Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Зерттеу жұмысымның құрылымы



бет2/6
Дата09.11.2023
өлшемі26.06 Kb.
#482825
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, қосымша, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу пәні: Қылмыстық құқық.
2.1.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады.Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б.Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды.Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасалу тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелегімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін ( айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты.Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық қатынас та жоқ.Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады.Тараптардың арасында қылмыстың субьектісімен (қылмыс жасаған адаммен) мемлекеттің атынан өкілдік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады.Қылмыстық құқылық қатынас бір жағынан мемелекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылымыс істеген субьектінің арасындағы қатынас болып табылады.Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты:істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәржесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болады ма және т.б.Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады.
Қылмыстық құқылық қатынас іс жүргізу құқықылық қатынастармен тығыз байланысты.Өйткені, қылымыстық құқылық қатынас қылымыс істеу фактісіне байланысты болады.Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу,сотта қарау мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады.Бұл қатынастар субьектімен мемлекеттің оның уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады.
Қылмыстық құқылық қатынастар субьектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады.Қылмыскер құқықтық қатынастың обьектісі болып танылады.
Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылымыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді.Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды.Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады.Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді.
Қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмысытың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды.қылмысАдамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады.кер тиісті үкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін обьектісі ғана емес, белгілібір құқықтардың субьектісі де.Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни сакцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда дарындылықтың кепілі ретінде де көрінеді.
Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады.Бірақта қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды.Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік.Мұндай ретте қылымыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды.Қылмыс жасаған кінәлі адамегерде ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады.Бірақта қолданып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес.Мысалы, Қылмыстық кодекстің 68- бабының 1,2-бөліктерінде «қылымыс белгілері бар әрекет жасаған адамды егер сот істі қараған кезде жағдайдығ өзгеру салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін».
Бірінші реткішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылымыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін делінген.осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген.Ал Қылмыстық кодекстің 74- бабының 1-бөлігінде: «кішігірім және ортша ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе бпасқада төтенше мән-жайларының салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін» деп көрсетілген.Мұнда қылмыстық жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген.Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді.Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады.Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар.Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес.Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет