Жоспар: Бағалау – білім беру үрдісі


№2. Бағалаудың кезендері мен түрлері



бет2/24
Дата04.10.2023
өлшемі455.12 Kb.
#479809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
askarkyzy bagalaudyn olshemdik

№2. Бағалаудың кезендері мен түрлері

1. Бағалаудың критериалды жүйесі

2. Қорытынды бағалаудың критерийлері

3. Бағалауды пайдалану


Бағалаудың критериалды жүйесі формативтік бағалаудан (ағымдағы бағалаулар) және қорытынды бағалаудан (оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша бағалау, тоқсандық және жылдық қорытынды бағалау) тұрады. Формативтік бағалау оқушьгаың білімді, білікгі және дағдыны сыныпта немесе үйде күнделіктік жұмыстың барысында инәтижерілу деңгейін анықтау үшін арналған. Ол әр түрлі формада іске асырылады және мұға- лімгежәне оқушыға өздерінің жұмыстарын сәйкесінше түзетіп алуға және қорытынды бағалауға дейін мүмкінболар кемшіліктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Тоқсандық бағаны және оқушының қорытынды жұмыс- тары үшін бағаны қою барысында оның формативтік бағалары ескеріл- мейді.
Қорытынды бағалау оқу тақырыбының бөлімін оқып болған соң бі- лімнің және оқу дағдыларының қалыптасудеңгейін анықтауға арналған. Қорытынды бағалау әр түрлі қорытынды жұмыстардың (тесттер, бақылау жұмыстары) нәтижелері бойынша жүргізіледі. Қорытынды жұмыстарға қойылған бағалар пән (курс) бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін негіз болып табылады. Бағалаудың екі түрін есепке алғанда нақты құзыреттіліктердің қалыптасу нәтижелері қандай бағалау түрімен жүргізілетіндігін анықгап алу қажет. Пәндік нәтижелер белгілі дәрежеде дәстүрлі болып табылатындықтан формативтік бағалау да және де қоры- тынды бағалау да бойынша анықтала алады. Басты құзыреттіліктер 12- жылдық білім беру мектептерінде тоқсанның соңында, жарты жылдық және оқу жылының соңында бастауыш, негізгі орта білім және жалпы орта білім деңгейінде қорытынды бағалау бойынша анықталады. Қорытынды бағалауда критерийлер бойынша қойылады. Қорытынды бағалаудың критерийлеріменде оқу үрдісіне қатысушылардың барлығы (оқушы, мұғалім, ата-аналар) таныса алады. Бағалаудың критерийлері формативтік бағалаудың міндетті құрама бөлігі болып табылады. Формативтік бағалау барысында бағалаудың критерийлері оқу материалының нақты бір фрагментіне (тақырыпқа немесе бөлімге) бағытталады. Ал суммативтік бағалау барысында олар кеңірек болады. Мысал ретінде «Бейорганикапық химия» пәні бойынша бағалау критерийлерін келтіруге болады:
1) реакцияны орыіщауын бақылау және оның нәтижелерін айтып беру;
2) реакцияны орындау үшін қажетті заттарды және қосылыстардың физикалық және химиялық қасиеттерін суреттеу;
3) реакцияны орындау үшін қандай шарттарды сақтау керек?
Бағалаудың критерийлерін түсіну және оларды оқушының оқуы формативтік компонентгің іске асқанын білдіреді. Оқушылардың жұмыстарының бағалануы тек айтылған бағалау критерийлері бойынша жүргізіледі. Кейбір жағдайларда мұғалім критерийлерде кеткен қателерді және кемшіліктерді байқап оқушыға түзету жұмыстарын жасау үшін үсынуы мүмкін. Алайда, жіберілген қателер үшін формативтік бағаны кемітуге болмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға «Химия» пәнінен сабақта бақылау жұмысын (эссе) жүргізу алдында келесі критерийлерді айтады:
1) эссе 6 немесе одан да көп сөйлемнен құралуы керек;
2) эсседе қалалардың аттары болуы керек;
3) эсседе ғалымдардың есімдері айтылуы керек.
Тексеруден кейін мұғалім бағалау критерийлері бойынша қолжеткен нәтижелерге, жіберілген кемшіліктерге тоқгалып кетеді. Тағы да қандай суреттемелері бар. Бұл мысал жұмыстарды тексеру барысында бағалаудың критерийлеріне сүйенетіндігін көрсетеді. Яғни, ол алдымен оқушының дүрыс орындағанын, соңынан оның кемшіліктерін және қандай жағдайларға көңіл бөлу керектігін айтады. Пән мұғалімі бағалаудың критерийлерін алдын-ала дайындауы керек. Ал оқушылардың функңионалдық сауаттылығын қапьптастыру үшін критерилерді олармен бірге қүрастыруы керек. Ол үшін мұғалім жасалған критерийлерді топта және сыныпта талдауды ұсынады. Соңынан ең маңызды критерийлер таңдалады және алдын-ала тапсырма берілген кезде тақтада немесе плакатта жазылып, көрнекі түрде түсіндіріледі. Критерийлердің мазмұны түсінікті болуы керек.
Бағалауды пайдалану барысында мұғалім келесі жағдайларға сенімді бола алады:
1) бағалау барысында егер мұғалім сол сыныпта қолданған кұралды екінші рет пайдаланса, онда ол сол нәтижелерді қайтадан алады;
2) елшеу құралы белгілеген әтиже нәтижені немесе нысанды өлшеуі керек; мысалы, химиялық реакцияны орындау және оның нәтижесін суреттеп беру; ал егер де элементтердің тотығу дәрежелерін сұрап қалса, онда бұл ереженәтиже сай болмайды;
3) бағалаудың құралының дұрыс пайдаланылғанын басқа мұғалім бақылай немесе тексере алады; ал нәтиже құралды қолданбай ауызша сұраса, онда мұғалімнің критерийлерді дұрыс немесе дұрыс емес пайдаланғанын басқа мұғалім дәлелдей алмайды. Яғни, критериалды бағалаудың езінің дұрыс орындалуы арнайы топтың мүшеле- рімен белгіленнәтиже жоспар бойынша қадағалануы керек;
4) бағалау барысында бағалаудың бірнеше факторлары болуы керек; мысалы баяндама жасауды қарастырайық. Баяндаманың жазылуы 25%; оның баяндалуы 25%; баяндау барысындагы ақпараттың түсінікті айтылуы 25%; және де өз сыныптастарының көңілдерін өзіне аудара алуы 25% оқушылар бағалау- дың критерийлерімен таныс болуы. Сонымен, критериалдық бағалау нәтижені оқушының оқужетістіктерін алдын-ала нақты белгілен нәтижен, ұжыммен талқыланған, алдын-ала білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына белгілі, оқушының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыруына ықпал етуші білімнің мақсаттарына және мазмұнына сай негізденәтижені бағалау үрдісі. Критериалдық бағалаудың технологиясының педагогикалық негізі оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыруға негізделген нәтиже. Мақсаттар оку-танымдық құзыреттілік нәтижері: - оқушы өз бетінше оқу-танымдық қызметті іске асыра алады, оқушының оқу-танымдық қызметі білімді инәтижелеуіне бағытталған және ол үшін тәсілдер қажет; - сананы бағыттау; критериалды ойлау; оқу- шының өзінің мүмкіндіктерін және оқу жетістіктерін бағалай алуы;
- мақсаттар өзара бағалауды орындауы. Мақсаттар өзіндік бағалауы олардың өздерініңжетістіктерін бағалау арқылы өзін-өзі ұйымдастыру және дамуы үшін іске асырылады (окушылардың жетістіктерін өзіндік бағалау және есепке алу үшін портфолио). Бағалау жүйесі берілген тақырыптың немесе бөлімнің қаншалықты тиімді игерілгенін, белгілеген нәтиже тәжірибелік дағдының қаншалықты қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет