7 дәріс Қоғам өміріндегі жолаушылар көлігінің дамуы, техниканың, экономиканың дамуы.
Жолаушыағыны деп қарастырып жатқан уақыт аралығында анық бағытта қозғалатын жолаушылар санын айтамыз.
Жолаушыайналымы деп жолаушы тасымалдау бойынша орындалған немесе жоспарланған көліктік жұмысты айтамыз(жолау.км).
Жолаушы тасымалдаудың ерекшелігі жолаушыағынының бір қалыпсыз болуы, ол жолаушы тасымалдауды қиындатады. Жолаушыағыны және жолаушыайналымы маусым бойынша, апта күндері, тәулік сағаттары бойынша және учаскелер мен бағыттар бойынша бір қалыпсыздыққа ие. Жолаушыағынының бірқалыпсыздығын бірқалыпсыздық коэффициенті сипаттайды.
Ірі қалалар үшін жолаушыағынының бірқалыпсыздық коэффициенті келесі мәндерге ие:
Жыл айлары бойынша 1,1-1,2; апта күндері бойынша 1,15-1,2; тәулік сағаттары бойынша; бағыттар бойынша 1,2-1,5
Жолаушыағынының тәулік сағаттары бойынша тербелісі оған әртүрлі факторлардың әсер етуінен болады (тұрақты және тұрақсыз);
а) тұрақтыға – кәсіпорындарда, оқу орындарында, ұйымдарда, мәдени орталықтарда, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, бақа түрдегі көліктердің (темір жол, су және әуе т.б.) жұмыс режимі.
б) уақытша – спорттық ойындар және жарыстар, жәрмеңкелер, көргезбелер т.с.с
Жолаушыағынының уақыт бойынша тербелісі анық заңдылықтарға ие болып, жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру және жоспарлау кезінде оларды есепке алады.
****Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша көліктік процессті тиімді ұйымдастыру үшін, жолаушыағыны жайлы ақпараттарды жүйелі түрде алып отыру қажет.
4. Жолаушыағынын зерттеу тәсілдері Жолаушыағындарын және жолаушы айналымдарын үйрену үшін әртүрлі зерттеу тәсілдері қолданылады:
1. Анкеталық — тұрғындар арнайы анкетталар толтыру арқылы.
2.Талондық зерттеу — жолушыға көлікте жүру кезінде жолушыға арнайы талон беріледі, оны көліктен шығар кезде арнайы контролерге береді.
3. Тікелей бақылау — аялдамаларда арнайы контролер әр аялдамалардағы жолаушылардың санын шамамен жазып отыратын карталарды толтырады
4. Есепттік тәсіл – тасмалдау көлемін анықтау үшін тұрғындардың көлікте жылжуын келесі өрнекті аламыз.
мұнда, ∑П— барлық тұрғындардың сапарының саны; Н — қала тұрғындарының саны; П— тұрғындардың көліктік жылжуы (бір жолаушының бір жылдағы сапарларының саны).
Қала тұрғындарының жалпы сапарларының саны мына өрнек арқылы анықталады.
мұнда, П1 — қаланың тұрақты тұрғындарының сапарларының саны; П2 — қалаға келетін қала сыртындағы тұрғындардың саны; П3— қалада уақытша тұратын тұрғындардың саны.
Қаладағы тұрақты тұрғындардың сапарларының саны П1 келесі өрнектен табылады
мұнда Н— тұрғындардың саны Кт — жолаушы көлігін пайдалануды есепке алу коэффициенті (0,75 — 0,80); П — бір жұмысшының жұмыс орнына бару үшін сапарларының жылдық саны; П —• бір оқушының оқу орнына бару үшін сапарларының жылдық саны.; а — жұмыс істейтіндердің үлесі, (0,7 — 0,75); а — оқитындарының үлесі, (0,25 — 0,30); К —іскерлік сапарларды есепке алу коэффициенті, (1,05— 1,10); KKfi— мәдени-тұрмыстық сапарларды есепке алу коэффициенті (1,05— 1,20); Кв — қайту сапарларын есепке алу коэффициенті (1,8— 1,9); Кп— қайта отыруды есепке алу коэффициенті 1 — 1,3).
Қалаға келетін сыртындағы тұрғындардың жылдық сапаларының санын және қалада уақытша тұратындардың сапарларының жылдық санын төмендегіше алуға болады