Жоспар. І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет1/12
Дата15.07.2024
өлшемі140.33 Kb.
#502953
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
stud.kz-75297 (1)


Ғылыми жоба тақырыбы: Сақтардың әлеуметтік – қоғамдық құрылысы , идеологиясы.


Жоспар.
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Сақтар туралы жазба деректер , сақтардың зерттелуі.
2.2.Сақ тайпаларының мекендеген жері.
2.3.Сақтардың қоғамдық құрылысы мен саяси жағдайы.
Сақтардың археологиялық ескерткіштері арқылы қоғамдағы жіктелуі.
2.4.Сақтардың әдет-ғұрпы , салт – сана , діни-наным сенімдері
2.5.Сақтардың шаруашылығы
ІІІ. Тәжірибелік бөлім.
ІҮ. Қорытынды бөлімі
Ү. Қолданылған әдебиеттер



Ерте темір дәуірінде тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның онтүстік-шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағы.
Б.з.д. І мыңжылдықта қазіргі Қазақстан аумағында тарихта «сақ» атауымен белгілі болған тайпалар өмір сүрген. Сақ тайпалары туралы деректер археологиялық (заттық) және жазбаша деректер болып бөлінеді. Ежелгі жазба деректеріндегі сақтарға қатысты мәліметтер, негізінен , ежелгі парсы сына жазбалары және грек авторларының еңбектерінде кездеседі. Себебі сақ тайпаларының парсы және грек мемлекеттерімен байланысы болған және олар сол кездегі саяси оқиғаларда елеулі рөл атқарған.
Сақтар туралы алғашқы мәліметтер. Сақтар туралы жазба деректерді үш топқа бөлуге болады. Біріншісі – ежелгі парсы патшаларының тастағы сына жазбалары мен Геродоттың еңбектеріне негізделген. Екіншісі – Александр Македонский мен оның мұрагерлерінің жорықтары кезіндегі грек жазбалары. Үшіншісі – Орта Азия халықтарымен байланыста болған, өз замандастарының мәліметтеріне сүйенген грек және латын ғалымдарының жазбалары.
Ежелгі грек және рим авторлары – Арриан , Полиен , Диодор , Плиний , Ктесий , Помпей Трог , Птолемей , Страбон сақтар туралы мәліметтер қалдырған. Грек деректерінің ішінде б.з.д. Ү ғасырда жазылған Геродоттың «Тарих» атты еңбегі ерекше құнды мәліметтер береді. Геродот сақтардың массагет атты тайпасы туралы мәлеметтер қалдырса , басқа грек авторлары дай , аргиппейлер , аримаспылар және т.б. туралы да деректер келтіреді.Грек авторлары сақтарды «дұшпанға қатал, досқа адал» болған деп суреттейді. Ктесий: «сақ әйелдері ержүрек , соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады» , -деп жазады. Сонымен қатар грек тарихшылары сақтарға «олар әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп баға берген.Геродот пен басқа да тарихшылар сақ тайпаларын «Азия скифтері» деп атаған.
Геродоттың «Тарих» атты еңбегінен үзінді. «Олар жаяу және ат үстінде де соғыса алады. Найза , қылышпен қаруланады, садақты жақсы атады. Жауынгерлерінің бәрі мерген. Найзаның ұшын , жебе , қылышты және аттың сауытын мыстан жасайды. Бас киімдерін, белдіктерін , аттың ер-тұрмандарын алтынмен әшекейлейді. Алтын мен мыс өте көп. Олар егін екпейді. Үй малдарын өсіріп, балық аулайды. Сүт ішеді. Күнге табынып, оған жылқыны құрбандыққа шалады».
Страбонның «Географиясынан» үзінді. «Каспий теңізінен бастап сақтардың басым бөлігін дайлар деп атайды. Ал олардан шығыс жақта массагет тайпалары қоныстанған. Олардың ортақ аты сақтар , бірақ әр тайпаның өз аты бар. Жалпы алғанда, олар көшпелі халық болып табылады. Массагеттер Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүректілігін көрсетті. Күнге Құдай ретінде сеніп, оған жылқыны құрбандыққа шалады. Олар - атқа мінудің шебері. Жауынгерлері садақ , қылыш және қола балтамен қаруланып , сауыт киеді. Шайқас кезінде алтын белдік тағады. Аттың ауыздығы мен ер-тұрмандарын алтыннан жасайды. Елдерінде алтын , мыс көп. Егіншілікпен айналыспайды , мал өсіріп , балық аулайды».
Парсы патшалары І Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған деректер өте маңызды. Бұл деректер Қазақстанда тұрған ежелгі тайпалар туралы құнды мәліметтерге толы. Көне парсы жазба деректеріне Персеполь , Накши-Рустем жазбалары , «Бехистун» жазулары жатады. Оларда сол кезеңде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың бәріне ортақ атау ретінде «сака» (сақ) сөзі жиі айтылады. Көне парсы деректерінде «сақ» сөзінің мағынасы «құдіретті ерлер» деп түсіндіреді. Ал парсылардың қасиетті Авеста кітабында сақтарды «жүйрік атты турлар» деп атаған.
Антропологтар сақтарды еуропалық нәсілге жатқызады. Дегенмен монғолоидтық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстанды мекендеген сақтарда көбірек байқалады. Сақтар шығыс иран тілінде сөйлеген.
Сақ тайпаларының қоныстануы.
Б.з.б. I мынжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер-сақтар. Бұл сақтардын материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдін еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды. Қазіргі ғалымдар парсы және грек деректерінің негізінде сақ тайпаларының аттары мен олардың қоныстанған жерлері туралы болжам жасайды.
Ғалымдар Қазақстан жерін мекендеген сақтардың қоныстанған жерлерін анықтады. Сақ тайпалары мен тайпа одақтары негізгі үш топқа бөлінеді. Олардың бір тобы Жетісуда, Тянь-Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұрған. Сақтардың бұл түрі шошақ бөрікті сақтар (тиграхауда) деп аталады. Олардың суреті Персеполдағы Ксеркс сарайының қабырғаларында кездеседі. Олардың бет әлпеті монғолоидтық нәсіл тектес. Осыған қарап ғалымдар Жетісу аймағы монғолоидтық нәсіл тараған орталықтардың бірі деп топшылайды. Жетісу алқабы «шошақ бөрікті сақтардың» жиі қоныстанған орталығы болған. Күні кешеге дейін қазақ халқы өздерін «шошақ бөрікті қазақпыз» деп атап келген.
Сақ тайпалардың екінші бір тобы Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысын мекен еткен. Парсылар оларды теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) деп атаған. Сақтардың үшінші тобы Мұрғаб өзенінің аңғарында өмір сүрген. Оларды хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомаварга) деп атаған. Олар жылқының сүтінен ашытып хаома атты ерекше сусын дайындай білген.
Сақ тайпаларының негізгі үш тобы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет