Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар


Жеке тапсырма: Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар



бет4/6
Дата15.06.2022
өлшемі252.88 Kb.
#459267
1   2   3   4   5   6

3 Жеке тапсырма: Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар


Машина жасаудағы бұйымдарды жобалау, дайындау, пайдалану және жөндеу мақсатында база мен базалаудың терминдері мен негізгі анықтамалары бекітілген (МЕСТ 21495-82).


Дайындама немесе бұйымды таңдап алынған координата жүйесіне қатысты қажетті жағдайға орналастыру базалау деп аталады.
Өңделетін дайындаманы немесе бұйымды базалау және бекіту процесі
қондыру деп аталады.
Дайындамаларды станокка өңдеу кезіндегі беттер төмендегідей бо-

лады:



көмектесетін беттер;

Базалау үшін қолданылатын дайындамаға немесе бұйымға тиесілі бет, ось және нүкте база деп аталады.
Таңдап алынған координаталар жүйесінде дайындаманың немесе бұйымның қозғалмауын қамтамасыз ету үшін олардан барлық алты еркіндік дәрежесінен айыратындай етіп (алты нүкте ережесі) алты екіжақты геометриялық байланыс жасау керек. Бұл байланысты жасау үшін базалар жиынтығы қажет (1.16-сурет).


1.16-сурет. Дайындаманың жылжымауын қамтамасыз ететін тірек нүктелері: 1-6 екіжақты байланыстар; I, II, III деталь базалары
Таңдап алынған координаталар жүйесіндегі дайындама немесе бұйым байланысын білдіретін нүкте тірек нүктесі деп аталады. Базалау сұлбасында барлық тірек нүктелерін шартты белгілермен көрсетіп, тірек нүктелері ең көп

орналасқан базадан бастап қатар санмен нөмірлейді.
Егер қандай да бір тірек нүктесі тағы бір нүктемен сәйкес келіп қалса, біріктірілген нүктелердің нөмірі қойылған бір нүкте белгіленеді (1.17-сурет).




1.17-сурет. Призмалық детальды базалау сұлбасы: 1-6 тірек нүктелері; I, II, III деталь базалары

Өңдеу мен жинаудың технологиялық үдерістерін жобалау және де қателіктерді есептеу базалар таңдамасына тікелей байланысты, олар жобалау, конструкторлық, технологиялық және өлшегіш базалар болыпбөлінеді [24].


Бұйымды жобалау, оны дайындаудың технологиялық процесін жа- сау немесе жөндеу кезінде таңдап алынған база жобалау базасы деп ата- лады.
Бұйымды жобалау кезінде бұйымның басқа элементтерімен
салыстырғанда детальдың есептік жағдайын, ал технологиялық үдерісті жобалау кезінде өңделетін дайындаманың технологиялық жүйесінің (кесу аспабының, жабдықтың және станоктың) басқа элементтерімен салыстырғандағы есептік орнын анықтайды. Жобалау базаларын сыз- баларда геометриялық элементтер (біліктер мен тесіктер осьтері, сим- метрия жазықтықтары, бұрыштар биссектрисалары және т.б.) түрінде көрсетеді.
Детальдің немесе жинақ бірлігінің бұйымдағы орнын анықтау үшін қолданылатын базалар конструкторлық деп аталады. Бұйымды жинау кезінде оның элементтерінің конструкторлық базасы біріктіріледі. Сол себепті конструкторлық базалар бұйым элементтерінің нағыз беттері болып табылады.
Дайындама немесе бұйымның дайындау (жөндеу) үдерісіндегі орнын анықтау үшін қолданылатын базалар технологиялық деп ата лады. Дайындама немесе жинақ бірлігін жабдыққа орнықтырар кездегі жабдықтың орнату элементтерімен тікелей жанасуда болатын дайындаманың немесе жинақ бірлігінің беттері технологиялық базалар болып саналады. Бұл базалар негізгі және көмекші (жасанды) болып бөлінеді.
Негізгі технологиялық базаларға деталь конструкциясының бөлінбес бөлігі болатын және бұйымның жұмыс кезінде белгілі бір қызмет атқаратын беттері жатады. Мысалы, 1-ші тесік беті (1.18-сурет а) және дайындаманың шетжақ беті 2 тістерді жасау кезінде базалау үшін қолданылады, әрі


11

технологиялық база болып саналады.




1.18-сурет. Деталь беттерінің негізгі (а) жәнекөмекші (ә) базалары

Көмекші базалар – технологиялық тұрғыдан алғанда арнайы жа- салатын беттер, әрі олар бұйымдағы детальдің жұмысына қажет емес. Мысалы, корпустық детальдар дайындамасындағы бекітуге арналған тесіктер 3, қозғалтқыш піспегінің етегіндегі центрлегіш белбеу 4 және торец 5 (1.18- сурет ә) және т.б.


Өлшегіш базалар дайындаманы өңдеу (бұйымды жинау) кезінде өлшемдерді есептеуді бастауға немесе деталь беттерінің (бұйым элементтерінің) өзара орналасу жағдайын тексеруге арналған беттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет