Жоспар. І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет12/12
Дата15.07.2024
өлшемі140.33 Kb.
#502953
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
stud.kz-75297 (1)

Мақсаты


Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

  • бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

  • ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

  • халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

  • осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекеттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.
БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.
Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.


Бүгін Нью-Йоркте әйел мәртебесі жөніндегі дүниежүзілік БҰҰ конференциясы басталады. Жиында әлемдегі барлық әйелдердің, оның ішінде Орталық Азия елдерінде тұратын әйелдердің теңдігі мен дамуына қатысты жетістіктер талқыланады. Нью-Йорктегі конференцияда Азаттық тілшісі де жүр.
Нью-Йорктегі БҰҰ конференциясына 20 жыл бұрын Пекин декларациясы мен әйелдердің жағдайына қатысты іс-қимыл платформасын қабылдаған елдердің өкілдері жиналған. Олар бұл елдерде әлі күнге жойылмай келе жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік себептерін анықтауы тиіс.
Декларацияны ескертпесіз қабылдаған Қазақстанда гендерлік теңдікті толық қамтамасыз ету ақша мәселесіне тіреледі екен. Кейбір әлеуметтік міндеттемелерді іске асыруға қаржы қажет.
Қазақстандағы «Феминистік лига» президенті Евгения Козыреваның айтуынша, Қазақстан декларация тармақтарын шамамен 70 пайызға орындаған. Бұл ұйым БҰҰ әйел мәртебесі комитеті ұсыныстарын орындау барысын бақылайтын мониторингке қатысады.
– Әсіресе, «экономикалық тұрғыдан тәуелсіз әйел» деген тармаққа қатысты жағдай қиын. Бізде экономикалық тұрғыдан тәуелсіз әйелдер аз. Бір немесе бірнеше баланың күтіміне байланысты бірнеше жыл декретте отырған әйелді кейін ешкім жұмысқа алмайды, - дейді Евгения Козырева Азаттық тілшісіне.
Ал әйел құқығы дамыған елдерде декреттегі әйелге кез келген формада білім алып немесе жұмыс істеу мүмкіндігін беру үшін үздіксіз білім алу механизмі қарастырылған. Мұндай бағдарламалар әдетте мемлекет есебінен қаржыландырылады.
– Тағы бір проблема – жұмыс орындарының тапшылығы. Біздің елде өзін өзі қамтитын әйелдер көп – шамамен 85 пайыз, яғни екі миллион 700 мың әйел бар. Олар балаларына үміттеніп, зейнетақы жинамайды, - дейді Евгения Козырева.
Қазақстанда 85 пайыздай, яғни екі миллион 700 мың әйел өзін өзі қамтитындар санатында
«Феминситік лига» президентінің айтуынша, гендерлік теңдік экономикалық заңдарға «жұмыстағы сексуалдық қысым көрсету» бабын енгізуді талап етеді. Қазақстан заңдарында мұндай түсінік жоқ. Бұл ұйым «Ерлер мен әйелдердің тең құқығы мен тең мүмкіндігін қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдері» заңына өзгеріс енгізуге көптен бері тырысып жүр, бірақ депутаттар тарапынан әзірше қолдау көре алмай келеді.
БҰҰ әйелдердің жағдайына қатысты келесі кездесуін биыл қыркүйек айында министрлер деңгейінде өткізеді. Сол кезде ел басшылары гендерлік теңдікті қолдайтынын бюджет бөлу арқылы дәлелдеуі тиіс.
Евгения Козырева Қазақстан үкіметіне қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға гендерлік тармақтарды қазірден бастап енгізуге кеңес береді.
«Мысалы, Қытай мен Еуропа арасындағы жол құрылысында ер адамдарға арналған жұмыс орындары көп, ал әйелдер айналысатын жұмыстар жоқ. Ал әйелсіз ер адам болушы ма еді. Жол бойында кенттер пайда болып, кейін қалаларға айналуы мүмкін. Сондықтан балабақшалар салуды бірден жоспарлау керек» дейді «Феминистік лига» президенті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет