Жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін науқастарды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына жіберу тәртібі туралы



жүктеу 91.68 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі91.68 Kb.
44

14.02.2014

Жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін науқастарды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына жіберу тәртібі туралы





Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес, халыққа жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасында жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларының тізбесін бекіту туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №750 бұйрығын және «Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 бұйрығын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) ЖММК және ММК бойынша науқастарды жолдау жөніндегі өңірлік комиссиясының жеке құрамы (1-қосымша);

2) ЖММК және ММК бойынша нақастарды жолдау жөніндегі өңірлік комиссиясының жұмыс кестесі (2-қосымша);

3) республикалық деңгейде ЖММК және ММК көрсету үшін науқастарды облыстан тыс жолдау тәртібі (3-қосымша).

2. Комиссия төрағасы комиссия жұмысын кестеге сәйкес ұйымдастырсын (2-қосымша).

3. ЖММК және ММК жіберілетін науқастардың медициналық құжаттамасын дайындауға, соның ішінде оларда тексерудің қажетті көлемінің бар болуы, азаматтарды өңірлік комиссияға жолдау негізділігі, облыстан тыс орналасқан бейінді клиникалармен, институттармен, орталықтармен госпитализация күнін келісуге (отырыс күнін есептеусіз комиссияның отырысына дейін 3 күн бұрын) және науқастарды емделуге уақыттылы жіберілуіне ЕАҰ бас дәрігерлері жауапты болады.

4. Облыстың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері:

1) іріктеудің негізділігіне, медициналық құжаттаманы рәсімдеу сапасына және ЖММК және ММК жөніндегі өнірлік комиссияға, Республиканың медициналық ұйымдарында ЖММК және ЖМК көрсетуді қажет ететін науқастарды уақытылы жіберуге бақылауды күшейтсін;

2) ЖММК және ЖМК алуға жолдау үшін қажетті құжаттаманы рәсімдеу тәртібі туралы ақпарат әзірленіп, қоғамдық орындарда орналастырылсын;

3) медициналық қызметкерлермен құжаттар топтамасын уақытылы, комиссия отырысына дейін 3 күннен кешіктірмей (отырыс күнін есептеусіз) ұсынуды қамтамасыз етсін;

4) осы бұйрық медициналық қызметкерлердің мәліметіне жеткізілсін;

5) осы бұйрықтың 4-тармағының орындалуы туралы ақпарат Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына (емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметін үйлестіру бөлімі) 2014 жылдың 10 наурызына дейін ұсынылсын.

5. Өңірлік комиссияға жолданатын науқастардың медициналық құжаттамасын уақытылы қарауға және ЖММК және ММК жолдануға көрсеткіштердің негізділігі үшін Өңірлік комиссиясының төрағасы жауапты болады.

6. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары (Н.Т. Дүйсебаев) тұрғылықты орнынан тыс орналасқан медициналық ұйымдарға ЖММК және ММК көрсету үшін жіберілген науқастардың көліктік шығыстарына (жергілікті бюджет есебінен) шығындарды өтеу жөніндегі шығыстарды қарастырсын.

7. Жергілікті бюджетті орындау жөніндегі жиынтық есеп беруді құру бөлімінің басшысы (С.Б. Бектемісова) тұрғылықты орнынан тыс орналасқан медициналық ұйымдарға жіберілген науқастарға (жол жүруге байланысты) шығыстарды төлеуді қамтамасыз етсін;

9. «Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті көрсету үшін Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына науқастарды жіберу тәртібі туралы» Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 2014 жылғы 10 ақпандағы № 33 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.

8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары Г. Байжұмановаға жүктелсін.

Қостанай облысы әкімдігі

денсаулық сақтау

басқармасының басшысы О. Бекмағамбетов

орынд. М.В. Функ

тел. 390-509
Қостанай облысы әкімдігі

денсаулық сақтау басқармасының

2014 жылғы «_____» ___________

№ _____ бұйрығына 1-қосымша


Науқастарды жіберу бойынша жоғары мамандандырылған және мамандырылған медициналық көмек жөніндегі өңірлік комиссия құрамы

(«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы)

Комиссия төрағасы: К.М:Шұғаев - Денсаулық сақтау басқармасы

басшының орынбасары
Комиссия төрағасының

орынбасарлары: В.В. Стельмах - Қостанай облыстық ауруханасының

бас дәрігері,
Ф.С. Темірханов - Қостанай облыстық балалар

ауруханасының бас дәрігері


Комиссия мүшелері:

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бейінді бас штаттан тыс мамандары:

- Қ.М. Әбілдин – хирургия;

- Г.Б. Көкжанова – терапия;

- И.А. Янцен – акушерство-гинекология;

- Б.Ж. Қожахметов – гастроэнтерология;

- С.Ф. Шарневская – гематология;

- А.Ж. Нұрпейісова – инфекция;

- В.Б. Ачкасов – кардиохирургия;

- Д.В.Лобков – кардиология;

- Г.С. Молдахметова – эндокринология;

- А.К. Исмұхамедова – нефрология;

- А.К. Каримова – невропатология;

- В.А. Михайленко – наркология;

- В.Ф. Чернов – нейрохирургия;

- А.Т. Жетпісбаева – отларингология;

- Е.Д.Досжанов – онкология;

- Б.Н. Садуақасов–травматология және ортопедия;

- С.А. Белоусов – урология;

- Ч.З. Жүсіпов – офтальмология;

- С.З. Алдабергенова – педиатрия;

- И.В. Белобржицкий –балалар хирургия;

- О.Ф. Бойко – балалар кардиология;

- Д.В. Герасимов – балалар ортопедия және травматология;


- М.Т. Қасымқанова – балалар гематология;

- Г.М. Байгелова – балалар инфекция;

- М.Ш. Нұрмағанова – балалар эндокринология;

- А.Ю.Трусова – балалар невропатология.

Комиссия хатшысы:

- М.В. Функ – Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ бас маманы (терапевтикалық және хирургиялық профилі ересектер үшін);

- К.Р.Мұратова - Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ бас маманы (педиатриялық және акушер-гинекологиялық профилі).

Комиссия қажет болған жағдайда, комиссияға қарастыру үшін ұсынылған құжаттармен алдын ала танысып, басқа бейінді мамандарды қатыстыруды ұсынуы мүмкін.

Қостанай облысы әкімдігі

денсаулық сақтау басқармасының

2014 жылғы «_____» ___________

№ _____ бұйрығына 2-қосымша




Науқастарды жіберу бойынша жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі өңірлік комиссия отырысының кестесі («Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі жанындағы)
1. Әрбір сейсенбі сағ. 15.00-де – хирургиялық және терапевтік секция.
2. Әрбір бейсенбі сағ. 15.00-де – педиатриялық (соның ішінде хирургиялық бейін) және акушерлік-гинекологиялық секция.
Ескертпе: медициналық қызметкерлер комиссия отырысына 3 күнге дейін комиссияның уақытылы қарауына құжаттардың топтамасын ұсынуға міндетті. Оңды қорытынды және Бюро госпитализация порталына пациент туралы деректерді енгізуден кейін медициналық қызметкерлер денсаулық сақтау басқармасында (Бюро госпитализация порталы арқылы алынған госпитализацияға жолдаулар) құжаттарды алу күні туралы хабардар етіледі. Медициналық қызметкер пациентке госпитализациялауға арналған құжаттарды тапсыруға міндетті.

Қостанай облысы әкімдігі

денсаулық сақтау басқармасының

2014 жылғы «_____» ___________

№ _____ бұйрығына 3-қосымша
Республикалық деңгейде жоғары мамандандырылған (бұдан әрі - ЖММК) және мамандандырылған (бұдан әрі - ММК) медициналық көмек көрсету үшін науқастарды жіберу тәртібі

1. Республиканың медициналық ұйымдарына жіберуге (ЖММК алу үшін) диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді қажет ететін науқастар жатады.

2. Емделу үшін жіберуге жіті, жұқпалы, инфекциялық аурулармен ауратын науқастар жатпайды.

3. ЖММК және ММК алу үшін науқастарды жіберудің мақсаттылығы туралы мәселені қарастыру мақсатында, соның ішінде ауыр асқынған аурулар кезінде, облыстың денсаулық сақтау ұйымдарында оларға қатысты диагностика және емдеудің барлық қолданыстағы әдістері қолданылған, бірақ оңды емдеу әсері алынбаған, ал республикалық медициналық ұйымдарында оларға қатысты диагностика және емдеудің жоғары технологиялық әдістері қолданылуы мүмкін, сондықтан Өңірлік комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жіберу диагнозын растайтын немесе қажетті алдын ала тексеру тізіміне кіретін зертханалық және инструменттік зерттеудің нәтижелері;

3) 3 данада (науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жынысы, тұрғын үй мекен-жайы, негізгі диагнозы, аурудың бейіні және қызмет (операция) кодын көрсету) бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына немесе денсаулық сақтаудың басқа ұйымдарына жіберетін, дәрігерлік кеңестік комиссиясының қорытындысын жазу үшін журналдың көшірмесі (бұдан әрі – ДКК, 035/у формасы – ДКК анықтамасы), ҚР ДСМ 2012 жылғы 20 қарашадағы №815 бұйрығының қосымшасына сәйкес, клиника атауы, науқасты қайда жіберуді ұсыну, жіберу мақсаты, соның ішінде облыстың сыртына жіберу, барлық деректерді түсінікті жазумен немесе баспа әріптермен енгізу. Сонымен қатар көшірмеде тасымалдау түрін көрсету қажет (әуекөлігімен және ұйықтайтын вагонмен тасымалдау бойынша мәселені қатаң түрде көрсеткіштер бойынша шешу). ДКК төрағасы, емдейтін дәрігер және комиссия хатшысының қолымен куәландырылуы тиіс;

4) 2 данада тексерудің (қанның жалпы анализі, несептің жалпы анализі, глист жұмыртқасына нәжіс анализі, кеуде органдарының флюорографиясы, электрокардиограмма) ең аз көлемінің және жіберу диагнозын немесе алдын ала тексерудің тізіміне кіретін зертханалық және инструменталдық зерттеулердің нәтижелерімен, барлық қажетті анамнестикалық немесе клиникалық деректерден тұратын, амбулаторлық, стационарлық науқастың медициналық картасынан (027/у формасы) егжей-тегжейлі ақпарат. Көшірме басып шығарылған, жіберетін медициналық ұйымның мөрімен және жіберетін медициналық ұйымның бас дәрігері, бас дәрігердің орынбасарының (немесе бейінді бөлімшенің меңгерушісі), емдейтің дәрігердің қолымен расталуы тиіс. Көшірмеде науқасты Бюро госпитализация порталында тіркеу үшін қажетті барлық мәліметтер, өңірлік комиссия төрағасының (төрағаның орынбасары) және бас штаттан тыс маманының қолына арналған орын болуы тиіс.

5) науқас жіберілетін республикалық медициналық ұйымға госпитализациялау мүмкіндігі мен күнін келісуді растайтың құжат.

Құжатты денсаулық сақтау басқармасы мекен-жайы бойынша (М.В. Функ, К.Р.Мұратова) ЖММК және ММК жөніндегі өңірлік комиссияға ұсыну қажет.

4. Өңірлік комиссия төрағамен - Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарымен басқарылады.

5. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы жанындағы ЖММК және ММК жөніндегі өңірлік комиссиясы:

1) комиссияның әрбір отырысын хаттамамен рәсімдеп, кестеге (2-қосымшаға) сәйкес отырыс өткізеді. Отырыс төрағаны (немесе оның орынбасарын) қоса алғанда, Комиссия мүшелерінің санынан 50% кем емес қатысқан жағдайда құқылы деп есептелінеді. Өңірлік комиссия шешімі жеңіл тәсілмен, қатысушылар арасында көпшіліктің дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең берілген жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады;

2) Комиссияға жолданған азаматтардың құжаттарын қабылдап қарастырады;

3) бекітілген тізім бойынша бейінге және көлемге сәйкес, азаматтарға ЖММК және ММК көрсету үшін көрсеткіштерді белгілейді;

4) жүргізілген тексерудің көлемін қажетті минимумға сәйкестендіруді белгілейді, ал сәйкессіздік анықталған жағдайда – азаматтарды толық тексеруге жібереді;

5) ЖММК және ММК көрсету үшін Республиканың медициналық ұйымдарына азаматтарды жіберудің мақсаттылығы туралы шешім қабылдайды;

6) Бюро госпитализация порталында ЖММК және ММК алу үшін стационарға госпитализацияға пациентті жіберудің тіркелуін қамтамасыз етеді;

7) осы комиссиямен жіберілген азаматтарға іс жүзінде ЖММК көрсету мониторингін өткізеді;

8) ЖММК шекті көлемдерін анықтайды.



6. Облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарының бас дәрігерлері Өңірлік комиссия арқылы ЖММК және ММК жіберілген науқастарда тексерудің қажетті көлемінің, өңірлік комиссияға азаматтарды жіберудің негізділігінің, облыстан тыс орналасқан бейінді клиникалар, институттар, орталықтармен және Қостанай облысының ауруханаларымен госпитализация күні келісімінің бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет