Жоғарымектебі



бет3/12
Дата30.09.2023
өлшемі4.86 Mb.
#479258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Отчет Мукамет Марина

Аполлон көбелегі,









02.06.23

Күн ашылғаны біздің танымжорығымыздың дамуына үлкен үлесін қосты. Осы күні біз Қалба тауларынан қабыршақтылар мен ереше гүлдердің биотоптарымен таныстық. Қанжығамыз майланып осы жолы Секіргіш кесірткенің (Lacerta agilis) ұрғашысын ұстап алдық. Олар өте жылдам болады екен. Түстері сұрғылт келетінін байқадық. Онымен қоса кәдімгі мыңжапырақ (Achillеa millefolium), кәдімгі тікенқурай (Cirsium vulgare), қашқаргүл (Aster alpinus) өсімдіктерін байқадық







03.06.23

Тамылжыған таңмен ояна салысымен біздің далалық практика орналасқан базамызға сонау Польша, Познань қаласы Адама Мицкевича атындағы университет профессоры Петр Шкудлаж келіп өзінің ғылым жолындағы жетісітіктерімен қоса өсімдіктер туралы лекция оқып берді. Керемет жүздесуден кейін танымжорыққа шығып кеттік .Экскурсия кезінде сарыбас жыланды ұстап алдық Онымен қоса Қызыл кітапқа енген ерекше көбелек Подалирий  (Iphiclides podalirius) ұстап алдық. Оның ұшу ерекшелігіне,қанатының құрлысына қарап ажыраттық. Осылай тағы бір күн өз мәресіне жетті







04..06.23

Шұғыласы шырайлана шыққан тағы бір ерекше таң,біздің практиканың аяқталар уақытты келіп қалды. Бүгін жоспарға сай жабайы және арамшөптер туралы зерттеу бастадық. Осы маңнан Шырмауықты байқадық. Ол егістіктің негізгі арамшөбі болып саналады. Онымен қоса ректорымыз Төлеген Мұқтар Әділбекұлы келіп білім алушылардың хал-жағдайын біліп.керемет жүздесу жссап,бізді бір марқайтып кетті. Осы күніміз база маңында өтті. Далалық практика бойынша есеп жазумен тағы бір күн зымырап өте шықты.







05.06.23

Бүгінгі күн бастала салысымен қызыққа толы болды. Тұрып жаттығу жасап,кейін ұстаған сары бас жыланды, кесірткені сойып,ішкі құрлысымен танысуды бастап кеттік. Оларды қабыршақ қанаттылар құрамасына кіреді екен. Дене құрлысы ерекше омыртқасыздар класына жатады.Осындай жұмыстар атқарып,есеп жазумен көзді ашып жұмғанша бір күн өте шықты.







06.06.23

Бүгін таң атысымен жоспарға сай жұмыс атқарардық. Тау сілемдерінен.көлшіктерден омыртқасыз және өрмекшітәріздестерді іздестірдік.Сол кезде тоқ сары қанқызды байқадық. Оны суретке түсірдік.Онымен қоса Ағаш арасы немесе ұста арасы (Xylocopa)көріп қалдық. Олардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым қатынасын сипаттама жасадық.







07.06.23

Бүгін біз таң атысымызбен барлық назарымызды суға бөлдік десекте болады. Яғни бүгінгі жұмысымыз балықтар. Қарабалық немесе линь (Tinca tinca) және Сазан(лат. Cyprinus carpio), Олардың ішкі құрлысымен танысып,камералдық бақылаудан өтткіздік.









08.06.23

Бүгін таңда экскурсияда жинаған материалдарынан коллекция жасап, этикеткалар жаздық. Практика соңында əрбіріміз үшін сынақ экскурсиясы өтті. Зерттелген аудан өсімдіктерімен жануарлар фаунасының жалпы сипаты біртұтас көрініс ретінде болғаны өте маңызды. Сынақ күні зерттелген флора мен фауна бойынша жалпы есеп құрадық. Есеп сурет, сызба нұсқа, карталармен, фотосуреттермен жəне практика кезіндеанықталған өсімдіктер мен жануарлар тізімімен толықтырылды.







09.06.23

Арайланып таңда атты.керемет естен кетпес қызығы мен шыжығы қатар жүрген практикамыздың соңғы күні. Практиканың ерекше әсеріне масаттанып есеп тапсырдық. Есеп осы қорытынды конференцияда талданды. Өткен ерекше нәрселерді көріп,бар білімімізді миға тоқыдық. Ерекше практика үшін Сәрсен Амажолов универиститетінің ректорына және жетекшіміз Багдат апайға алғыс білдіреміз.
Бәріне рахмет!










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет