Жоғарыда айтылғандардың барлығы дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы мен өзектілігін айқындайды



бет2/15
Дата30.11.2022
өлшемі2.16 Mb.
#466083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
работа

Жұмыстың мақсаты: өрт жағдайын болжау және бағалау негізінде қонақ үй ғимаратының өрт тәуекелін төмендету бойынша шаралар жасау.
Зерттеу міндеттері:
1. Өрт тәуекелін бағалаудың теориялық негізін зерттеу, оның қауіпсіздік жүйесіндегі орны мен маңызын анықтау;
2. Қонақ үй ғимаратына сипаттама беру және өрт қауіпсіздігі бойынша өрттен қорғау шарасын бағалау;
3. Қонақ үй ғимараты нысанындағы өрт жағдайын болжау және өрт тәуекелін талдауды жүргізу;
4. Қонақ үй ғимаратында өрт тәуекелін төмендетуді қамтамасыз ету бойынша шаралар жасау.
Зерттеу әдістері:

  1. ҚР территориясында нысандар бойынша өрттің таралу мәліметтерін статистикалық талдау және өрт тәуекелі мен өрт қауіпсіздігі облысындағы арнайы әдебиеттерді талдау;

  2. Өрттің дамуын, қауіпті факторлар өзгерісінің динамикасын болжау;

  3. Көшіру уақытын есептеу мәліметтерін математикалық және компьютерлік өңдеу;

  4. Қорғау нысанында өрт тәуекелін төмендету бойынша шаралар жасау.


1. Өрт тәуекелін бағалаудың теориялық негізі, қауіпсіздік жүйесіндегі орны мен маңызы


1.1. Тәуекелі түсінігі және оның қауіпсіздік жүйесіндегі орны

Өрт тәуекелінің түрлерінің қорғау нысанының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оған төндіретін қауіпсіздікке қарсы тұра алу қажет. Қауіпсіздік мәселесін талдау кезінде екі негізгі түсінік шығады: қауіптілік және қауіпсіздік. Осы екі түсінікке тағы бір түсінікті – «тәуекел» қосу керек, соңғы он жылдықта оның төңірегінде мамандар арасында қызу пікірталас жүріп жатыр. Бұл түсінік екі алғашқы түсінікті байланыстырады және тәуекел теориясы мен қауіпсіздік түсінігінің негізгі үштігі «қауіптілік-тәуекел-қауіпсіздік» туындайды. Қауіпсіздік мәселесіне арналған арнайы әдебиетте «қауіпсіздік» түсінігі тіпті анықталмайды, интуитивті түсінікті, алғашқы ақпарат ретінде есептеді және көбінесе «қауіпті» және «сын-тегеуір» түсінігімен қатар қолданылады [30]. Тек «Азаматтық қорғаныстың» түсінік терминологиялық сөздігінде осы түсінікке анықтама беріледі:


«Қауіпсіздік» түсінігіне қатысты барлық мамандардың біртұтас көзқарасы бар. Мысалы «Азаматтық қорғаныс» сөздігінде: «Қауіпсіздік, мемлекет және қоғам, тұлғаның өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қауіптен қорғалған күш. Қауіпсіздік оның тамаққа, суға, киімге, тұрғын үйге,ақпаратқа қажеттілігімен қатар адамның маңызды қажеттілігі болып табылады. Бұл жалпы ғылыми категория нақты әлемнің түрлі нысаның ішкі және сыртқы саясатқа, халық денсаулығына, информатикаға технологияға және т.б. өмірге қабілеттілігінің және өмірге тұрақтылығын айқындаудың интегралды формасымен алға шығады [23]. Осымен барлық мамандар келіседі, бұны барлық декларацияда, заңда, нормативті актіде және т.б. жазуда, бірақ шынайы өмірде бұл қорғалу күші қапай дәлелдеу керектігін мүлдем түсініксіз. Бірақ барлығынанда көп сұрақ пен таласты «тәуекел» түсінігі тудырады. «Азаматтық қорғаныс» сөздігінде «тәуекел түсінігі мен оның туындыларының келесідей анықтамалары бар[23]:
- Тәуекел-қабылданатын әрекетпен байланысты туындайтын қолдам да бір сәтсіздіктің мүмкін қаупі, және де әрекеттің өзі, онда қалайтын нәтижеге жету сондай қауіппен байланыстық
- Жеке тәуекел- белгігі бір қауіпті іске асыру кезінде туындайтын белгілі бір түрінің зақымдаушы жерінің туындау ықтималдығы және жиілігі;
- Қолайлы тәуекел – экономикалық, әлеуметтік және экологиялық фактор көзқарасынан ақталған тәуекел деңгейі;
- Табиғи тәуекел – қауіпті табиғи үдеріс немесе құбылыстың мүмкін пайда болуынан күтілетін әлеуметтік-экономикалық зиян.
ҚР техникалық реттеу туралы заңында «Тәуекел – азаматтардың өмірі мен денсаулығына, физикалық, немесе заңды тұлғалардың мүлігіне, мемлекеттік немесе муниципалдық мүлікке, қоршаған ортаға, осы зиянның ауырлығын есепке алумен өсімдіктер мен жануарларға ықтимал келетін зиян деп аталады[1].
В.А. Акимованың «Тәуекелді басқару және талдау негізі» оқу құралында «Төтенше жағдайлар тәуекелі – тыс күтілетін салдарына бір жылдағы ТЖ санының (немесе ықтималдығының) көбейтіндісіне тең қауіптіліктің сандық шамасы» деп айтылады. О.М. Ковалевичтің жұмысында келесідей анықтама беріледі: «Тәуекел – халық денсаулығына зиян келтіру түрінде немесе үшінші тұлғаға материалдық зиян түрінде салдарымен табиғи немесе техногенді оқиғаны іске асырудың нақты қаупі»[26]. В.А. Акимов пен Б.Н.Порорирьев «Осалдылық пен қорқыныш қаупінің дәрежесі... әлеуметтік-экономикалық жүйе мен оның құраушылары үшін тәуекел деңгейін көрсетеді. Дәл тәуекел категориясы деп біріншіден, сандық формада көрсетілген мүмкін қауіп пен оны іске асыру салдарының шамасы... Қауіп пен осалдық қос түсінігін бір тұтастыққа біріктіреді[15]. Олардың ойы бойынша «тиімділік ықпал шегінде... тәуекел қауіпті немесе қолайсыз оқиғаның туындау мүмкіндігі немесе осындай оқиғаның сандық шамасы ретінде қарастырылады. Бұнда тәуекелдің өзі зиянға аталған оқиғаны көбейту жолымен есептеледі...»[15]. Сонымен келесіден қорытынды жасауға болады: қауіптілік – бұл біріншіден, кез келген қорғау нысанына зиян тигізу мүмкіндігі және екіншіден, бұл қоршаған орта қасиеті; қауіпсіздік – бұл қорғау нысанының кез келген қауіптілік түрінен қорғалу күйі; тәуекел – бұл сәтсіздінтің мүмкін қаупі, зақымдаушы әсерлердің ықтималдығы немесе жиілігі, күтілетін зиян, ықтимал зиян келтіру, қауіптің сандық шамасы, мүмкін жағымсыз салдар, зиян келтірумен оқиғаны іске асырудың нақты қауіптілігі, мүмкін қауіп шамасы мен оны іске асыру салдары, қауіпті оқиғаның туындау мүмкіндігі.
Қаншалықты «тәуекел» сөзі іс-жүзінде қашанда қауіптілікті іске асыру нәтижесінде қандай да бір шығын (мүлік, ақшалай, денсаулық, өмір) мүмкіндігімен бірігеді, сондықтан да көп жағдайда осы шығындардың өлшемі сандық бағалауға беріледі, қандай да бір бірлікпен өлшенуі мүмкін, бірақ бірқатар жағдайда бұны жасау мүмкін емес [19]. Тәуекелді өлшеуге болмайтын сапалық және өлшеуге болатын сандық деп бөлуге болады. Әрбір қауіптілікті түрлі жақтарын және осы қауіптілік параметрлерін бағалайтын көп түрлі тәуекел сипаттауы мүмкін. Мысалы , бір жағынан – оны іске асыру жиілігін, басқа жағынан – қауіпті іске асыру салдарының сипаты мен өлшемі. Әрбір тәуекел көптеген жағдайларға және факторларға байланысты өзінің мағынасын өзгертуі мүмкін, яғни белгілі бір өзгеріске ұшырайды. Сондықтан да тәуекелдеңгейіне әсер ететін жекелеген факторлардың ролін анықтай отырып, оларға мақсатты бағыттылған әсерді байқап көруге, яғни тәуекелді басқаруға болады. Осыған сәйкес белгілі бір дәрежеде қандай да бір қорғау нысанына қатер төндіретін қауіпті басқаруға, оның кері әсерін әлсіретуге болады [33]. Сол немесе басқа қорғау нысанымен байланысты барлық тәуекелді нолге дейін төмендету мүмкін емес.Тәуекелді тек қоғам мәжбүрлі түрде келісетіндей деңгейге дейін азайтуды байқап көруге болады. Бұдан шығатыны, қандай да бір жүйенің абсолютті қауіпсіздігіне (кез келген қауіптіліктің болмауы) шынайы әлемде жету мүмкін емес. Бірақ та тәуекелді басқара отырып, берілген қорғау нысанының қауіптілік дәрежесін азаййтуға болады, яғни деңгейдің қазіргі жағдайындағы барынша мүмкін деңгейге дейін оның қауіпсіздік дәрежесін көбейтуге-арттыруға болады. Тек осы мағынада қорғау нысанының оған қатер төндіретін қауіптен «қорғалған күйі» деп айтуға болады [32]. Осылайша қауіпсіздік – қорғау нысанының күйі, онда осы нысанға тән барлық тәуекелдің мәні олардың рұқсат етілген деңгейінен аспайды. Схема түрінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету алгоритм 1-ші суретте келтірілген.


Сурет 1 - Нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету схемасы


Өрт қауіпсіздігі проблемасын талдау кезінде үш негізгі түсінік анықталады: өрт қаупі, өрт тәуекелі және өрт қауіпсіздігі. Өрт қаупі мен өрт тәуекелінің алғашқы анықтамасы 1997ж. Н.Н. Брушлинскиймен ендірілген:


-Өрт қаупі – қорғау нысанына, қоршаған ортаға, қоғамға зиян әкелетін бақыланбайтын жану(өрт) үдерісінің туындауы мен даму қаупі;
-Өрт тәуекелі – сәйкес бірлікте өлшенетін өрт қаупін (және оның салдарын) іске асыру мүмкіндігіңің сандық сипаттамасы [19].
ҚР Өрт қауіпсіздігі талаптары туралы техникалық регламентте келесідей анықтама берілген:
-Өрт тәуекелі – адам мен материалдық құндылықтар үшін қорғау нысанының өрт қаупі мен оның салдарын іске асыру мүмкіндігінің шамасы;
-Өрт қауіпсіздігі - нысанның өртке қарсы қорғалу күйі, онда өрт тәуекелінің барлық мәні олардың рұқсат етілген діңгейінен аспайды [1].
Әрбір қауіптің көптеген тәуекелі бар, ол осы қауіптің жекелеген аспектілерін сипаттайды. Дәл осындай көптеген өрт тәуекелі бар. Негізгі өрт тәуекеліне Н.Н. Брушлинский келесідей жатқызады:

  1. Адам үшін R1 тәуекелі бірлік уақытта өртпен (оның қауіпті факторларымен) ұшырасуы. Қазіргі таңда бұл тәуекелді бірлікте өлшеу ыңғайлы: өрт/0,01 адам * жыл.

  2. Адам үшін R2 тәуекелі өрт кезінде өлімге ұшырауы (оның құрбаны болуы). Бұнда өлшем бірлігі келесідей түрде болады: құрбан/0,1 өрттер.

  3. Адам үшін R3 тәуекелі бірлік уақытта өрттен құрбан болады: құрбан/0,0001 адам * жыл. Шындығында бұл тәуекелдер қатынаспен байланысты:

R3=R1 x R2
Бұндағы R1 тәуекелі өрт қаупінің іске асу мүмкіндігін сипаттайды, ал R2 және R3 тәуекелдері – осы іске асудың кейбір салдарын сипаттайды. Өрттен келетін материалдық зиянды сипаттайтын өрт тәуекелі ретінде Н.Н. Брушлинский келесі тәуекелдерді қолдануды ұсынады: R4 тәуекелі өрт нәтижесінде құрылыстың жойылуы; R5 тәуекелі өрттен келетін тікелей материалдық зиян. Жоғарыда келтірілген өрт тәуекелдерінен басқа келесідей тәуекелдерді қарастыруға болады: өрт кезінле жарақаттану, түрлі себеп бойынша өрттің туындауы (найзағай, өртеп жіберу, электр желідегі қысқа тұйықталу, отқа тұрақтылықтың түрлі дәрежесі және т.б. [30] ... ҚР «Өрт қауіпіздігі туралы техникалық регламентте» тәуекелдің келесідей түрлері келтірілген:
Рұқсат етілген өрт тәуекелі – әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан оның деңгейі рұқсат етілген және негізделген өрт тәуекелі;
Жеке өрт тәуекелі – өрттің қауіпті факторы әсері нәтижесінде адамның өліміне әкелуі мүмкін өрт тәуекелі; Әлеуметтік өрт тәуекелі – өрттің қауіпті факторы нәтижесінде адамдар тобының өліміне әкелетін қауіптілік дәрежесі [1].
Осылайша, өрт тәуекелі өте көп, және олардың барлығына өрт қаупіне табысты қарсы тұру үшін таңдай алуымыз керек. Тәуекел жіктелуі 2-ші суретте келтіруге болады.

Сурет 2 - Тәуекелдің жіктелуі


Өрт тәуекелін басқару – берілген өрт тәуекелінің мәнін рұқсат етілген (қолайлы) деңгейге дейін азайтуға мүмкіндік беретін шаралар кешенін жасау және іске асыру.


Өрт тәуекелін яғни өрт қаупін басқарудың ұзақ мерзімді стратегиясын жасау үшін біріншіден, қайда және қандай себеппен өрт туындағанын және қайда өрт кезінде адамдардың құрбан болғанын анықтауымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет