Жоспар: Бағалау – білім беру үрдісі


№8.Тақырып: Критериалды бағалау технологиясының моделі



бет10/24
Дата04.10.2023
өлшемі455.12 Kb.
#479809
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
askarkyzy bagalaudyn olshemdik

№8.Тақырып: Критериалды бағалау технологиясының моделі


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ


1.Оқу жетістіктерін мектептік бағалаудың халықаралық бағдарламалары 2.Кембридж тәсілімен оқыту және оқу үшін бағалау

  1. Формативті (қалыптастырушы) бағалау жүйесі 4.Суммативті (жиынтық) бағалау жүйесі ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ

    1. Халықаралық зерттеуде 15 жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. 2015 жылы зерттеудің «жаратылыстану сауаттылығы» бағытына басым көңіл бөлінеді.

ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі.
Бүгінгі таңда білім беретін мектептерде PISA халықаралық зерттеулерге сәйкес жаратылыстану бағыты бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мен бағалау қалыптастырылуда.
Халықаралық зерттеулерге сәйкес мәтінді түсіну мен оқу, жаратылыстану бағыты бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мен бағалау, яғни адами құндылық түсінігі қазақ халқының өмір тәжірибесінде ешқашан өзектілігін жоймаған. Еліміздің 2015 зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өміріне орынды қатысуы үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
Халықаралық зерттеуінің негізгі мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.

    1. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).

Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі (Қазақ Энциклопедиясы, 1 том).
1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56 бет).
Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс- тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау, бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек. Оқуды бағалаудың мақсаты — оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Мұғалімнің оқушыларды бағалауы — ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс.
Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы айтылып, бұқаралық ақпараттар құралдар арқылы да жарияланып келеді. Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Оқушылар тапсырманы шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе, ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс-әрекетте өзінің қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады. Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін қолданады. Оқушыларды білім алуға ынталандыруда формативті бағалаудың 12 түрін толық қолдануы оң нәтижелерін берері сөзсіз. Мұғалімдер оқушыларының іс-әрекеттерін сипаттап жазған рефлексивті есептерінде қиналады. Себебі, мұғалімдердің өздерін бүкіл курс барысында біз тренер ретінде бағалайтынымызды сезбейді. Оларды курс барысында басынан соңына дейін біз формативті бағалаймыз. Курстың соңғы айында толығымен рефлексия жүргізіледі. Олар мектептегі іс-тәжірибе кезінде орындаған жұмыстарын екінші бетпе-бетте осында келіп толығымен бағалану үдерісіне түседі. Тыңдаушылардың өздері алдымен формативті бағаланып, соңынан портфолио жинақтап, таныстырылымдарды қорғап, емтихан тапсырып жиынтық бағалау үдерісіне түсетінін бірі білсе, бірі білмей жатады. Бағалаудың бұл екі түрінің арасындағы байланысты түсінбей жатады. Ең үлкен қиындық, міне, осында жатыр. Әрине, бұл екі бағалауда да өздеріне қатысты өз критерийлері болады.
2.Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс. Формативті бағалау «формальды емес» (көбінесе белгі қоймай) бағалау болады. Ол бағалау критерилеріне сәйкестікке негізделіп, кері бойланысты ұстанады. Егер нәтиженің бағасы анықталған қажеттіліктерді ескеріп, оқу процесін жақсартуға қолданылса, онда бағалау формативті болады.
Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады. Түзетулер енгізу білім алу нәтижесін жақсарту үшін мұғалімнің немесе оның оқушылармен бірігіп жаңа мәселелерді ұсынуы.
Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету процесін қадағалап отыруға мүмкіндік береді және оқу процесіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алуында жоғары дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.
Формативті бағалау:
күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын, күнделікті) оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде пайдаланылады.
Формативті бағалау – білім берудің ерте кезеңінде оқыту процесіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының прогресік дамуын бағалау.
Әрбір оқушының жеке жетістіктерін басқа оқушылармен салыстырмай және оқудың нәтижесінің әкімшілік қорытындысы ретінде қарастырмай, мектепке формативті (қалыптастырушы) бағалау тәсілдерін енгізу міндеті көкейкесті мәселе болып тұр.
Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, оның орнын барынша
тиімді толықтыруға бағытталған. Педагог осындай бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтап, оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді картина түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың барабар (адекватты) тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына көмектеседі. Оқушылар өзін-өзі бағалау ұстанымдарын, өзінің жұмыс нәтижелерін жетілдіру тәсілдерін меңгереді, өзінің оқуына деген жауапкершілікті мұғаліммен бөліседі.
Формативті (қалыптастырушы) бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс сыртқы кері байланыстан ішкі кері байланысқа ауысады, ал бұл оқушыны білім берудің субъектісі деңгейіне көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Солайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бақылау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады.
Қалыптастырушы баға технологиясы мұғалім қызметінің алгоритмі мен ол алгоритмді жүзеге асыру ресурстарының бірлігінен тұрады.
Мақсатты белгілеудің мәрелік (стартовый) нүктесін анықтай отырып, әрі қарай былайша жылжу қажет болады:

  • мақсатты өлшенетін оқу нәтижелеріне аудару;

  • нәтижегежетудеңгейінанықтау;

  • бағалаудыңмазмұнынжәнетехникасыніріктеу;

  • оқудыңсәйкесәдістерінтаңдаужәнежүзегеасыру;

  • бағалаудыжүргізужәнеоқунәтижелерініңөлшенетіндеңгейінежеткенінанықтау.

Ресей ғалымдары (И.С.Фишман, Г.Б.Голуб) мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы алгоритмін мына тұрғыда ұсынады:

  1. Жоспарланғаноқунәтижелерінанықтау.

  2. Оқушыныңмаңыздыоқунәтижелерінжоспарлаужәнеоғанжетуәрекетінұйымдастыру.

  3. Оқушылардыңжоспарланғаноқунәтижелерінекерібайланысмеханизмікөмегіменжетуі нжүргізу.

3.Суммативті (қорытынды) бағалау белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды бағаны анықтауға негіз болады.
Суммативті (қорытынды) бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау.
Суммативті бағалауды практикада жүзеге асыру әр түрлі бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бақылау – тексеру тапсырмаларын құрғанда оның сұрақтары мемлекеттік білім беру стандартының мазмұнына және пәндік оқу бағдарламасына сай құрылуы қажет. Оқушының жетістігінің деңгейін тексеру үшін мұғалімдер әдетте дайындалған сұрақтар нұсқасын, тесттерді немесе оқулықтағы әр параграфтың, тараудың соңындағы сұрақтарды пайдаланады. Сонымен қатар мұғалімдер өз тәжірибелерін, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өздіктерінен тапсырма сұрақтарын құруға болады.
Осылайша, мұғалімнің оқушылардың белгілі бір оқу нәтижелеріне жетуін қамтамасыз ететін дәстүрлі құралдарынан (әдістемелік нұсқау т.б.) бөлек бұл технология мынадай дәстүрлі емес ресурстарды ұсынады:
Оқу нәтижелерін жоспарлау ресурстары:
-оқушының оқунәтижелерін ой операцияларының күрделілігіне
-қарай тізбектеп қоюға мүмкіндік беретін талаптар;
-оқушының түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыруға берілетін
-еркін мазмұнды жүзеге асыруға қойылатын талаптар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет