Жөніндегі тұрақты комиссиялардың Қаулысы астана қаласы 12 қазан 2013 жыл



жүктеу 21.63 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі21.63 Kb.


Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі және құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссиялардың

ҚАУЛЫСЫ
Астана қаласы 12 қазан 2013 жыл

«Жеңіс» ТҚК төрағасы

С.Ә. Ерғалідің өтініші туралы

Астана қаласы қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі және құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары «Жеңіс» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасы С.Ә. Ерғалидің Бұланты көшесі, 4 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің мансард құрылысына қатысты үлескерлердің проблемалары бойныша өтінішін қарастырып, бас мердігер - «Астана Мансард Строй» ЖШС объектінің құрылысын аяқтамағанын, 36 956 972 теңгені иемденіп, ысырап еткендігін атап өтті. Жобалау-сметалық құжаттама мен сараптаманың болмауынан құрылыс объектісінің мемлекеттік қабылдау актісі жоқ және қазіргі уақытқа дейін жоғарыда көрсетілген мансард құрылысы үлескерлерінің мүліктік құқықтары шешілмеген.

«Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты мен «Жеңіс» тұрғын үй-құрылыс кооперативіне үйдің қасбетін жөндеуге мақсатты алымдарды жинау бойынша және Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасына қатысу бойынша мансард құрылысының тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Тұрғын үй инспекциясы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, «Жеңіс» тұрғын үй-құрылыс кооперативі мансард құрылысы тұрғындарының мүліктік құқықтарын белгілеу бойынша мәселені зерттесін және мүмкіндігінше мәселені шешуге жәрдем көрсету ұсынылсын.

2. «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты мен «Жеңіс» тұрғын үй-құрылыс кооперативіне үйдің қасбетін жөндеуге мақсатты алымдарды жинау бойынша және Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасына тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің қатысуы бойынша аталған мансард құрылысының тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жандандыру ұсынылсын.

3. Тұрақты комиссиялардың осы қаулысын орындау туралы ақпаратты қалалық мәслихатқа ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін ұсынсын.




Заңдылық, құқық тәртібі және

қоғаммен жұмыс жасау мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссиясының

төрағасы Н.И. Мещеряков


Құрылыс, экология, көлік, сауда және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

төрағасы М.Е. Шекенов




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет