Жоо-да жəне мектепте физикалық практикумды ұйымдастыру жəне өткізу əдістері



бет3/4
Дата09.03.2024
өлшемі181.13 Kb.
#494753
түріПрактикум
1   2   3   4
Казиханов К1

Мысалы: Зертханалық жұмыс № 1. «Жинағыш линзада кескіндер құру». Жұмыстың мақсаты: жинағыш линзада кескіндер құру дағдысын меңгерту. Бұл интерактивтік модель сұлбасы жинағыш линзада үшбұрыштың кескінін құру үшін арналған. Бұл кескін үшбұрыштың бүкіл периметрі бойынша əр нүктелерін тізбектеп құру кезінде автоматты құрылады. Алғашқыда оқушылар интерактивтік сұлбаның жұмысымен танысады (3-сур.). Сұлбада тоғыстың орнын, бас тоғыстар мен фокаль жазықтықтардың орындарын; үшбұрыштың төбесін орнын өзгерту арқылы ұшбұрыштың орнын; үшбұрыштың периметрі бойынша жарық S көзінің орнын өзгертуге болады. Оқушылар бас оптикалық жазықтығын қимайтындай етіп, үшбұрыштың үш төбесін бір кесінді бойында орналастырып, үшбұрыштың кескінін алады. Үшбұрыш төбесінің əр түрлі орнын өзгерте отырып, кескіндер түрлерін анықтайды. Оқушылар кесіндінің əр түрлі типті кескіндерін құрып (шын, жалған, үлкейтілген, кішірейтілген, тура, төңкерілген), əр түрлі сұлба үшін жұмыс кестесіне кесіндінің екі ұшы мен екі тоғыс координаталарын жазып алады. Кейін жұқа линзаның формуласын тексеріп, жұқа линзаның формуласының орындалуына қатысты қорытынды жасайды.
Компьютерлік зертханалық жұмыс № 4. «Шашыратқыш линзада үшбұрыштың кескінін алу». Жұмыстың мақсаты: шашыратқыш линзаның көмегімен кескіндерді тұрғызу дағдысын беру. Бұл сұлба шашыратқыш линзада үшбұрыштың кескінін құру үшін арналған (4-сур.). Бұл компьютерлік модельде линзаның тоғыс арақашықтығын, үшбұрыш төбелерінің орнын, үшбұрыштағы нүктенің орнын өзгертуге болады. Модельде автоматты түрде үшбұрыштың кескіні алынады. Жоғарыда келтірілген зерханалық жұмыс сияқты оқушылар жұқа линзаның формуласының орындалуына қатысты қорытынды жасау қажет.



2-сурет. Шашыратқыш линзада үшбұрыштың кескінін алу зертханалық жұмысының интерактивтік моделі

1-сурет. Жинағыш линзада үшбұрыштың кескінін алу зертханалық жұмысының интерактивтік моделі

Компьютерлік зертханалық жұмыс № 2. «Ферманың ең аз уақыт принципі». Жұмыстың мақсаты: тəжірибе жолымен А–С–В сынығын өту үшін минималды уақытқа сəйкес келетін С нүктесінің орнын анықтау. Жарықтың сыну заңын дұрыстығын тексеру. Бұл модель (5-сур.) А — жарық көзі мен В — жарық қабылдағышының орындарын өзгертуге мүмкіндік береді. Жарық А нүктесінен В нүктесіне түсу керек. С нүктесі екі ортаның бөліну шекарасында перпендикуляр түсірілген негіздерін қосатын кесіндіге орналасады. С нүктесін бұл кесінді шегінде ғана жылжи алады. Бұл кезде кесінді ұштарына қатысты орны (w параметр) мен АСВ сынығын өту үшін жарыққа қажетті уақыты өзгереді. Ферма принципіне сəйкесті бұл уақыт минималды болады. Берілген модель автоматты түрде екі АС и СВ кесінділер бойынша жарықтың өту уақытын келесі формулалар бойынша есептеуге мүмкіндік береді:
t1 = |ACn1/c; t2 = |СBn2/c,
мұндағы n1 мен n2 — сəйкесті сыну көрсеткіштері (жүгіргіштер көмегімен беріледі); с — вакуумдағы жарық жылдамдығы (əмбебап əлемдік тұрақты).
Оқушылар сыну көрсеткіштерін мəндерін жəне бұл орталардағы жарық жылдамдықтарының мəндерін, жарық көзі мен қабылдағыштың орнын өзгерте отырып, АС жəне СВ кесінділерін өту уақытының өзгересін жəне С нүктесінің орнын өзгерте отырып, оның қатысты орны — w параметрі қалай өзгеретінін бақылау қажет. Кейін оқушылар Снелл заңының дұрыстығын тексеріп, қорытынды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет