Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидалары Жалпы қағидалар



Дата03.07.2016
өлшемі66.96 Kb.
#174258


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы

« »
қаулысымен бекітілген



Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату

немесе уақытша шектеу

қағидалары
1. Жалпы қағидалар


  1. Осы Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу тәртібін анықтайды.

  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жол – көлiк құралдарының жүруі үшін жайластырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үстi. Жол бiр немесе бiрнеше жүру бөлiктерiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;

2) жол жүрісі – жолдар шегінде адамдар мен жүктердi көлiк құралдары арқылы немесе оларсыз тасымалдау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;

3) жол иелері – жол жекеменшіктері немесе шаруашылық жүргізу құқығында жолдарды басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

4) жол жүрісіне қатысушы – жол қозғалысы процесінде жаяу жүргінші, жолаушы немесе көлік жүргізушісі ретінде қатысатын тұлға;

5) айрықша мақсаттағы автомобиль – қорғалатын тұлғаларды тасымалдау және (немесе) еріп жүруге арналған көлік құралы;

6) әскери колоннасы – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік, Қарулы күштер, басқа әскери және оларды қалыптастыратын әскери органдарының үш және одан көп механикалық көліктік құралдарының тобы. Олар әскери тасымалдауларды орындайды және бір қозғалыс жолағымен бірінің артынан бірі әрдайым фараларын жағып, көгілдір түсті жарқылдайтын шамшырақтарымен немесе көк және қызыл түсті шамшырақтарымен басты көлік құралының еріп жүруімен жүзеге асырылады;

7) жол жүрісі қауiпсiздiгi – қатысушыларының жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;

      8) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жол-көлік оқиғаларын, жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерін болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға, сондай-ақ осындай зардаптарды жоюға бағытталған қызмет;

9) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жол жүрiсін басқару жөніндегі ұйымдық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешенi;

10) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;

11) көлік құралы – адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;

3.  Жолдарда немесе жекелеген жол учаскелерінде жол жүрісін уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, оны ұйымдастыруды өзгерту келесі жағдайларда енгізіледі:

1) жол жүрісі қауіпсіздігіне, оның ішінде жеке адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төнген;

2) жолдардың сақталуына қатер төнген;

3) ЖКО;

4) атмосфералық ауа химиялық және өзге де заттар концентраттарының жол берілетін шекті нормативтерінен артық ластанған;



5) дүлей зілзалалар, қолайсыз жол-климат жағдайлары;

6) бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізгенде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруі үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында не көлік құралдарын пайдалану жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндірген;

7) егер теміржол өтпелері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай келмеген;

8) жолдарда жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізілген;

9) терроризмге қарсы операциялар және (немесе) күзет іс-шаралары жүргізілген;

10) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың зардаптарын алдын алу және (немесе) ескерту жөніндегі іс-шаралар жүргізілген;

11) жолдардың конструктивтік элементтері жай-күйінің көрсеткіштері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық нормаларына сәйкес келмеген;

12) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізу келесі жағдайларда енгізіледі:

айрықша мақсаттағы автомобильдердің;

ұйымдастырылған автобус колонналарының;

әскери колонналардың ілесіп жүрген кезде;


  1. Жолдарда көлік құралдарының қозғалысын

тоқтату немесе уақытша шектеу тәртібі
4. Осы Қағидалардың 1), 2), 5), 8), 11) тармақшаларымен қарастырылған жағдайлар туындаған кезде, алынған мәлімет және жолдардағы жағдайды бағалау негізінде жол иелері және (немесе) ұлттық оператор жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеуді барлық техникалық құралдармен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Астана және Алматы қалалары, облыстардың Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - ТЖД) «112» ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне (бұдан әрі - БКДҚ) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана және Алматы қалалары, облыстардың Ішкі істер департаменттерінің Әкімшілік полиция басқармаларына (бұдан әрі - ІІД ӘПБ) хабарлау туралы шешім қабылдайды.

5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 9) тармақшасымен қарастырылған жағдайлар туындаған кезде, терроризмге қарсы күресу бойынша оперативтік штабтар өткізіліп жатқан шаралар туралы жол иелеріне және ІІД ӘПБ хабарлайды.

6. Осы Қағидалардың 3-тармағының 6) тармақшасымен қарастырылған шаралар өткізілген кезде, шараларды өткізуге жауапты мемлекеттік орган шараны өткізу күніне дейін үш күн бұрын жол иелеріне және (немесе) ұлттық операторға, ІІД ӘПБ хабарлайды.

7. Осы Қағидалардың 4) тармақшасымен қарастырылған жағдайлар туындауы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Астана және Алматы қалалары, облыстардың Экология департаменттерімен жол иелеріне, ұлттық операторға және ТЖД, ІІД ӘПБ жіберіледі.

8. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларымен қарастырылған жағдайлар туындаған кезде, ІІД ӘПБ жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеуді барлық техникалық құралдармен жол иелеріне және (немесе) ұлттық операторға, БКДҚ «112» ТЖД хабарлау туралы шешім қабылдайды.

9. Осы Қағидалардың 3-тармағының 10) тармақшасымен қарастырылған жағдай туындаған кезде, ТЖД жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеуді барлық техникалық құралдармен жол иелеріне және (немесе) ұлттық операторға, ІІД ӘПБ хабарлау туралы шешім қабылдайды.

10. 3-тармақта қарастырылған жағдай туындаған кезде, жол иелері және (немесе) ұлттық оператор қамтамасыз етеді:

- жол үстінде қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты оқиғалар туралы хабарламаларды қабылдау мен тіркеу;

- «Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентіне сәйкес қар жаууы немесе дауыл тоқтаған сәттен бастап қар тазалау және қысқы тайғақтықты пайда болған кезден бастап жою;

- оқиға болған жерге көліктік авариялық-құтқару құралдарының, өрт сөндіру және медициналық қызметтірдің кедергісіз жүріп өтуі;

11. ІІД ӘПБ 3-тармақта қарастырылған жағдай туындаған кезде, қамтамасыз етеді:

- жол үстінде қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты жол көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО), төтенше жағдайлар, оқиғалар туралы хабарламаларды қабылдау мен тіркеу;

- жол-күзет полициясының қызметкерлерін ЖКО фактісін тіркеу үшін шақыру орнына оралымды бағыттау, көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру, жедел қызметтерге жәрдем көрсету, адамдарды эвакуациялау бойынша мүмкін болатын шаралар қабылдау;

- жолдарда уақтылы посттар қою;

12. Осы Қағидаларының 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10), 11) тармақшаларымен қарастырылған жағдайлар туындаған кезде, ТЖД жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеуді ескерту және салдардың алдын алу және көмек көрсету бойынша оперативтік шаралар қолдану үшін ІІД ӘПБ, вокзалардың, көліктік ұйымдарының диспетчерлік қызметтері және көршілес облыстардың ТЖД және шекаралас мемлекеттердің төтенше жағдай мемлекеттік органдарына бұқаралық ақпарат құралдары және смс-хабарламалары арқылы хабарлауды қамтамасыз етеді.

13. 6), 9) және 12) тармақшаларында қарастырылған жағдайлар туындаған кезде, терроризмге қарсы күресу бойынша оперативтік штабтар және жауапты мемлекеттік органдар ішкі нормативтік құжаттарға және сәйкесінше мемлекеттік органдарының жобасына сәйкес әрекет етеді.

14. Осы Қағидаларының 3-тармағында қарастырылған жағдайларды жою бойынша өткізілген шаралардан кейін және ІІД ӘПБ, ТЖД алынған мәліметтерді бағалау және сараптау негізінде, жол иелері және (немесе) ұлттық оператор көлік құралдары қозғалысына шектеу қою немесе қайта жаңарту туралы шешім қабылдайды.

15. Осы Қағидаларының 14 тармағына сәйкес ТЖД көлік құралдары қозғалысына шектеу қою немесе қайта жаңарту туралы халықты бұқаралық ақпарат құралдары және смс-хабарламалары арқылы, сондай-ақ көршілес облыстардың ТЖД және шекаралас мемлекеттердің төтенше жағдай мемлекеттік органдарына хабарлауды қамтамасыз етеді.

16. Осы Қағидаларының 3-тармағында қарастырылған жағдайларды жою бойынша өткізілген шаралардан кейін және ІІД ӘПБ, ТЖД алынған мәліметтерді бағалау және сараптау негізінде, жол иелері және (немесе) ұлттық оператор көлік құралдары қозғалысына шектеу қою немесе қайта жаңарту туралы шешім қабылдайды.

____________________________________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет