Прокуратура органдарының қызметкерлігіне денсаулығына қарай жұмыс істеуге жарамды, жоғары білімі бар азаматтар қабылдануы мүмкін. Бұрын сотталған, мемлекеттік қызметтен қуылған прокуратура қызметкерлері, құқық қорғау органы, әділет министрлігіндегі қызметкерлер прокуратура органында жұмыс істей алмайды. Әскери прокурорлар, бұған қоса, әскери қызметшілер болуы керек. Облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлардың, аудандық қалалық және оларға теңестірілген прокурорлардың прокурорлығына жасы 25-ке толған, прокуратура органдарында кем дегенде үш жыл еңбек өтілімі бар адамдар тағайындалады. Прокуратура органдарының қызметкерлері үш жылда бір рет аттестациядан өткізіледі. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына бірінші рет қызметке алынып отырған адамдар ант қабылдайды. Прокурорлық қызметкерлерді аттестациялау олардың істеп отырған қызметіне лайықтылығын немесе сәйкес келмейтіндігін анықтауға, сондай-ақ қызметін жоғарылату, кезекті дәрежелік шен беру жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекеттік билік өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Олардың: 2.Республиканың Бас прокуроры белгілеген тәртіп бойынша қорғануға қажет болған және өте мәжбүр болған жағдайда ату құралын қолдануға құқығы бар. Прокуратура өз қызметінің барысында атқарылуы міндетті түрлі актілерді қабылдайды. Бұлар — наразылық қаулылар, тапсырмалар, арыздар, санкциялар, нұсқаулар, ұсыныстар, заңды түсіндірме түріндегі прокурордың қадағалау актілері. Прокуратура өз қызметінің барысында атқарылуы міндетті түрлі актілерді қабылдайды. Бұлар — наразылық қаулылар, тапсырмалар, арыздар, санкциялар, нұсқаулар, ұсыныстар, заңды түсіндірме түріндегі прокурордың қадағалау актілері. Наразылық — оны прокурор мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің Конституцияға, Республика Президентінің заңдары мен актілеріне қайшы келетін шешімдер мен әрекеттеріне байланысты шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |