Типтік детальдарды базалау мысалдары. 1.19-суретте [24] негізгі жабдықтар (үш тірек) және екі бүйір беттер (екі және бір тірек) бойынша дайындаманың 1 жабдықтағы 2 алты тірекке 3 орнатылуы көрсетілген. І, ІІ және ІІІ беттер технологиялық базалар болып табылады. Берілген ба- залау сұлбасы бойынша дайындама барлық алты еркіндік дәрежесінен айрылған және қабылданған координаталар жүйесімен салыстырғанда белгілі бір жағдайға орналасқан.
Дайындаманы немесе бұйымды үш еркіндік дәрежесінен, яғни бір координата осі z бойымен жылжудан және басқа екі ось (х және у) бой- ынша бұрылудан айыратын бет І қондыру базасы деп аталады.
1.19-сурет. Дайындаманы алты тіреккебазалау:
1 – дайындама; 2 – бекіту жабдығы; 3 – тіректер; I, II, III – беттер
Дайындаманы немесе бұйымды екі еркіндік дәрежесінен, яғни бір координата ось у бойымен жылжудан және басқа ось z бойынша бұрылудан айыратын бет ІІ бағыттаушы база болып табылады. Ал дай- ындаманы немесе бұйымды бір еркіндік дәрежесінен, яғни бір коорди- ната осі х бойынша жылжудан айыратын бет ІІІ тірек базасы деп ата- лады. Дайындамаларды барлық алты еркіндік дәрежесінен айыратын базалау ережесі алты нүкте ережесі деп аталады [9,24].
Тәжірибе жүзінде дайындамаларды тек қана бес, төрт тіпті үш тірек нүктесін қолдану арқылы базалау жағдайлары кездеседі. Дайын- даманы базалау үшін алты нүктеден кем нүкте, яғни үш базадан кем база қолданған жағдайдың барлығында да жабдықтағы дайындаманың жағдайы бекітілмеген болып есептеледі.
Тірек элементтерінің белгіленуі. Базаның формасы мен жоғалтатын еркіндік дәрежелерінің санына байланысты тірек элементтері негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі тірек элементтері дайындаманы базалау үшін олардың әрқайсысы бір немесе бірнеше тірек нүктелерін жүзеге асырумен сипатталады. Жабдықтың ішінде орналасуымен қатар, таңдап алынған базалау тәсілімен олар тірек нүктелерінің (алтыға шейін қосып алғанда) қажетті жиынтығын құрайды. Мұндай элементтерге жа- татындар: тірек саусақтары мен табақшалары, центрлер, жүзетін және құрсауланған тіректер және т.б.
Технологиялық құжаттамада қолданылатын тіректердің, қысқыштармен отырғызу қондырғыларының графикалық белгіленуі МЕСТ 3.1107-81 бойынша бекітілген. 1.20-суретте детальдарды орналастыру сұлбаларының мысалдары көрсетілген.
Детальдің қозғалмайтын тірекке бекітілуі пневматикалық қыс- қыштың көмегімен жүзеге асырылады (1.20-сурет а), детальдің сфералық беті қосарлы қысқыштың көмегімен бекітіледі (1.20-сурет ә). Деталь центрдегі қозғалмайтын тірек арқылы цангалы қысқыда бекітілуі мүмкін болса (1.20- сурет б), ал конустық беттері бар детальді гидропластық құралбілік көмегімен бекітуге болады (1.20- сурет в).
1.20-сурет. Бұйымдардыорналастыру сұлбалары:
а – жылжымайтын тіреккепневматикалық қысқышпен;
ә – қосарлы қысқышпен; б – цангілі патронда; в – гидропластты құралбілік көмегімен
Базаларды таңдауға байланысты қателіктер. Технологиялық үдерісті жасау барысында әрбір операция үшін бастапқы базаларды таңдайды және бастапқы размерлерді, сонымен бірге дайындаманы тұспалдау үшін базаларды қояды. Базаны дұрыс таңдамаған жағдайда дайындаманы бекітуге немесе босатуға кететін көмекші уақыт ұлғаяды да, жабдық конструкциясы күрделене түседі. Дайындауға аз уақыт кететін, қарапайым айлабұйымның қолданылуын қажет ететін және қажетті дәлдікке жай ғана, әрі сенімді түрде қол жеткізуге бо- латын конструкция ең технологиялық деп саналады. Бастапқы де- ректер ретінде деталь сызбасында және оның элементтеріне қатысты көрсетілген конструкторлық размерлер қабылданады. Деталь бетін өңдеу кезінде базалау сұлбасын жасау мысалы 1.21-суретте көрсетілген [10].
1.21-сурет. Беттерді өңдеубарысында базалау сұлбаларын жасау: 1-6 тірек нүктелері
Дайындаманы бекіту кезінде қателіктер әрқашан болады және олар дайындаманың айлабұйымдағы орналасу жағдайына әсер етеді. Іс жүзінде партиядағы әрбір дайындама айлабұйымда басқа жағдайдан өзгеше орналасады.
Мысалы, цилиндрлік білікшені призмаға 1 базалау кезінде ең үлкен диаметрлі Д білікше осі О нүктесінде орналасқан болса, ал ең кіші диаметрлінікі (Д-а) – О1 нүктесінде болады. Призманың симме- трия жазықтығы бағытындағы білікше осінің (оның диаметрлерінің қателіктері арқасында) ығысуы ОО кесіндісіне тең. Ал призманың симметрия жазықтығына перпендикуляр бағытта білікше осі ешқашан да ығыспайды. Айлабұйымда базалау кезінде дайындаманың әртүрлі беттері мен нүктелері әртүрлі шамаларға ығысады. Мысалы, сол білікшенің осі m шамаға ығысса (1.22-сурет а), А нүктесі – n шамаға, алВ нүктесі – l шамаға ығысады.
1.22-сурет. Білікшені призмада базалау қателіктері (а) және оны есептеу сұлбасы (ә)
Дайындаманың базалау кезінде талап етілетін жағдайдан ауытқуы, ең алдымен оның бастапқы базадан ауытқуы, операция кезінде бастапқы өлшемдерді сақтап қалу дәлдігіне әсер етеді. Сондықтан базалаудың әрбір жағдайында дайындаманың бастапқы өлшемі бағытындағы бастапқы базадан ығысуын анықтау қажет.
Конструкцияның технологиялылығын қамтамасыз етуге бұйымдарды шығару мен пайдалану кезінде жұмысты орындау жағдайларын жетілдіру және қабылданған шешімдегі технологиялық құжаттамаларды белгілеу кіреді. Өндірісте машиналар конструкциясының технологиялылығы немесе машиналардың өндірістік технологиялылығы дегеніміз – уақыт, еңбек және құралдардың шығындары ең аз болған кездегі өндіріс үдерісінде орындалатын жұмыстарға машиналар конструкциясының бейімделу дәрежесі. Детальдар технологиялылығы – технологиялық жарамсыздықтың ықтималдылығы ең аз болған кездегі детальдардың конструкциялық формаларының оларды дайындаудың технологиялық үдерістеріне сәйкестік дәрежесі. Детальдар технологиялық және технологиялық емес болуы мүмкін. Машина конструкциясының сабақтастығы машина және оның бөлшектерінің унификациясы және конструкцияның жинақылығы және т.б. көрсеткіштерімен сипатталады. Көрсеткіштері жақсартылған жаңа машинаның конструкциясын жасау кезінде бұдан бұрын шығарылған типтес машинаның конструкциясы мен жасау тәжірибесі ескеріледі. Сондықтан жаңа машинаның конструкциясында (сапа көрсеткіштерін төмендетпестен) базалық машинаның детальдары, жинақ бірліктері және кешендері неғұрлым көп қолданылған болса, соғұрлым оның жобалауы мен өндірісі оңайға түседі, себебі бұл кезде жұмыстағы сызбалардың, технологиялық карталардың, технологиялық құрал-саймандардың бір бөлігін қолдану мүмкіндігі туындайды.
Машиналар конструкциясы сабақтастығын жоғарылатудың басты жолдарына бұйымдар және оның бөлшектері, бір типтегі машиналар конструкциясында унификацияланған детальдар мен тораптарды қолдану аясын кеңейту және т.б. жатады. Унификацияланған деп әртүрлі машина
механизмдерінде немесе әртүрлі машиналар конструкциясында қолдануға мүмкін болатын детальдар мен тораптарды айтамыз. Көлік техникасының унификацияланған тораптарына олардың тежегіштері, редукторлары, шығырдың жүріс теңгергіштері және т.б. жатады. Детальдарды, жинақ бірліктері мен кешендерін унификациялау машиналарды жобалау мен шығаруға дайындықты жеделдетеді, унификацияланған тораптарды ірісериялы немесе массалы өндіріске ауыстыру есебінен олардың өзіндік құнын азайтып, сапасын арттырады, машинаны пайдалануға қажетті қосалқы детальдар мен тораптардың жалпы санын қысқартады.
Достарыңызбен бөлісу: |