Барлық өнеркәсіп салаларының ішінде ғылыми техникалық прогресті ілгерілетуде жаңа еліміздің экономикалық дамуын арттыруда машина жасау кәсіпорындарының маңызы зор. Машина жасау кәсіпорындары аса маңызды еңбек құралдарын, станоктарды, көлік аппараттары мен аспаптарды ауыл шаруашылық машинасын жасап шығарады. Машина жасау өнеркәсіптің өзекті саласы. Машина жасау кәсіпорындары бүкіл шаруашылықтың техникалық қайта құрылуының, өндірістік кешенді механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Машина жасау республикамыздың материалдық-техникалық базасын құруда жетекші орын алады.
Машина жасау ауыр өнеркәсіптің еңбек құралдарын тұтыну заттарын және қару-жарақ өнімдерін жасайтын негізгі саласы. Машина жасау өндірісі энергетикалық, техникалық, станок жасау және құрал саймандар өнеркәсібі, аспап жасау, ауыл шаруашылық машиналарын жасау т.б. салаларға бөлінеді. Қазақстанда машина жасау екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында басқа республикадан көшіріліп келген жабдықтар негізінде жасалды. Соғыстан кейін бұл сала жоғарғы қарқынмен дамып, көптеген жаңа өндіріс түрлері пайда болды. Республиканың машина жасау кәсіпорындары күрделі әрі металды көп қажет ететін машиналар, тау-кен, көмір, мұнай, металлургия, тамақ кәсіпорындары мен жеңіл өнеркәсібіне қажетті жабдықтар, сондай-ақ ауыл шаруашылығына, көлікке, құрылысқа арналған машиналар мен құрал- саймандар және электротехникалық аппараттар мен станоктар барлығы мыңнан астам өнім түрлерін шығарады.
Машина жасау өнеркәсібінің дамуы экономикалық мәселелерді шешуде маңызы зор. Қазақстан Республикасының ұлттық тәуелсіздігін, қауәпсіздігін және көркеюін қамтамасыз ететін өнеркәсіп салаларының бірі, сонымен бірге әр елдің индустриялық-инновациялық қуатын, ғылыми- техникалық жетістіктерін көрсететін өнеркәсіп.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Н.Н.Карменова «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» Алматы, 2006 46-50 беттер
«Қазақстан ұлттық» энциклопедиясы Алматы, 2003 412 бет
«Қазақстан Совет» энциклопедиясы Алматы, 1973 538 бет
«Қазақстан» статистикалық журналы 1991-2002 жылдар Алматы, 2002 273-275 беттер
М.Қожахмет «Қазақстан экономикалық-әлеуметтік географиясы» Қарағанды, 2006 274-285 беттер
М.Ш.Ярмұхамедов экономическая география Казахской ССР
Алматы 1975 43-45 беттер
Достарыңызбен бөлісу: |