Ж О С П А Р
Мектеп оқушыларының сабақты үлгермеуінің себептері
және олармен жүргізілетін жұмыстар.
Кіріспе
І – тарау. Үлгермеушіліктің ғылыми-теориялық негіздері.
Тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектерге қысқаша шолу.
Мектеп оқушыларының сабақта үлгермеу себептері.
Үлгермейтін оқушылардың өзіндік типтері.
I I – тарау.
Баланың үлгерімін жақсартуда мұғалім мен ата-ананың іс-әрекеті.
2.1. Педагогикалық баға және оның үлгермейтiн оқушы тұлғасының қалыптасына әсерi.
2.2.Оқыту процесiнде оқушының үлгерiмi мен ойлау әрекетiндегi өзгерiстер. Оқуы төмен оқушылардың интеллектуалды әрекетiнiң ерекшелiктерi.
2.3.Іс-тәжірибелік жұмыстың нәтижесі.
Қорытынды
Қосымша әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпанда жасаған Қазақстан халқына Жолдауынан үзінді
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары техникалық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрларын қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.
Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт.
Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемде танылуға тиіс. Олар мұны істеуге міндетті.
Біздің әрбір қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы кепілдік беруіміз керек.
Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біздің 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек.
Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз.
12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені дауссыз. Оны жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады. Осындай деңгейде болу ұрпағымыздың жер шарының кез келген жеріне барып қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді.
Бұл күндері елімізде жалпы орта білім беру ісін 12 жыл оқытуға көшіру мәселесі қолға алынып отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 27 шілдесіндегі № 839 қаулысымен «12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны құрылды (бұдан әрi Орталық). Бұл Орталық қазiр iздену экспериментiн жүргiзiп, 12 жылдық оқуға көшудiң оқу-нормативтiк, методологиялық, оқу-әдiстемелiк негiздерiн жасау үстiнде.
Қазақстан Респубикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «12 жылдық бiлiм беруге өтудiң эксперименттiк жұмыстарын ұйымдастыру туралы» 2002 жылғы 23 тамыздағы № 524 бұйрығы бойынша 2003/2004 оқу жылынан бастап, елiмiздiң 56 жалпы орта бiлiм беретiн мектептерiнiң (олардың 26 қазақ, 7 аралас мектептер)1-сыныптарында оқыту экспериментi басталуда. 1-сыныпқа жасы 1-шi қыркүйектен 6-ға толған балалар ата-анасының өтiнiшiмен қабылданады. Сондықтан бұл күндерi Орталықтың басқаруымен үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп, 1-сынып үшiн сынақ оқу бағдарламалары, оқулықтары және оқу-әдiстемелiк көмекшi құралдар дайындалу үстiнде.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспей отыр. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттерітұр, оның жүйесінің негізгі ұстанымдары “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” көрсетілген.
Мақсаты- әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |