Жоспа р мектеп оқушыларының сабақты үлгермеуінің себептері және олармен жүргізілетін жұмыстар


Оқыту процесінде оқушының үлгерімі мен ойлау әрекетіндегі өзгерістер



бет9/10
Дата14.12.2023
өлшемі183.5 Kb.
#486572
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-82473

2.2. Оқыту процесінде оқушының үлгерімі мен ойлау әрекетіндегі өзгерістер.
Жалпы үлгерімі төмен оқушылардың «мектеп өмірі » келешекте қандай болмақ? Сыныптан-сыныпқа көшу барысында оқушының ойлау әрекетінде қандай өзгерістер болады? және т.б. сұрақтарға жауап беру үшін ұзақ мерзімді зерттеу қажет. Оған мысал ретінде, бірнеше жылдар бойы зерттелген 17 баланы алуға болады. Бұл оқушылар 2-7 сыныптар аралығында зерттеуде болды. Бақыланатындар арасында үлгерімі әртүрлі оқушылар кездесті. Олар барлығы бастауыш сыныпта бір мұғалімнен дәріс алған. Бақылау сабақта және сабақтан тыс уақытта болды.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың ойлау қызметінің ерекшеліктерін анықтау еді. Ал негізгі мақсаты – проблемалық-тапсырмаларды орындау процесінде шешу амалдарын іздеуге байланысты ойлаудың ерекшеліктерін анықтау көзделді.
Бірінші зерттеуге алдымен 3 сынып оқушыларымен, кейін 4 сынып оқушыларымен өткізілді. Оқушыларға әр түрлі тапсырмалар берілді. Олардың кейбіреуі көрнекі-бейне ойлау түрінде, енді бірі ойлау қызметінің логикалық-сөздік компонеттері арқылы ұсынылды.
Зерттеу қорытындысы бойынша балалардың үш тобы анықталды:

  1. Нәтижелі ойлау дамуының төмен деңгейі

  2. Орташа деңгейі

  3. Нәтижелі ойлау дамуының жоғары деңгейі

Әрбір топты 8 адам құрады.
Екінші зерттеуге 17 адам қатысты. Оның 14-і , 7 сыныпта, ал қалған үшеуі – 6 сыныпта оқыды. Бұл топ та үшке бөлінді. Алдыма қойған тапсырмам - бір жастағы, бір сыныпта оқитын оқушылардың жеке айырмашылықтарын анықтау, сонымен қатар олардың ойлау әрекетін зерттеу. Тапсырма берілген соң, олар жинақтау мен талдауды ажырата білуі қажет еді. Зерттелген бірінші топтағылардың ойлау дамуының өте төмен деңгейде екендігі анықталды. Бұл деңгейде «элементтік» талдау жүзеге асырылды, бұнда тапсырмадағы элементтер арасындағы бірдей байланысты байқау болатын. Тапсырманы орындауда бірнеше қателер жіберген.
Екінші топтағылардың нәтижелі ойлау дамуының орташа деңгейі бар екенін көрсетті. Бұл топтағылар толық емес талдау жасайды. Балалар тапсырманы орындада, қателер жібереді, бірақ өздері оларды байқап, түзетулер жасайды.
Үшінші топтағылар нәтижелі ойлау дамуының жоғары деңгейінде болды. Олар тапсырманы шешу жолын ойластыра білді. Бұл балалар ойлау ерекше ілім немесе дағды жүйесін құра алады.
Осы үш топтың қорытындысын зерттеу үшін суммарлық көрсеткіш қажет болды. Ол арқылы балалардың “ойлау коэффициенті” анықталды.
Егер оқушы тапсырманы жоғары деңгейде орындаса, оған екі балл, гере орташа деңгейде орындаса бір балл, ал ең кіші деңгейде орындаса бал берілмейді.
Мәтінді және қозғалмалы көрнекі тапсырмаларды шешуде ең үлкен балл алған балаға 100% пайыз берілді.
Бірінші топтың орташа коэффициенті 20% - төмен, екінші топтың коэффициенті 50% - жоғары, ал үшінші топтың коэффициенті 90% жоғары болды.
Бұл топтағы оқушылар үлгерімі бойынша да ерекше. Бірінші топ оқушылары үшін оқу материалын меңгеру қиынға соғады, қанағаттанарлық емес бағалар алады. Үшінші топ оқушылары үлгерімі жоғары оқушыар қатарына жатады. Ал екінші топ оқушылары екі аралықтағы қалыпты үлгерімге ие.
Үш жарым жыл ішінде оқушының ойлау қабілетіне айтарлықтай өзгерістер байқалады. 3-4 сыныптағы ойлаудың орташа коэффициентіне қарағанда 6-7 сыныптарда жоғары. Әсіресе бірінші топтағы оқушылардың ойлау өнімділігі бірден артқаны байқалады, оларды бастауыш сыныпта дамудың төмен деңгейі болатын. Егер орташа цифрлармен салыстырсақ 12,5 және 50,9 %, 4 есе артқанын көреміз.
Оқушылардың үлгерімі мен ойлау әрекетінің дамуы арасында байланыс бар.
Оқушылар арасында ойлау әрекетінің дамуы кешеуілдеген және жылдам дамыған балалар кездеседі. Кейбір балалар бастауыш сыныпта кейбір жағдайда қанағаттанарлық емес бағалар алса, жоғарысыныпта олар тек “үш” бағасын алады, олар көбінесе күрделі тапсырмалардан алыс болғысы келді, бұл балалар оқу процесінің өздігінен жұмыс жасай алмайды және бастамасы болмайды. Ал мысал ретінде, Арманды алатын болсақ, ол 4-сыныпта екінші жылдыққа қалдырылған, бірақ оның үлгерімі өзгермеді. Ол көбінесе үштіктер алатын, интеллектуалды сабақтарға немқұрайлы қарады, ол боксшы болғысы келеді, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.
Ал мысалы, Майра мен Рауслды алатын болсақ, олар бастауыш сыныпта үлгерімі төмен болған оқушылар, оларда бірнеше жыл өткен соң, өзгеріс байқауға болады. Оқу процесіне деген көз-қарастары өзгерген. Олар үй тапсырмасын мұқият орындауға тырысқан.
3-4 сыныптарда олар көбінесе “2” және “3” бағаларын алған болатын. 6 сыныпта Расул “3” және “4” бағаларын ала бастады, ал Майра болса, тек “4”-ке оқитын болды. Майра мен Расул 5- сыныпта қайта қалдырылған болатын, бірақ бағдарламаны қайта оқыту маңызды орын алды. Бала біліміндегі кейбір кемшіліктердіжоюға көмектесті. Оқуға деген көз-қарас мүлде өзгеріп, оқуға деген қызығушылық пайда болып, өзінің күш-жігеріне деген сенім туды.
Енді кейбір үлгерімі жақсы оқушыларға келетін болсақ, бұл оқушыларда оқу үлгерімі өзгерген жоқ. Олар көбінесе күрделі тапсырмаларды орындауда түрлі амал-жолдарды іздестіреді. Бұл балалар қосымша әдебиеттер оқиды, кинофильмдер теледидар және радиобағдарламаларды мұқият көреді. Олар ұйымшыл, еңбекқор және тәртіпті. Бұл балалар мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына түсуге армандайды.
Ал Марат пен Алмасқа келетін болсақ, олардың оқу үлгерімінде өзгерістер пайда болды. Олар жақсы оқитындар қатарында еді. 7 сыныптан бастап олар “2” және “3” бағаларын алатын болды. Жалпы білім беретін мектептен кетіп, кәсіби-техникалық мектепке барды. Орта буынға көшуде өзгерістердің себебі неде?
Бақылауды талдау барысында, яғни, мұғаліммен, оқушылармен жеке әңгімеден байқағаным: төменгі сынып оқушыларында өздеріне деген жоғары бағалау қалыптаса бастайды. 5-сыныпқа көшкенде кейбір қиындықтарға олар төзе алмай, бірте-бірте өзгеріс пайда болады. Оқушылар сабақтарын босата бастайды.
Егер оқушының дұрыс өз-өзіне баға беруі, қиындықтарды жеңе білуі, еңбек ете білу т.б. еркін-эмоционалды жағынан дамуымен жоғары білім беру байланысты болмаса – оқу процесінде үлкен жетістікке деген кепілдік болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет