Жосалы ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 700 Кітап берілімі: 7592 дана



Дата23.02.2016
өлшемі63.87 Kb.
#9135
Жосалы ауылдық кітапхана шежіресі
Оқырман саны: 7002000-2007 008

Кітап берілімі: 7592 дана.

Кітап қоры: 15078 дана.

Халқымыздың рухани талап тілегін қанағаттандыруда олардың

тұрмыс, мәдениетін арттыра беруде, білімнің інжу-маржандарын теру мақсатында кітапхананың алатын орны ерекше.Кітапхана жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда зор рөл атқарады.

Ұсынылып отырған осынау кітапхана тарихында колхоз болып құрылған кезден күні бүгінгі дейінгі аралықта еңбек еткен мәдени қызметкерлеріміздің өмір жолы сөз болмақ.

Жосалы аймағы- тарихи тұлғалармен оқиғаларға толы, өзгеше табиғаты мен өзіндік тарихы бар, қойнауы қазынаға толы бай өлке.

2006 жылғы есеп бойынша халық саны -1330 адам, үй саны-285, орта мектеп-1, бастауыш мектеп-1, орталық амбулатория-1,фелдшерлік

пункт-1, медициналық пункт-2, кітапхана-2, кафе-1, клуб-2, қазіргі кезде халықты жұмыспен қамтуда жауапкершілігі шектеулі серіктестігі-1,

15 шаруа қожалықтары еңбек етеді.

«Жосалы» - деп аталу себебі, бұл жердің табиғи байлығының бірі-«жоса»,- түрлі-түсті құм топырақ.

Қазақ халқының өмір сүріп жатырған жерінің көлеміне қарай алғаш рет кітапхана «Қызыл отау» деген атпен құрылған.Ізденіп,талдау жасап құрылған кезден бері тарихи күндер, карта - сызбалар арқылы көрсетіледі.Сондай-ақ әр жылдар бойынша кітапханадағы әдебиеттердің өсімі,олардың оқырмандарға таралымы сараланып көрсетіледі.Бұл тарихи мұраның толыға молая беруі,яғни толық жазылуы болашақ ұрпаққа игі мұра болып қалары сөзсіз.

Кітапхана көпшіліктің келетін киелі орны.Ондағы сан мыңдаған әдебиеттердің қалай орналасуы,қалай насихатталуы жөнінде де суреттер арқылы толық мағлұматтар ала аласыздар.Кітапханамызға басшылық етіп кітапхана жұмысының ойдағыдай жүруіне қол ұшын беріп отырған мәдени мекеме қызметкерлерінің жұмысы да назардан тыс қалмады. Кітапханамыздың орталықтандырылған жүйе арқылы атқарған жұмыс кездері де айқын көрсетіледі.Әрбір адам кітапханаға рухани қажетін өтеу үшін келеді.Сондықтан да әр ұрпақ осы тарих беттерінен кітапханамыздың қай жылы,қалай құрылғаны,кімдер қызмет еткендері жөнінде толық мағлұматтар ала алады.

Көпшілік қауымның келер орны кітапхана жөніндегі тарих жұртшылықтың ойынан шығады деген сенімдеміз.



Мұқатова Нұржамал

1944 жылы туған.Жосалы өңірінде дүниеге келген.1961-62 жылдары кітапханашы болып істеген.

А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,1968 жылы Чапай ауданының Ілбішін ауылына тұрмысқа шығып, сол жерде көп жыл ұстаз болып еңбек еткен.Қазіргі уақытта зейнеткер.

Мұқатов Амангелді.

1941 жылы дүниеге келген.Жосалы ауылының тұрғыны.Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген.Жоғары білімді агроном.Көп жылдар Жосалы ауылында агроном болып еңбек еткен.Жолдасы, 3 баласы бар, зейнеткер.Ардагерлер кеңесінің төрағасы.Кітапханада 1963-64 жылдарда істеген.



Құташева Тамара.1940 жылы дүниеге келген, білімі жоғары.Алматы қыздар институтын кітапханашы мамандығы бойынша бітірген.Ұйымдастыру қабілеті мол,өз ісінің маманы.Мәдени салада әр түрлі жұмыстардың ұйытқысы болған.1964-68 жылдары кітапханада жұмыс істеген.

Мұханбетқалиева Мария - 1939 жылы 5 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл елді мекенінде дүниеге келген.

1947-58 жылдары орта мектепте оқып, 1958-60

жылдары Атырау облысына қарасты Құлсары,

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал (бұрынғы Фурманов ауданы) аудандарында шаруашылық жұмыстарына араласты. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, оны 1964 жылы кітапханатанушы - библиограф мамандығы бойынша тәмамдап шықты. Осы жылы арнайы жолдамамен Жымпиты ауылына жіберіліп, мұнда аудандық кітапхана меңгерушісі болып тағайындалады. Аудандағы тұңғыш жоғары білімді кітапханашы М.Мұханбетқалиева 1966 жылы жолдасының қызмет бабымен Жосалы кеңшарына көшіп, осындағы ауылдық кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1968 жылы аудан орталығына қайта көшіп, аудандық кітапханада кітапханашы болып қызмет атқарды. 1972-85 жылдары Жосалы кеңшарындағы А.Жұмағалиев атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1985-1991 жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық кітапханада «Ауыл шаруашылығы» бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды. Қазір құрметті демалыста. М.Мұханбетқалиева жанұяда 5 бала тәрбиелеп өсірген ана. Тұңғыш баласы Жоламанов Мұратбек Тауфиқұлы өмірден ерте кеткеніне қарамастан, артына өлмес туындылар қалдырған талантты қылқалам шебері.



Жұмышева Ақзия Рамазанқызы - 1955 жылы Орынбор облысында дүниеге келген. 1972 жылы Жосалы орта мектебін бітірген. Оралдағы екі айлық кітапханашылар курсын бітіріп, жаңадан ашылған Жданов селолық кітапханасында кітапханашы болып еңбек жолын бастады.

1975 -79 жылдар аралығында Шымкент педагокикалық мәдениет институтының «Кітапхана» факултетінде сырттай оқыды. 1977 жж жанұя жағдайымен Кеңащы селолық кітапханасына жұмысқа ауысып, 1997 жылға дейін кітапхана бөлімшелерінің қысқартылуына орай, жұмыстан қысқартылды. 2006 жылдың ақпан айынан бері Жосалы ауылдық

кітапханасында кітапханашы болып еңбек етуде. Өзінің кітапханашы болып еңбек еткен жылдарында құрмет грамоталарымен, мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталған. Жанұялы, бес бала тәрбиелеп өсірген өнегелі ана.

Мырзағалиева Күлаш 1968 жылы желтоқсан айынан істеген. 1951 жылы дүниеге келген. 1970-72 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту техникумын жұмыстан қол үзбей бітірген. 1975 жылы «Үздік кітапханашы» жеңімпазы. 1978 жылы аудандық «Қызыл ту» газетінің штаттан тыс тілшісі. 1983 жылы партия ұйымының мүшесі. 1978 жылы Білім қоғамының секретары. Аудандық, ауылдық советтердің депутаты. Әйелдер кеңесінің төрағасы. 1989 жылдан «Орал өңірі» газетінің штаттан тыс тілшісі. Бірнеше мақтау қағаздары және 10, 11-бесжылдықтардың жеңімпазы. 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығында жеңімпаз атанған. 2002-2003 жылдары реферат жазудан жүлделі орынға ие. 1990 жылы Қаратөбе ауданы конференциясында жұмысы, облыс көлемінде озық іс-тәжірибесі таратылды. 2005 жылы Ауыл энциклопедиясын жазудан облыс бойынша 2-орынды, «Үздік өлкетанушы» атағын жеңіп алып, диплом, бағалы сыйлыққа ие болды. Жолдасы, 5 баласы бар.

Жосалы ауылдық кітапханасында қазіргі таңда 15003 дана кітап қоры бар.

12 түрлі баспасөз материалдарын алдырады.750 оқырманы бар.

Округтегі халық саны 1351 адам. 2006 жылы оқырмандарға 10356 дана кітап таратылды.

Кітапхана округтегі орта мектеппен, балалар бақшасымен тығыз байланыста.Кітапхана ауылдағы рухани-мәдени орталық.Жасөспірімдердің мектеп бағдарламасын орындауына қажетті материалдар мен баспасөз тігінділері әр уақытта көмекке келеді.Кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештер оқырман талабына сай, мазмұнды өткізіледі.Кітап әр оқырманның жан азығы.

Исболова Сәуле 1983 жылы Жымпиты селосында дүниеге келген. 1991 жылы Қадыр Мырзалиев атындағы Жымпиты орта мектебіне қабылданып, 2001 жылы орта білім алған. 2001 жылы Орал қаласындағы № 5 кәсіптік лицейде «Дербес компьютерде жұмыс істей алатын хатшы-реферант» мамандығы бойынша білім алған.2004 жылдың қараша айында алғаш еңбек жолын Жосалы ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастады. Қазіргі уақытта Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Кітапханашы мамандығы бойынша білім алуда. Жанұялы, қызы бар.

Кітапхана алғаш рет Қоңыр ауылында 1950 жылы «Қызыл отау» болып 500 дана кітап қорымен ашылды.Қызыл отау меңгерушісі болып Ихсанов Жайболат қызмет етті.

1956-1961 жылы Хамзин Орынбай «Қызыл отауда» кітапханашы,

1961-1964 жылдары Мұқатова Нұржамал,

1964-1968 жылдары Құташева Тамара Қабаққызы

1968-2005 жылдары Тоғызбаева Күлаш кітапханашы болып жұмыс жасады.

Ихсанов Ж. 1925 жылы Жосалы ауылында дүниеге келген 1942 жылы армияға шақырылып,Ұлы Отан соғысына қатысқан.Соғыстан кейін 1950-1953 жылы қызыл отауда меңгерушісі ,1956 жылдары ауыл әкімі,1960-80 ж.ж. Жосалы ауылында байланыс бөлімшесінің меңгерушісі,1980-85ж.ж. радио торабында жұмыс жасаған.1985 жылы зейнеткерлікке шықты.

1970 жылдар бұл жылдарда кітапхана қоры көбейіп, коллектор арқылы ай сайын кітап келіп тұрды.1974-1978 жылдары кітапхана кең жаңа орынға көшіріліп,әдебиеттер саны, оқырман саны өсті.Көпшілік шараларды ұйымдастыру нәтижесінде 1975 жылы «Үздік кітапхана» атағын жеңіп алды.

1979 жылы кітапхана аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне бірігіп, № 11 филиалы болды.Сол кездерде кітапхана қажетті заттармен, кітап қорымен толықты.Жосалы ауылдық кітапханасы Кенашы , Жданов,Былқылдақ ауылдық кітапханаларының орталығы болды.Орталық кітапхана меңгерушісі К.Тоғызбаева ферма кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсету мен қатар 17- саулық отарларын және 5 егіс бригадасын,4 шөп дайындау бригадасын кітаппен қамтып отырған.Әр бригадаға «Найзағай», «Алтын дән», «Диқаншы», «Озаттарға теңелейік », «Алға» атты жар газеттері шығарылып,көрсеткіш тақталары ұйымдастырылған.Кітапхана кеңесінің мүшелері сақманшыларды , механизаторларды автоклубтармен жиі аралап,көркемөнерпаздар қойылымы көрсетіліп, көркем әдебиеттер насихатталған.

Кітапхана 1990 жылдарда

Кітапхана жұмысының нағыз биік белеске көтерілген кезеңі.Өйткені 1990 жылдары әдебиеттер өсімі көбейді.1990 жылы жерлес ақын А.Жұмағалиевтің 75 жылдығы аудандық деңгейде Жосалы кітапханасында атап өтілді.Кітапханада конференция ұйымдастырылып, облыс ақыны А.Нәріков,немере інілері Ғайнолла , Шайдолла Жұмағалиевтар қатысты.

Кітапхана 2000-2007 жылдар

Жұмыстың жаңаша түрлері енгізіліп отырды.Қоғамдық ұйымдармен,ауылда,ауданда өтетін сайыстарға қатысып жүлделі орындар алды.

2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған көрме, «Әжелер сайысы» т.б. шаралар мақтауға ие болды.



2004 жылы өлкетану жұмыстарын алға жүргізу мақсатында жүргізілген «Ауыл энциклопедиясын» жинақтауда жақсы жетістіктерге жетті. «Ауыл энциклопедиясы - Шағын Отан» байқауының 1-ші кезеңінде облыс бойынша І орын алып «Үздік өлкетанушы» атағын жеңіп алды.

2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде кітапхана көптеген жұмыстар жүргізді.Аз қалған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу,дөңгелек үстел өткізіліп, «Ұлы Жеңіске – 60 жыл» деген тұрақты көрме жасақталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет