«Жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін табыстау туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата03.07.2016
өлшемі76.81 Kb.
#175261



Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы « »

№ бұйрығына

қосымша

«Жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін табыстау туралы шешім қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін табыстау туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі  мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі  Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері (бұдан әрі  көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі  портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті беруші мен порталға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап  5 (бес) жұмыс күні;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты  15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты  15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі  жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін жер учаскесін табыстау туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі  ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметті қағаз түрінде алуға өтініш жасаған жағдайда көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық нұсқада әзірленеді, қағазға басылып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі  көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін;

мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі;

2) порталда  жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не құжат бойынша заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоғы, жер учаскесінің құқығын растайтын және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге  құжат пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңсеге тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

порталда  «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалдың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оны лауазымды тұлғасының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына беріледі;

шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;

шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;

2) портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Шағымда:

1) жеке тұлға үшін  оның тегі, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлға үшін  оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

«Жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін табыстау туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына


нысан
______________________________ әкімі

(облыс, аудан, қала)

___________________________________

(т.а.ә. (ол болған жағдайда) жеке тұлғаның

___________________________________

немесе заңды тұлғаның толық атауы)

ЖСН (БСН)_________________________

___________________________________

(жеке және заңды тұлғаны растайтын

___________________________________

құжатының деректері

___________________________________

байланыс телефоны, мекен-жайы)

Жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін табыстау туралы өтініш
________________________________________________________________

(жер учаскесінің орналасқан жері (мекен-жайы)

орналасқан, ауданы ___________ гектар, _________________________________

________________________________________________________________ үшін

(жер учаскесінің мақсатты тағайындалуы)

____________________________________________________________________

(сұралып отырған құқық түрі)

________________________________________________________________________________

(Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50 б., 5 т. сәйкес) басқа жер учаскелерінің бары не жоғы туралы мәлімет)

жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін жер учаскесін табыстауды сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімді беермін.

Көрсетілетін қызметті алушы___________________________________________



(жеке тұлғаның т.а.ә. (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы

___________ «_______» ______________ 20____ жылы.

(қолы) (күні)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет