Жоғары технологиялық өндірістер үшін мамандарға білім беру және дайындау



Дата25.02.2016
өлшемі122 Kb.
#22938
Жоғары технологиялық өндірістер үшін мамандарға білім беру және дайындау
Исабеков Б.Н. э.ғ.д., профессор
Қазақстан Президентінің халыққа 2004 ж. Жолдауында аталғандай: «ұлттың бәсекеқабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады»; «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту тұжырымдамасын» қабылдау қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Елдің тұрақты экономикалық өсу мєселеріне сәйкес кәсіпорындар мен ғылыми мекемелерде жоғары технологиялар саласындағы кәсіби,білікті мамандардың жеткілікті болуы талап етіледі, олар ілімдік және тәжирбиелі зерттеулердің, инженерлік өндірдірістердің қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін тәсілдерін білуі қажет.

Мамандықтардың қайта құрылымдау қажеттілігі ғылым мен техниканың жаңа бағыттарының шапшаң дамуы, ғылымдар түйісіндегі жетістіктер, «жарынды» технологияларды құру, жоғары және орта кәсіби білімі бар мамандарды дайындауды талап етеді. Әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, жақын болашақта ақпараттық технологиялар, биоинженерия, қуатты компьютерлік қолдаумен жаңа физикалық принциптерді үйлестіретін жоғары өндірістік технологиялар, экология және де басқа салалардың мамандарына сұраныс аса жоғары және тұрақты болады. XXI ғасырда техникалық білімді дамыту стратегияларының негізгі бағыттарының бірі өндіріс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін озық технологияларменен тікелей жұмыс істеу мақсатында қайта құрылымдық ізденістер негізінде жаңа мамандықтарды қалыптастырып ашу қажеттілі туындайды.

Қазақстанның жақын арада ғылыми-технологиялақ дамуындағы ең негізгі рөлдердің бірі постиндустриалды, өнеркәсіптік өндіріс аясына интеллектуалды технологияларды дамыту мен кең көлемді енгізу бағыттарына байланысты проблемаларды шешуге арналған мамандарды дайындауға бағытталған білім беру жүйесі алады.

Индустриалды-инновациялық экономиканы қалыптастыру бөлігіндегі мемлекеттің міндеттері мен функцияларының көптігіне қарамастан бұл үрдістің ең басты міндеті – экономика талаптарына жауап беретін еңбектік қорларды қалыптастыру, инновацияларды қабылдау, қуат беру, игеру және нарыққа тиімді енгізу болып табылады.

Қазақстандағы білім беру жүйесі жеделдетілген жаһандану, бәсекелестік және ақпараттанудың әлемдік үрдістеріне сәйкес, жауапты сезінуге қабілетті және серпінді дамушы күш болуы керек.

Ғылыми техникалық үрдістің жылдам дамуы техниканың дамуының бірнеше ұрпағына және мамандықтарға талаптың түбегейлі өзгеруінің бірнеше үрдістеріне пара-пар келеді. Үзіліссіз аралық білім алу жүйесі негізінде жұмысшы білімдердің жаңа бөлімдерін жинақтап, өмір ағымында ауыртпалықсыз бірнеше мамандықты игеріп,бейімделуге мүмкіндік береді. Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбектік кезеңінің қырық жылдық тәжірибесін назарға алу негізінде 2005 жылы білім алатын жастар 2045 жылы ғана белсенді жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие бола алады.

Қазақстан қандай білім беру ‰рдісін қалыптастыру және дамыту қажет?

Қазіргі уақытта республикада мемлекеттік, мемлекеттік емес жеке жоғары 250 оқу орындары мен олардың филиалдары бар. Бастапқы және орташа кәсіби білім беру жүйесінде 312 кәсіби мектептер (лицейлар) және 382 колледж қызмет етеді [1, с 36].

Ақпараттық технологияларда, микробиологияда, космостық зерттеулерде, медицинада және ғылыми білімдердің басқа салаларында болып жатқан революциялық өзгерістер оқу мекемелерін жоғары технологиялық жабдықтармен кешенді жаңа амалдармен жарақтандырылуын талап етеді. Бұл сұрақты шешудегі ең маңызды көрсеткіштер ретінде зерттеулерге капитал салымдарын өсіруді және оқытудың қазіргі әдістерін өңдеуді, оларды өндіріске енгізуді қарастыруға болады.

Білім алудың барлық формаларында оқитындардың барлық саны 4,5 млн. адамды құрайды, яғни елдің әрбір үшінші азаматы, балалардың мектепке дейінгі балар бақшасынан бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі 10 мыңнан астам таза оқу мекемелерінде білім алуда.

Қазіргі уақытта жоғарғы білім беруде 12 мыңнан аса оқу пәндері бойынша сабақ беріледі. Өкінішке орай, барлық пәндер сәйкес оқулықтармен, зертханалармен, құралдармен, шығындық материалдармен, тәжірибелі базамен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар жоғары білім беруде техникалық мамандықтарға тұрақты түрде сұраныс үрдісі байқалуда.Сонымен қатар бұл мамандықтарды дайындау айтарлықтай материалдық және қаржылық шығындарды, сәйкес оқу базасын және т.б. талап етеді.

Пайдалы қазбаларды қайта өндеу және тасымалдау, механика және машина құрылысы, сонымен қатар ғылыми сыйымды технологияларды құруды қамтамасыз ететін жеке салаларда (құралдар құру, ақпараттану, биотехнология және басқа) бүгінгі күні республикада жоғары мамандалған мамандардыњ жетіспеушілігімен айшықталады.

Өндіріске бұрын кәсіби техникалыќ училищелер дайындаған кәсіби мамандардың жетіспеушілігін сезінуде. 2003 жылы кәсіби мектептерге балалардың тек 20% оқуға түсті, ал түскісі келгендер үш есе көп болатын. Сөзсіз, әрбір салада мамандыќ қамтамасыз етудің өз мєселері бар. Мысалы, тау-кен, металлургиялық кешендерде ғалымдар және инженерлі-техникалық қызметкерлер мен жұмысшылардың біліктілігінде, санында айтарлықтай ќалыстауға жол берілген. Мамандарды негізінен минералды шикізаттарды өндіру, байыту және бастапқы қайта өндеу бойынша шығару жүзеге асырылады. Металды прокаттау, ұнтақтық металлургия, композициялық материалдарды, арнайы және таза металдарды өндіру технологияларында мамандықтардың күрт жетіспеушілігі байқалуда. Ғалымдардың және кәсіби инженерлі-техникалық қызметкерлер мен жұмысшылардың жоқтығы металлургияда 4 және 5 технологиялық µндіру дењгейлерініњ дамуын байаулатады.

Сонымен қатар, Қазақстанның экономикалық єлуеті, интеллектуалды базаның, құқықтық қамтамасыз етілуі, ғылыми өнімдерге жоғары талап етілгендігі білім беру индустриясының қалыптасуы мен дамуындағы маңызды алғышарттар болып табылады. Мєселенің осылай шешілуі кәсіби дайындық дәрежесін жоғарылатады, себебі мамандыќ ресурстар ел дамуының базалық көрсеткіші болып табылады. Білім берудің бұл мәселесін шешу Стратегияны жүзеге асырудың негізгі критерийлерінің бірі ретінде қарастырылуы қажет [2, с 38].

Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жұмыс күші нарығының даму үдерістерінде айтарлықтай өзгерістердің орын алуына әсер етеді және олар келесілерден тұрады:



  • біліктілігі төмен инженерлі-техникалық қызметкерлер мен жұмысшыларға сұраныстың күрт қысқаруы;

  • күрделі электронды және автоматтық құрал-жабдықтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың элиталық негізініњ пайда болуы;

  • өндірістік жұмысшылар санының қысқаруы, конструктірлеумен, техникалық қызмет көрсетумен, маркетингпен айналысатын қызметкерлер санының өсуі;

  • қазіргі интеллектуалдық техникамен және компьютермен пайдалану дағдыларын игерген инженерлі-техникалық қызметкерлер мен жұмысшыларға басымдық артықшылықтардыњ орын алуы ;

  • ұжымдық еңбекті ұйымдастыруға, инновациялық жобаны жоспарлау мен жүзеге асыруға қабілетті тәжірибелі мамандарға қажеттіліктіњ болуы;

Өндірістің ғылыми сыйымды салалар үшін жоғары кәсіби мамандарды дайындау қазіргі уақытта күрделенуі төмендегі себептермен анықталады:

  • мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыстың жоқтығы;

  • материалдық-техникалық базаның ескіруі оқытушылық құрамның нақты еңбек ақы дәрежесінің төмендеуі;

  • инженерлік-техникалық мамандықтардың беделінің төмендеуі;

  • ҒЗТКЖ-ға тапсырыстардың және сәйкес қаржыландырудың жоқтығынан оқытушылар ҒЗТКЖ орындауға қатыса алмайды. Бұл кезде техникалық білім алудың «ғылым негізінде білім алу» негізгі принципі бұзылады, оқытушылардың кәсіби дәрежесі және студенттердің дайындық сапасы төмендейді.

Осының барлығы бүгінгі күні, асыра айтусыз, техникалық профильдің, кәсіби білім берудің басты мєселесі болып табылады.

Шетелдегі мамандарды дайындау жүйесіне келейік. Жаңа уақыт білім беру мекемелерінің жаңа түрлерін құруды талап етеді. XX ғ. 50-ші ж. аяғында және 60-шы ж. басында Еуропаның көптеген елдерінде ғылыми сыйымды өндірістердің қалыптасқандарын қайта құрылымдау және жеделдетілген дамыту және технологиялық салаларға қызмет үшін мамандар қажет болды.

Дамыған елдерде кәсіби, әсіресе, жоғарғы білім қалыптасқан дәстүрлерді иемденіп,тұрақты негізде мемлекет қажеттіліктері мен талаптарына сай бағдарланып отырды. Мысал ретінде Германиядағы жоғарғы білімді беру ж‰йесін қарастырайық, оның ерекше белгісі - 500-жылдық мерейтойдан асқан университеттердің және сонымен қатар өткен ғасырдың аяғында құрылған салыстырмалы жаңа вуздардың болуы. Германияда жоғарғы білім негізін университеттер және оларға теңестірілген жоғары оқу орындары құрайды. Мұндай жоғарғы оқу орындарында білім алу, әдетте, мемлекеттік емтихандарды тапсырумен немесе магистр атағын иемденумен, емтихандарды тапсырумен аяқталады. Одан соң диссертацияны қорғап немесе аспирантураны аяқтағанға дейін оқуды жалғастыруға болады. Университетте оқу мерзімі 7 жылды құрайды. Бірақ қазіргі уақытта Германия үкіметі бұл мерзімді қысқарту мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Соңғы онжылдықтарда мамандалған жоғарғы оқу орындарының дамуы, оларда білім алу айқын сипатталған тәжірибелі бетбұрыспен жүргізілуде. Сонымен қатар оқу мерзімдері университеттерге қарағанда аз. Мамандандырылған жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін түлектер диплом жұмысын қорғайды. Жеке оқу мекемелері Бундесвер және басқарудың Жоғары федералды мектебінен басқа жоғары оқу орындарына тиесілі болады. Білім алу жүйелерін дамыту үшін федерациялар мен жерлердің арнайы комиссиясы құрылған. Ол жоғары оқу орындарындағы білім беруді және ғылыми зерттеулерді дамытуды жоспарлаумен айналысады. Білім беруді және ғылыми бағдарламаларды қаржыландыру федералды бюджет және жерлер бюджеттері қаражаттарынан жүзеге асырылады.

Әрбір елдің саясатында кәсіби білім беруді дамытуға қатысты өз ерекшеліктері бар. Сонымен қатар шетелде үлкен мән күрделі бизнес жобаларды және ғылыми-технологиялық сипаттағы бағдарламаларды басқару бойынша жоғарғы білікті менджерлерді, биліктің жергілікті органдарының мемлекеттік қызметкерлерін оқытуға (қайта оқытуға), сонымен қатар менеджмент және инновациялық кәсіпкерлік саласындағы жеке фирмалардың қызметкерлерін дайындауға үлкен мән беріледі.

Үкімет жоғары оқу мекемелерінде түлектерді, олармен қатар жеке инновациялық кәсіпорындарды құру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды қолдайды. Нидерландияда және Бельгияда түлектердің жоғары кәсіби дәрежеге жетуіне аса назар аударылды, оларға кейіннен халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларда тең құқықты қатысуын қамтамасыз етіледі.

Ұлыбританияда ерекше орында – инженерлік мамандықтардың беделін қалыптастыру, ол аймақта машина құрылысы мен электроника облысындағы шетелдік фирмаларды кең тартуға бағытталған саясатпен негізделеді.

Ең жақсы көрсеткіш, батыс елдерінде, кәсіби-техникалық оқыту жүйесі мақсатты мамандану принципінде құрылған. Технологияның ең жоғары дәрежесі бар фирма әкімшіліктері жастарды жұмысқа қабылдау кезінде математика, физика, химия бойынша фундаменталды дайындықты алған мамандарға артықшылық береді. Мамандарды дайындау проблемасын шешу, өз кезегінде, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытумен ажырылмас бөлігі болып табылады. Оның құраушы элементтері аспаптық-эксперименталды парк, ақпаратқа қол жетерлік және оның толықтығы, ғылымды басқару және қолдау жүйесі , сонымен қатар ғылым мен ақпараттық сектордың озып дамуын қамтамасыз ететін барлық инфрақұрылым болып табылады. Ақпараттық технологиялардағы біздің артта қалушығымыз елдің болашақ интеллектуалды мамандарын дайындауға тікелей қатынасты [3, с 186].

Қазақстан экономикасының дамуы үшін фундаменталды зерттеулер инженерлік өндірулердің біртұтас ғылыми техникалық аяға қосу керек. Әрине, бүгінгі күні мемлекет ғылымның кең аясын қаржыландыра алмайды. Отандық ғылым мен техниканың тұрғылары аса берік және олардың негізінде қос секторды дамытудың нақты мүмкіншіліктері бар. Сонымен бірге, ел мен ғылымныњ дамуы үшін сындарлы мәнге ие жаңа бағыттарда ізденістерді шоғырландыру қажет.

Ғылымның артықшыл бағыттарын таңдау,жаңа білімдерді алу мүмкіндіктерін бағалау және елде қойылған міндеттерді шешуге қабілетті ғалымдардың болуы жєне тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы анықтаушы фактор ретінде технологиялардың ғылыми негіздерін тәжірбиеде өндеу қажеттілігімен анықталуы керек. Фундаментталды зерттеулердің бағыттары болашаѓы бар жариялы бағыттарға сәйкестендірілінген тұрақты мониторингті талап етеді. Әлемдік ғылымның даму нәтижелерін және елдің стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, Қазақстанда әлемдік дәрежеде нәтижелерге қол жеткізу өзекті мєселелердің бірі болып табылады.Мысалы,

1.физикалық- математикалық ғылымдар саласында:

-ақпараттық технологиялар;

-басқару, табиғи ресурстарды іздеу және оңтайлы қолдану;

-экология міндеттерін шешу үшін космостық мониторинг пен геоақпараттық технологиялардың фундаменталды негіздерін құру;

- қауіпсіз және тиімді ақпараттық жүйелерді өңдеу.

-ілімдік математика;

-механика және машина басқару;

-информатика, алыстан барлау ж‰ргізу және космостық технологиялар;

-космостық денелер және олардың жүйелерінің физикасы: өзара әрекеттесуі және эволюциясы;

-конденсацияланған газ күйлі орталардың физикасы, материал тану;

-ілімдік физика, ядро және элементарлы бөлшектер физикасы;

2.химиялық-технологиялық ғылымдар саласында:

-жаңа болашығы бар материалдар;

- көмірсутекті және тақыр шикізаттан химиялық технологиялар әдісімен тапсырылған қасиеттермен материалдарды құру;

- нанотехнологиялар негізінде материалдарды құру;

-тапсырылған құрылыммен таза материалдар мен құймаларды алу;

-көмірсутекті және басқа табиғи материалдарды химиялық қайта өндеу;

-тапсырылған қасиеттермен жаңа материалдар мен заттарды синтездеу;

-электрохимиялық үрдістердің ілімдік негіздері.

3.биологиялық және медициналық ғылымдар облысында:

-медицина мен аграрлы сектордың өзекті мәселелерін шешу үшін молекулярлы биологияның, генетиканың және биоинженерияның ілімдік негіздерін дамыту;

-аса қауіпті ауруларды анықтау мен емдеудің жоғары тиімді әдістерін өңдеу үшін организімдердің генетикасы мен физиологиясының, клетканың маңызды полимерлерін және геномның құрылымы мен функцияларының фундаменталды негіздерін анықтау;

-ауылшаруашылықтық өсімдіктер мен жануарлар тұқымдарының

тұрақты өнімді сорттарын құрудың биоинженерлік әдістері зерделеу;

-топырақтық ресурстарды және биологиялық әртүрлілікті сақтау және балансталған қолдану мәселісі жетілдіру;

-организмдердің разистентілігінің, өнімділігінің және қолданудың физикалық-генетикалық негіздері анықтау;

-ұйымдастыру, экспрессия және реттеу геномы. Клетканың ең маңызды полимерлерінің құрамы мен функциялары анықтау;

-адам денсаулығы саласында ядерлік және басқа сынақтардың аурулары мен салдарларын анықтаудың, алдын ала алудың және емдеудің жаңа әдістері, оңтайлы тамақтанудың ғылыми негіздерін дамыту;

3.жер туралы ғылымдар саласында:

-минералды қорлар саласында металдар негізінде жоғарлатылған тауарлықпен бәсекеқабілетті өнімді алумен және минералды-шикізаттық қорлардың азаюы жағдайында минералды шикізатты ашудың, игерудің және терең кешенді қайта өңдеудің фундаменталды негіздері дамыту; -қазақстанның табиғи шаруашылықтық жүйелерін оңтайлы сумен қамтамасыз ету мен суды қолданудың ғылыми негіздерін өндеу;

-геология, тау ісі, кен байыту, металлургия салаларындағы өзекті мәселелерді зерттеу;

-гидрогеология, география салаларына басымдық негізде көңіл аудару;

-Қазақстанның сейсмо қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін зертеу;

-ғылыми-технологиялық дамудың басымдықтары ірі және қымбат түсетін жобалармен емес, ол иемденетін ғылыми-технологиялық бағыттарды нығайту және жаңалыќтарды қалыптастыру қажеттілігімен байланысты жүргізу;

Бұл бағыттардың әрқайсысында критикалық технологиялардың нақты жиынтығы бар, олардың негізінде ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өнімдердің сапалы жаңа түрлерін өндіруді жүзеге асыру болжануда. Дәл осы бағытта өндірістер тұтынушылық сұраныстың жоғары дәрежесіне негізделуі керек.

Ғылым мен технологияларды дамыту облысындағы басты мақсат - экономика дамуының инновациялық сипатын және экономиканың ғылыми сыйымды секторларында отандық тауар өндірушілердің бәсекелі тұрғыларын қамтамасыз етілуімен анықталады. Басымдықтар жиыны өзгеріссіз болуы мүмкін емес. Қазіргі ғылыми-технологиялық саясаттың міндеті тек бастапқы жобалар тізімін құрау ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялар облысында басымдықтарды реттеу мен өзін-өзі реттеудің тиімді, «тірі» жүйесін қалыптастру бойынша жұмыс жүргізілуімен негізделеді. Нарықтық қажеттіліктер отандық инновациялық стратегиядағы басымдылықтарға аса үлкен дәрежеде әсер етеді. Кµњіл аударатын жайт, оларды тек қана коммерциялық негізде ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекет ќауіпсіздігін анықтау қажеттілігімен айшыќталады.

¤те мањызды келесі жайтќа тоқталып өту қажет. Тарихи қалыптасқандай, Қазақстанда басты ғылыми-технологиялық бағыттар: геологиялық ғылымдар, тау-кен ғылымдары, металлургия, химия баѓытына баѓытталды. Осы баѓыттар ел экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына, ғылыми және инженерлі-техникалық мамандардыњ қалыптасуына әсер етті. Бұл бағыттар өздерінің басымдық жағдайын қазіргі уақытта да сақтауда және елдің жаңа экономикасының ғылыми-технологиялық қамсыздандыруында «локомотив» рөлін орындауда. Болашақта бұл бағыттардың рөлі мен орнын сақтау қажет, себебі салаларда әлемдік нарықта бәсекелесу мүмкіндігі бар.

Отын-энергетикалық және тау-кен-металлургиялық кешендер тағы оңжылдықтарға жоғары технологиялық және ғылыми-сыйымды салалардың дамуының «локомотивтері» ретінде қалады. Сондықтан бұл кешендерді жаңа ғылыми-техникалық бағыттарда дамыту үшін қаржылық донорлар ретінде қарастыруға болмайды. Жылу энергетикалыќ және тау-кен,металлургия кешендері,сәйкес ғылыми-технологиялық қамсыздандыруда, ғылыми-сыйымды және экспортқа бағдарланған тауарларды жеткізушілер ретінде шыға алады. Әрине, географиялық, табиғи-климаттық, дәстүрлі және басқа себептер бойынша әлемде ешқандай ел өнімнің барлық түрлерінің өндірісі бойынша жетекші рол атқара алмайды. Сондықтан Қазақстан әлемдік нарыққа жоспарланған технологиялық енуде минералды-шикізаттық кешенде қалыптасқан ғылыми-технологиялық єлуетті максималды дәрежеде қолданып, жоғары технологиялық өнімдерді шығару бойынша жетекші болу мүмкіншілігі мол [4, с 187].

Ғылым мен техниканың қазақстандық аясындағы мұндай жағдай өндірістік дамыған елдердегі ғылымның рөлінің өсу көрінісімен қалыптасады. Қос сала әлемдік мінбеде мемлекеттің лайықты экономикалық және саяси тұғырларын қамтамасыз ететін дербес салаға айналуда. Мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігі ғылым мен техниканың критикалық мәнін түсіну негізінде батыстың басты елдерінің саяси, қаржылық және өндірістік шеңберлерінің ілгерілеулеріне алып келді. Олардың ғылыми-техникалық саясатының басымдықтары әлемдік нарықта ұлттық өнеркәсіптің бәсекеқабілеттілігінің жоғарылауына және өмір сапасының жақсаруына қол жеткізді.

Дамыған мемлекеттердің ең басты мақсаттарының бірі ұлттық бәсеке қабілеттілігінің өсімі болды, яғни тиімді технологияларды, инновациялық механизмдерді, мамандар біліктілігін тұрақты өсіру, еңбекті халықаралық бөлу артықшылықтарын қолдану есебінен ұлт өмірінің жоғары дәрежесін қолдау және әлемдік нарықта тауарлар мен қызметтердің бір немесе басқа түрлерінің жетекшілік тұрғыларын қамтамасыз етілуімен анықталады. «Артта қалмауға тырысу» басты мемлекеттік инновациялық үрдістерді белсендетуге түрткі болды.

Ғылым мен технологиялар аясына қаржылық қаражаттар ағымын тек ғылымды экономиканың нақты секторының тиімді элементі ету жолымен жетуге болады. Өндірістерді тез коммерциялап алып, оларды нарықпен қабылданатын тауарлар немесе қызметтерді өндіруге жеткізе алғандар ғана табысқа жетеді. Сондықтан отандық экономиканың дамудың инновациялық жолына өтуі жақын жылдарға және ұзақ мерзімді болащаќќа негізгі бағыт болуы керек. Нарық жағдайларында технологиялар мен техниканың табысты дамуының формалары мен әдістері біздің елде әлі жеткілікті игерілмеген. Экономиканың басқа аяларына қарағанда ғылымдағы бұл үрдіс баяу жүргізілуде. Ғылыми-техникалық аяның стихиялық өзін-өзі ұйымдастыруына сенбеу керек.

Ғылым және ғылыми қызмет көрсету аясында маңызды рөлді қолданбалы ғылым алады, онда ғалымдар мен ірі мамандардың айтарлықтай бөлігі шоғырланған, ол ғылым мен өнеркәсіптік өндірістің академиялық секторы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Салалық ғылыми-техникалық ұйымдар қызметінде зерттеулер нәтижелерін өндірісте игеру тәуелділігімен айқындалуы қажет [5, с 200].

Қазіргі уақытта тау-кен,металлургия, машина құрылысы, ядерлік энергетика, электроника, байланыс салаларының ғылыми-техникалық әлуетін жоғарлатуға бағытталған республикалық мақсаттық бағдарламалар қатары жүзеге асырылуда. Бұл бағдараламалар ғылым мен техника дамуының салалық басымдықтарын анықтайды. Республикалық бағдарламалардан басқа индустриалдық-инновациялық қызметті қолдау бойынша аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламалар бар. Ел алдында тұрған негізгі міндет - бәсекеқабілетті технологиялар мен техниканың өндірістерін жеделдету мен кеңейту. Яғни, ғылыми зерттеулердің, тәжірибелі-конструкторлық өндірулердің және тәжірибелі нұсқауларды өндіру бойынша, оларды сынақтан өткізу, өнеркәсіптік өндіріске енгізу және сервис бойынша жұмыстар санын өсіру керек. Бұл кешенді ”ғылыми-техникалық өндірістер” түсінігімен біріктіруге болады. Бұл ‰рдісті ең жақсы ұйымдастыру мен тиімді басқару - өнім құнын азайтуға, µндіріс уақытын қысқартуға, сапасын жақсартуға негізгі жол болып табылады. Ғылыми зерттеулер және тєжірбиелі конструкторлыќ ж±мыстар қолданбалы зерттеулер, өндірісті технологиялық дайындау, сынақтық жұмыстардың органикалық үйлесімі болып табылады. Олардың синтезі қазіргі өндірістердің табиғатынан шығады және нақты бұйымды алу үшін барлық аталған жұмыстардың үйлесуін қамтамасыз етуді басқарумен негізделген. Бірақ отандық экономиканың басымдық мәселелерін шешу үшін жинақталған ғылыми-техникалық әлует әлі де әлсіз қолданылады.

Экономикалық даму мақсаттары үшін ғылымның мәнін жете бағаламау қазақстандық ғылымның, жоғарыда айтылғандай, мүмкіншіліктерін шектеу негізінде тұр. Оның өмір сүруі «қалдықтық» єлует пен зерттеушілердің энтузиазмі есебінен жалғасуда. Фундаменталды және қолданбалы зерттеулердің қомақты үлесінде (61%) орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының санымен анықталуда.Сонымен қатар отандық өндірісте игеруге дайын өндіріс көздерінің саны өсуде. Бірақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ҒЗТКЖ-ға ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қарағанда 10-15 есе көп қаражаттар қажет етеді.

Ғылымның негізгі қиыншылықтары зерттеу саласында емес, ол машиналар мен жабдықтардың принципиалды жаңа түрлерінің ғылыми зерттеулері мен өндірулерінің нәтижелерінің «материализациялануында» яғни, технологиялық ‰рдістерде олардың тәжірибелі қолдануымен шектелуінде.

Біртұтас тізбек буындары – «зерттеу-өндірулер-жобалау-жасау» арасында диспропорция қалыптасты. Белгілі мәліметтер бойынша, Қазақстанда бұл кешеннің 80% аса ғылыми зерттеу институттары құрайды, ал қалған 20% жобалық-конструкторлық, тәжірибелі және сервистік ұйымдарға келеді Мысалы,салыстыру негізінде шетелде ғалымдар, тәжірибелі өндірістің конструкторлары мен жұмысшыларының арақатынасы 1:2:4 құрайды. Әрекет етуші ғылыми-зерттеу ұйымдарының көбісінде өз құрамында ғылыми идеяларды, өндірістерді және технологиялық регламенттерді «материализациялаумен» айналысатын инженерлік инфрақұрылым жоқ.

Әрекет етуші ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдардың көбісінің тақырыбы отандық экономиканың, өндіріс пен ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге, импорт алмастырушы және экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару бойынша саясаттық қамтамасыз етуге өте әлсіз бағдарланған. Соңғы жылдары аналитикалық, зертханалық және компьютерлік қамтамасыз ету бағытындағы институттардың материалдық-техникалық базасының нашар екендігі байқалады.Бұл жағдай отандық ғалымдар мен инженерлерге бәсекелі нарықтық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Ғылыми өнімнің сапасының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкессіздігі байқалады. Осы себептен отандық зерттеулер нәтижелері есеп берулер және жеке сызбалар ретінде сµрелердеа қалуда, нарыққа жол таппауда. Кеңестік кезең уақытында Қазақстанда ғылымның оңтайлы емес құрылымы құрылған болатын, қазір бұл диспропорция өсті. Сондықтан жобалық конструкторлық және эксперименталды секторларды өсіру керек. Жаппай жекешелендіру кезеңінде институттар эксперименталды өндірістерден, ал заводтар – конструкторлық бюролардан айрылды. Негізгі қорларды жаңғырту, жаңа жабдықтарды сатып алу, тұрып қалған немесе банкротталған кәсіпорындарды өткізу есебінен институттардың эксперименталды базаларын қалпына келтіру бағытында жедел шараларды қабылдауды талап етеді.

Мемлекеттік ғылыми ұйымдарды аттестациялау, мемлекеттікеместерді аккредитациялау қажет. Іс-қимылдар олардың негізгі қызметінің тиімділігін асыру және отандық ғылымның бәсекелі дәрежесін қолдау мақсатында жүргізілуі тиіс. Ғылыми-техникалық аяны реформалау барысында жобаларды өндіріске ендіруді жүзеге асыратын ұйымдар саны айтарлықтай қысқарды. Конструкторлық және жобалық-технологиялық жұмыстарды атқаруға мамандалатын институттар соңғы онжылдықта үлкен жоғалтуларды басынан µткізді және өз қызметін толық дерлік тоқтатты. Конструкторлық және технологиялық жұмыстарды, жаңа техниканың тәжірибелі нұсқауларын жасауды, өнімді технологиялық дайындауды және сертификациялауды енгізетін ҒЗТКЖ кезеңі қорытынды және ең маңызды кезеңі болып табылады.

Ғылыми-техникалық аяға тән сипат – ғылым мен өндіріс аясында тиімді байланыстың жоқтығы. Талдау көрсеткендей, ғылыми ұйымдармен әріптестікті қазақстандық ұйымдардың 8,6% ғана жүзеге асырады. Кейбір салалар қайта құру жылдары ішінде ғылыми-технологиялық базадан толық жоғалтты. Ғылымдағы сабақтастық, онжылдықтар бойы құрылған ғылыми мектептерді сақтау туралы сұрақ өзекті болып табылады.Сонымен қатар, жоғарғы жоғары білікті мамандардың арасында жасы ұлғайған ғалымдардың үлесі көбейуде.

Қазақстанда қайта құру жылдары ішінде инженерлі-технологиялық жұмысшылардың біліктілігін арттыру үрдістерінде қарама-қайшышылықтар пайда болуда. Мемлекеттік статистика бойынша мәліметтерге сәйкес, оның білім беру дәрежелері өсті. Жоғары оқу мекемелерінен мамандарды дайындау бірінші кезекте мемлекеттік емес мекемелер есебінен өсті, олар экономистер мен заңгерлерді, банктік істің және бухгалтерлік есептің мамандарын дайындауды бірнеше рет арттырды. Сонымен қатар ғылыми, инженерлік еңбектің беделі құлады, кіші және орта бизнес, кездейсоқ жалақылар аясына техникалық бағыттағы мамандардың кету үрдісі орын ала бастады. Еңбекке қабілетті инженерлі-техникалық қызметкерлер мен жұмысшылардың біліктілікті жоғалту үрдісі айқын көріне бастады.

Бүгінгі күні қоғамды жоғары технологиялық индустрияны құрумен және инновацияларды игерумен кім айналысатындығы ойландырады. Сондықтан жаңа ғылыми сыйымды технологиялар бойынша кәсіби мамандарды дайындау бүгінгі күннің ең мәнді және қажетті тақырыптардың бірі болып табылады.

Базалық технологиялық бағыттар бойынша жоғары технологияларды дамытатын ғылыми мекемелер, өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар үшін инженерлі-техникалық мамандарды, келелі және мақсаттық дайындауды , ғылыми сыйымды өндірістер үшін жоғары кәсіби мамандарды дайындау үшін мемлекеттік тапсырысты енгізу туралы сәйкес шешім қажет. Нарықтық экономика мақсаттық мамандалған мамандарды дайындауға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты инновациялық қызметті ұйымдастыру, ғылыми-техникалық экспертиза, интеллектуалды меншікті бағалау және қолдану, ғылыми өндірмелерді коммерциализациялау және көптеген басқа мамандықтар бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарын мақсаттық мемлекеттік қолдау тетігін өңдеп қалыптастыру керек.

Инновациялық үрдіс оқу-ғылыми және ғылыми-өндірістік консорциумдарды құру сияқты интеграцияланудың жаңа тетіктерін жүзеге асырылыуы мүмкін. Олардың қызметінің негізі - ғылыми-зерттеу институттарының лабораторияларында және кафедраларда құрылған ғылыми-технологиялық өндірістерді кәсіпорындарға енгізу, оның барысында өндіріс мамандарын, сонымен қатар студенттерді де біруақытылы мақсаттық дайындау жүргізуімен анықталады.

Ақпараттық технологияларда, микробиологияда, космостық зерттеулерде, медицинада және ғылыми білімнің басқа салаларында болып жатқан революциялық өзгерістер ғылыми мекемелерді жоғары технологиялық жабдықтармен кешенді жарақтандыруға сәйкес жаңа амалдарды талап етеді. Бұл сұрақты шешуде ең маңызды құраушысы ретінде зерттеулерге және оқытудың қазіргі құралдарының өндірістеріне капитал салымын өсіруді және оларды өндіріске енгізуді қарастыруға болады.

Болашақ маманның білімдері мектепте қалыптасады, ал стратегиялық ойлау жақсы білім берумен бекітіледі. Мектептен докторантураға дейін бүкіл жүйені жаңғырту мен жетілдіру білім мекемелерін қазіргі оқу материалдық базамен қамтамасыз ету дәрежесіне тәуелді. Оның қазіргі жағдайын талдау әлеуетінің айтарлықтай төмендігімен анықталады. Соңғы 10-15 жыл ішінде білім беру ұйымдарының оқу материалдық базасы жаңғыртылған жоқ және қазіргі уақытта физикалық және моральді тозудың шегінде жатыр. Бұл негізінен оқу өнімдерін орталықтандырылған қамтамасыз етудің және оның өндірісінің жеке индустриясының жоқтығымен байланысты. Бүгін білім беру мекемелері үшін жабдықтардың негізгі бөлігін және барлық дерлік лабораторлық аспаптарды республика басқа елдерден алады. Сонымен қатар, Қазақстанда химия, физика, электроника, электротехника және басқа гуманитарлы емес пәндер бойынша оқыту үшін құрылғылардың, аспаптардың, стендтердің, оқу жабдықтарының кең номенклатурасын ұйымдастыру және шығару үшін нақты мүмкіндіктер бар.

Білім беруді реформалау саласында нақты саясат қажет, оның негізгі бағыттары келесідей болуы мүмкін:



  • білім берудің барлық дәрежелерінің сапасының көрсетікіштерінің халықаралық стандарттар қолдану жолымен білім беру сапасын жоғарлату;

  • жастар кәсіпкерлігін қолдаудың тетіктерін мемлекеттік дәрежеде құру, аймақтық дәрежеде гранттар мен стипендиялар жүйесін енгізуді болжайтын, жас ғалымдарды қолдаудың мақсаттық бағдарламасын жүзеге асыру [5, с 265].

Жастарды ғылыми-техникалық аяға тарту үшін республика Үкіметімен ғылыми еңбекті ынталандыру бойынша төмендегі шаралар қатар қабылданды: - - ғылым облысында марапаттаулар мен стипендиялар бекітілді;

- мемлекеттік тапсырысты орындайтын ғалымдар үшін айлық қосымша төлеулер енгізілді;

- ғылыми жұмысшыларға жыл сайынғы еңбектік демалыстардың ұзақтығы өсірілді;

Бұл ғылым аясында нақты мамандардың тұрақтануына мүмкіндік берді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бұл аяға қабілетті жастарды тарту үшін жеке ғылыми идеяларды, өз білімдерін жүзеге асыру есебінен алынған қаржылық табыс өмір сүрудің жеткілікті дәрежесін қамтамасыз ете алатындай деңгейде болуы керек. Ғылыми және өндірістік тәжірибені иемденетін мамандарды әлемнің басты фирмаларындағы талаптарға сәйкес сынақтан өткізу және қайта дайындау жүйесін ретке келтіру керек.

Қазіргі әлемде ғылыми және инженерлік кадрлардың саны мен сапасы білімдер экономикасының дамуын сипаттайтын негізгі параметрлердің бірі болып табылады.

Ғылыми-техникалық салада адами ресурстарды басқару жүйесі мынадай міндеттердің шешілуін қамтамасыз етуге тиіс:

1. Жастарды ғылымды дамыту мен индустриялық-инновациялық дамудың басымдықтарына сәйкес ғылыми және инженерлік мамандықтар бойынша даярлау;

2. Отандық және шетелдік ғылыми және инженерлік кадрларды құрылатын ұлттық ғылыми зертханаларға, жобалық және конструкторлық ұйымдарға тарту;

3. Бірқатар жаңа функционалдық бағыттар және ғылыми, оның ішінде ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруға байланысты пәндер бойынша мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін үздіксіз арттырып отыру.

Ғылыми және инженерлік кадрлар даярлау үшін жағдайлар жасау мыналарды көздейді:

PhD докторларын даярлау шеңберінде басым ғылыми бағыттар бойынша ғылыми кадрларға артықшылық бере, мақсатты даярлауға көшу;

елдің жетекші ғылыми ұйымдары мен университеттері базасында білім беру мен ғылыми зерттеулердің озық деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті білікті кадрлармен жасақталған ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жасау.



Жастардың ғылымға келуін ынталандыру үшін:

мектеп оқушылары мен студенттердің халықаралық олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу жобаларына, конкурстар мен ғылыми-техникалық турнирлерге қатысуын кеңейту;

жоғары оқу орындарының студенттерін ғалымдар мен оқытушылардың ассистенттері ретінде белсенді ғылыми қызметке тарту;

болашағы бар студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына және ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға тарту жолымен зерттеушілік дағдыларын дарыту жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.

Университеттер мен ғылыми ұйымдар топтары іске асыратын бірлескен ғылыми және зерттеу жобаларының бағдарламалары әзірленетін және енгізілетін болады, онда ғалымдардың аға және жас буыны ғылыми-зерттеу топтарында студенттермен бірге жұмыс істейтін болады.

Сөйтіп, жоғары оқу орындары ғылыми дәрежелерге үміткер ізденушілерді сапалы біліммен және кәсіби бағдармен қамтамасыз ететін болады.

Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесі олардың біліктілік деңгейін айқындау үшін дәйексөзге алыну индексін міндетті түрде пайдалануды көздейтін болады.

Ғылыми кадрлар даярлауды қамтамасыз ету үшін университеттер мен ғылыми ұйымдардың қатысуымен ғылыми-білім беретін консорциумдар құру жолымен бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқытудағы ғылыми-зерттеу институттарының рөлі арттырылатын болады.

Жас және болашағы бар ғалымдардың шетелде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және әлемге танылған ғалымдарды шақыру үшін қаржыландыру көлемі ұлғайтылатын болады.

Жетекші халықаралық ғылыми ұйымдармен және қоғамдастықтармен келісімдер жасасу жолымен ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар шаралар қабылданатын болады.

Жоғары технологиялық бағыттар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындау мақсаттық тапсырыс тетігін іске қосу арқылы жүзеге асырылады. Тапсырушылар ретінде экономиканың нақты секторының кәсіпорындары өз мойындарына алуы қажет. Сонымен қатар болашағы бар ғылыми сыйымды мамандықтар бойынша, ұйымдардың келісім-шарттары негізінде экономиканың талаптарына сәйкес жұмысшылар, инженерлер біліктілігін озық технологиялар негізінде дайындауды, қайта дайындауды және жоғарылатуы басымдық негізде қалыптастыру қажет.

Экономиканың жаһандастыруылуы жұмыс істеуші инженерлі-техникалық мамандардан, әсіресе, өсіп келе жатқан ұрпақтан:

1. шетел тілдерін еркін игеруді:

2. техникалық терминология бағытында негізгі техникалық құжаттаманы және кәсіби қызмет облысындағы әдебиетті оқи алу және түсінуді;

3. басқару саласында білімдерді игеру бағытында кәсіпкерлік дағдылардың мәні мен рөлін жоғарылатуды, еңбектік қызметте шығармашылық амалды, коммуникация дағдыларын және ұжымдағы жұмыс істей алуды талап етеді. Қашықтық білім беру жүйесін қалыптастыруды жеделдету қажет, себебі ол ақпараттық ресурстарға теллекоммуникациялық қол жеткізудің құралдары мен әдістерін қолдану жолымен оқытудың территориялық қол жеткізуінің маңызды бағыты болып табылады; сонымен қатар техникалық мамандықтардың, әсіресе, өндірістің жаңа салалары үшін студенттер санын өсіруге мүмкіндік береді.

Жаһандану үрдісі ақпараттық технология рөлінің шапшаң өсуі техникада, технологияда, білім беруде, экономиканы басқаруда және әртүрлі дәрежедегі білім беруде, ғылыми білімдерді қолдану қажеттілігімен негізделеді. Ол компьютерлеу саласында оқушыларды, студенттерді және жұмыс істеуші ұрпақты дайындау бойынша түбегейлі шараларды қарастыруды талап етеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру саласындағы қажетті шаралар:


  • Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандырудың нормативті базасын құру;

  • білім беру басқаруының ақпараттық жүйесін енгізу;

  • оқу мақсатындағы отандық бағдарламалық және технологиялық құралдарды өндеу;

  • ақпараттық білім беру қорлапының мәліметтер базасын қалыптастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді құру.

Құпия емес, қазақстандық жоғары мектеп білімдерді нарықтық жағдайларда қалай қолдану керектігін егжей- тегжейлі үйретпейді. Болашақ мамандарды арнайы пәндермен қатар, бағдарламада менеджмент пен маркетингке қатар оқыту білім мен тәжірибенің тірі байланысын қамтамасыз етілу мүмкіншілігіне ие болар еді.

Білім беруді қайта құрылымдаудан қоғам нені күтеді?

Білім беру мен ғылым Қазақстанның дағдарыстан кейінгі кездегі , мемлекетке Стратегия негізінде әлеуметтік-экономикалық аяда тұрған талаптарға жауап беруге көмектесу мүмкіншілігі пайда болады. Сонымен қатар, білім беру жүйесі қысқа мерзімде нақты салалардағы проблемаларды шешуге мүмкіншілік береді. Мысалы, энергетикада, әрекет етуші жабдықтарды және электроөткізгіш линияларға қызмет көрсетуші үшін жөндеуші қызметкерлерді арнайы дайындау қажет. Оларды бұрын дайындаған кәсіби-техникалық білім беру жүйесі бұзылуына байланысты нарықтық жағдайларды ескере отырып, қайта қалыптастыру керек.

Ғылыми-педагогтық қауымдастық ауыл жастарын, сонымен қатар оралмандарды жоғары технологиялар мен қазіргі техниканы игеруге қалай белсенді тартуды талқылап, ұсыныстар беруі керек. Ел аймақтарының қатарында оқушыларды орыс тілі мен ағылшын тіліне (неміс) оқытудың сапасы ешқандай сынды көтермейді.

Өндірістердің ғылыми-техникалық дәрежесінің өсуі мамандардан қызметтің нақты облысында қолдануға қажетті техникалық дайындықты ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай жеткілікті фундаменталды білімдерді, сонымен қатар экономика, басқару, экология, құқық, информатика саласындағы білімдерді талап етеді. Өндіріске ғылым мен техниканың жетістіктерін жаппай енгізу маманның кәсіби қызметінің техникалық базасын тұрақты өзгертуді, жаңа техника мен технологияны тез игеруді талап етеді.

Елде еңбек нарығының қалыптасуы маманның жоғары кәсіби бейімділігін қамтамасыз ететін терең білім алуды талап етеді,себебі қызметтің барлық түрлерін орындауға, сыбайлас мамандықтарды орындауды талап етуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайларда техникалық білім беруді дамыту фундаменталды және арнайы білім берудің жеткілікті дәрежесін иемденетін, болашағы бар технологиялық үрдістерді игеруге қамтамасыз етуге қабілетті кәсіби құзыретті мамандарды дайындау болжануы қажет.

Қазіргі күні, адам жұмыс істейтін техника үзіліссіз өзгеріп және «одан әрі интеллектуалды» болатын жағдайларда адамдық фактордың мәні төмен болып табылады. Тек жоғары білімді және жан жақты дамыған адам ғана техникалық прогреспен гармониялық бірлесіп жұмыс істейді. Біздің білетініміз, білім беру саласындағы тәжірибесінен үлгі алуға тырысатын елдер Қазақстан сияқты теқ қана табиғи ресурстарды өндірумен айналыспайды. Сондықтан әлемдік экономиканың нақты талаптарына бейімделіп және жұмыс күшінің біліктілігін жоғарлатуға инвестицияларды аямайды. Адамдық ресурстарды қайта қалыптастыру бойынша өз қызметімізде осындай новацияларды тезірек қолдану керек.

Эксперттердің мәлеметтері бойынша, 2010 ж. қаржыландыруды өсіріп, ЖІӨ 2% және 2015 ж. 2,5-3% жеткізу керек. Себебі, ғылыми және технологиялық зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру – бұл болашаққа арналған инвестициялар.

Сонымен, қорытындылай келе, дағдарыстан кейінгі кезде жоғарыда аталған мәселелерді шешуге келесі тетіктер: аталған мәселелерді шешу тек қана мемлекеттің тікелей араласуымен шешілетіндігі; қазақстан ғылымын қайтадан жаңғырту үшін іс-әрекеттер жүйесін ғалымдарды, министірліктер мен индустрияның өкілдерімен және шетел экспорттарын тарта отырып, дайындау қажеттілігі; ғылымды қаржыландырудың жалпы көлемін және ғылыми қызметкерлердің жалақысын өсіру қажеттілігі; ғылыми-техникалық прогресстің басымдық бағыттарын анықтау; ғылымды қаржыландыруда ашықтық және тәуелсіз ғылыми гранттарға жүйелерін қалыптастыру қажеттілігі; ғылыми білімдерді көпшілікке таныстыру ұсынылады.

Әдебиеттер:



  1. Б.Н. Исабеков Өндіріс саласындағы индустриалық-инновациялық қызметтің басымдықтары. Т.Рыскулов атындағы ҚазЭУ-ң Хабаршысы. 2009, №2, б.103-112

  2. Б.Н. Исабеков Дағдарыс кезіндегі қауіп-қатерді мүмкіншілікке транформациялаудың экономикалық тетіктері. Алматы: Қазақ Университеті, 2008 ж., Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. № 6 (70).Б 35-38

  3. Б.Н. Исабеков Ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайы және оның даму тенденциясы. Вестник Каз ГАУ: Исследования и результаты.- 2008. №4.- С .185-189

  4. Б.Н. Исабеков Ғылымның даму нәтижелері және елдің стратегиялық басымдықтары. Вестник Каз ГАУ: Исследования и результаты.- 2008. №4.- С .189-204

  5. Б.Н. Исабеков Кәсіпкерлікті өркендетудің индустриалды-инновациялық негіздері. Түркістан: Тұран, 2008.-334 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет