Ірі қара малдың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы
7. Оң жақ бүйрек 1-3-ші бел омыртқаларының көлденең өсіндісінің астында орналасады.
6. Он екі елі ішек ұлтабардан 11-ші қабырға деңгейінде шығып, жоғары көтеріледі де, 13-ші қабырға астында иіліп ащщы ішекке өтеді.
5. Оның жоғарғы бөлігінен мықын деңгейінде жамбас аймағына қарай бағытталған соқыр ішек шығады.
4. Аш ішек бөлімінің үстінде құрсақ қуысының ортаңғы 1/3 бөлігін тоқ ішек алып жатыр.
3. Аш ішек бөлімі құрсақ қуысының төменгі 1/3 бөлігін толық алып жатыр.
2. Құрсақ қабырғасына жақын нағыз және жалған қабырғалардың қосылған аймағында 8-12-ші қабырға аралығында ұлтабар орналасқан.
1. Оң жағында бауыр диафрагмаға тікелей жабысып тұрады. Ол 7-12-ші қабырға аралығында қабырға астында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |