«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәріс кредит саны 3 курс -1


ҚР- да білім беру үдерісін заңнамалық қамтамасыз ету



бет3/24
Дата08.04.2024
өлшемі94.38 Kb.
#497999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
ЖМП лекция

ҚР- да білім беру үдерісін заңнамалық қамтамасыз ету.
Қазақстанның бастауыш, орта, арнайы кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінде де айтарлықтай өзгерістер орын алды (ҚР бiлiм беру жүйесi бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының үздiксiздiгi және сабақтастығы принципi негiзiнде мынадай бiлiм беру деңгейлерiн:
1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды; 2) бастауыш бiлiм берудi; 3) негiзгi орта бiлiм берудi; 4) орта бiлiм берудi (жалпы орта бiлiм берудi, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi); 5) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудi; 6) жоғары бiлiм берудi; 7) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудi қамтиды)
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Білім (оқыту, оқу үрдісі) мазмұны – жас ұрпақты неге оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім мазмұнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге болады. Бұл жүйеге оқушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман өндірістері, мәдениет және өнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді. Білім мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; өмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары көрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды. Басқа да ғылымдар сияқты педагогика философияны, ондағы пәлсапалық тұжырымдамалар мен көзқарастарды әдіснамалық тұрғыдан негізге алады. Адам және оның құндылықтарын білмей тұрып оқыту, білім беру және тәрбиенің мәңгілік мәселелерін қарастыру мүмкін емес. Филосфия табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын, адамның дүниеге деген танымдық, эстетикалық, этикалық қатынасын зерттейді. Философияда бұл бағытта түрлі философиялық жүйелер мен бағыттар қалыптасқаны белгілі. Педагог-зерттеуші өзінің қызметіне осы философиялық тұжырымдарды, идеяларды қазық етіп алады. Педагогика тарихынан диалектикалық материализм, прагматизм мен экзистенциализм, теологиялық пәлсапалық көзқарастар мен бағыттар әр заманның адам тәрбиелеу механизмдеріне, әр ғалымның педагогикалық идеяларына (В.В.Давыдов Л.С.Выготский, Дьюи т.б.) ықпал етіп отырғанын көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет