Жоспар: Жүктілік белгілері


Жатыр түбінің биіктігін жүктіліктің 20 аптасынан бастап, әрбір қаралуға келген сайын өлшеп, гравидограмма парағына белгілеп отырады. Гравидограмма



бет2/2
Дата05.09.2023
өлшемі20.28 Kb.
#476618
1   2
Лекция

6. Жатыр түбінің биіктігін жүктіліктің 20 аптасынан бастап, әрбір қаралуға келген сайын өлшеп, гравидограмма парағына белгілеп отырады. Гравидограмма - бұл жүкті әйелдің жүктілік ағымының динамикасын көрсетіп жазатын кесте. Гравидограмма жүкті әйелдің жеке картасына және алмасу картасына тіркеледі. Гравидограмманың көлденең бағанына (горизонтальды өсте) қабылдау күніндегі жүктіліктің мерзімі, тік бағанына (вертикальды өсте) жатыр түбінің биіктігі белгіленіп, екеуінің қиылысқан жері нүктемен белгіленеді.
Әрбір қаралуға келген сайын жатыр биіктігін белгілеген нүктелер аралығы сызықпен қосылып отырады. Нәтижесінде қиғаш сызық пайда болады. Түзелген қиғаш сызық гравидограмманың перцинтиль сызығынан ауытқыса, бұл бала дамуында белгілі бір ақау бар екендігіне күдік туғызады.
Егер әйелдің қиғаш сызығы нормадан жоғары асса, онда бұл баланың үлкен массасын (мысалы анасы қант диабетімен ауыратын болса), көпұрықтық және суы көптікті (баланың туа біткен ақауын көрсететін белгі) көрсетеді.
Ал егер нормадан төмен болса, бала дамуының баяулауын көрсетеді. Осындай жағдайлар анықталса дәрігер диагнозды нақтылау үшін ары қарай басқа қосымша зерттеулерге (УДЗ, ФКГ, амниоскопия) жібереді. 
7. Жүктілігі бойынша есепке алынған әйелдің жүктілік мерзімін, декреттік демалысқа шығу және босану күнін келесі мәліметтерге сүйеніп анықтайды:
- соңғы келген етеккірдің алғашқы күніне сүйеніп;
- баланың алғашқы қимылын сезген күнге сүйеніп; 
- УДЗ мәліметіне;
- жатыр биіктігінің көрсеткішіне сүйеніп. 
8. Жүктілік мерзіміне қарай әйелге лабораториялық анализдер, дәрігер консультациясы мен профилактикалық дәрі-дәрмектер тағайындалады.
Жүктілік кезінде әйелге УДЗ және скринингтік зерттеу жүргізіледі. ; Бірінші УДЗ жүктіліктің 11-13 апта + 6 күн аралығында жасалып, жүктіліктің мерзімі, егіз жүктілік анықталады. Екінші УДЗ жүктіліктің 19-21/0 апта аралығында жасалып, жүктілік мерзімі, бала, плацента, кіндік бау, қағанақ су жағдайы, даму ақаулары анықталады. Үшінші УДЗ жүктіліктің 30-32/0 апта аралығында жүргізіледі. УДЗ әдісімен зерттеу 10-15 минутқа созылады 
Эхография – жатырдағы баланың қазіргі жағдайы мен дамуы туралы ақпарат беретін қарапайым 2Д УДЗ-ден де күрделі (эхография-4Д УДЗ) тексеру әдісі. Эхография - жатырдағы баланың дене өлшемдерін, олардың даму қалыптылығын немесе хромосомды патологияларын, жынысын, сонымен қатар плацентаның, кіндікбаудың, қағанақ судың даму ақауларын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Эхография нәтижесімен жүктілікті әрі қарай жүргізу жоспарына өзгертулер енгізіліп, болашақ ана мен жатырдағы бала жағдайын жақсартуға бағытталған іс шаралар іске қосылады. Әдетте әйел эхографияға, балада даму ақауларына күдік болғанда түседі. Эхография 30-45 минут минутқа созылатын текеру әдісі.
ФКГ- фонокардиография – жатырдағы баланың жүрек жұмысынан шығатын дыбысты графикалық тіркеу әдісі. ФКГ - жәй құлаққа естілмейтін жүрек тондарын, шуылын тіркеп, оның қалыптылығын немесе гипоксияға, жүрек ақауына тән ауытқуын (тахикардия, аритмия,) анықтап береді.
Амниоскопия – қағанақ қабының төменгі полюсін трансцервикалды қарау. Амниоскопия кезінде қағанақ суының мөлшері, түсі, құрамы мен консистенциясы, мекония немесе қанның араласуы анықталады. Амниоскопияға көрсеткіш: бала гипоксиясы, күні асқан жүктілік, ана мен бала қанының изосерологиялық сәйкессіздігі. Амниоскопияны қынап, жатыр мойны қабынуларында, плацентаның төмен орналасуында жүргізуге болмайды. 
Жүктілігі бойынша әйел 12 апталық мерзімге дейін (көбіне 8-9 аптадан бастап) есепке алынып, дәрігердің қабылдауына 7 рет шақырылады: 
1- ші рет жүктіліктің 12 аптасына дейін
2 - ші рет 16-20 апта аралығында
3 - ші рет 24-25 аптасында
4 - ші рет 30-32 апта арасында
5 - ші рет 36 аптада
6 - шы рет 38-40 апта аралығында
7 - ші рет 41 аптасында 
Дәрігер қабылдауына келген сайын:
- әйелдің жалпы жағдайы, шағымы анықталып, қан қысымы өлшенеді
- Аяқ тамырларының варикозды кеңеюін тексеріп отырады
- Жүктілік мерзіміне байланысты анализдер тапсырып, терапевт, генетик мамандарының кеңесінен өтеді 
- Әйелдің дене салмағының индексі анықталады 
- Жүктілік кездегі скринингтік тексеруден өткізеді
- профилактикалық мақсатта кальций, фолий қышқылы, ацетилсалицил қышқылы тағайындалады
- Жүктіліктің 20 аптасынан бастап әйелдің іші өлшенеді
- 24-25 аптадан бастап баланың жүрек соғуын тыңдайды
- 36 аптадан бастап Леопольд тәсілі жүргізіледі 
- Жүкті әйелге жүктіліктің қауіпті белгілері, жүктілік кездегі гигиена мен тамақтану, баланы емшекпен емізу, босанғаннан кейінгі контрацепция туралы кеңес беріледі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет