыған байланысты адамның мінез-құлығы сангвиник, холерик, меланхолик және флегматик деп бөлінеді. Бұл атаулар ғылымда осы күнге дейін пайдаланылып келеді.

Адам темпераментінің осы күнге дейін маңызы жойылмаған жіктерін ең алғаш грек ғалымы Гиппократ жасады.

· 1. Ширақ топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда қозу мен

тежелудің күші шамалас. Қозу мен тежелудің біріне-бірінің алмасуы тез жүреді. Оларды сангвиниктер (пысық, еті тірі, жарқын жүзді) деп атайды. Оларға тән қасиеттер - салмақты, сенгіш, сезімтал, өзін бірқалыпты ұстай біледі. Жұмыс істеуге кабілетті, жігерлі, елгезек, ашуы тез тарқайды. Ұстамдылығы басым. Қиындыққа төзімді әрі оны жеңе біледі. Көңіл күйі өте өсершіл.

· 2. Салмақты, байсалды топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда

қозудың күші айқын басымдылык көрсетеді. Тежелу үдерісі де айқын әрі күшті жүреді. Оларды флегматиктер (салбыр мінезді) деп атайды. Олар сылбыр, көңіл күйі айқын байқалмайды, бірақ жұмысқа қабілетті, шыдамды, ұстамды, көбінесе тұйық болады. Өзіне сенеді, ісі тындырымды. Бос сөзді ұнатпайды.

· 3. Ұстамсыздау топ. Оларда қозу үдерісі өте күшті жүреді, қозу



ми қыртысына кеңінен таралады. Тежелу үдерісі баяу жүреді, яғни қозу тежелуден басым болады. Мұндай жүйке жүйесінің тобына жататын адамдарды холериктер (қызу қанды) деп атайды. Олар өте ширақ, бірақ салмақты емес, ұшқалақ, көбіне ызақор, кекшіл, айтқанынан кетпейтін бірбеткей болады. Бірақ адамдармен тез тіл табады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет