Дамыта оқыту технологиясы
Негізгі көздейтін мақсатым:
Жаңа технологияны кеңінен қолана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру
Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету
Оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту
Міндеттері:
Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру
Оқушылардың өз бетімен білім алуына көмектесу
Күтілетін нәтиже:
Қызығушылықты оятады
Сабақ беру әдісі өзгереді
Оқушылар ізденуге үйренеді
Уақыт тиімді пайдаланылады
Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз
Тыңдау, жазу, сөйлеу, оқу біліктіліктері артады.
Ең алдымен жаныма жақын, өз іс-тәжірибеме ертерек еніп кеткен әдіс – сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясына тоқталғым келеді.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Бұл жолдағы ең оңай тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.
Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады. Кейбір сабақтарымда кедергілерге ұшырасам да,оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым . Сын тұрғысынан ойлау модулін реті келсе әр сабақта қолданған ұтымды .
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм , дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына , синквин, т. б.
Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Бастауыш сыныптарда оқытуда мына төмендегі айтылып отырған оқыту қағидаларын қажет етеді
1. Оқушылардың оқудағы белсенділігін , десбестігін, инициативасын арттыру
2. Оқу іскерлігі мен дағдыларын, зерттеушілік, рефлексивті, өзін-өзі бағалауын дамыту
3.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту
4. Өмірмен байланысты оқыту қағидасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оқыту әдістерін қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі мұғалім. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшін бөліп – жарғысыз нәрсе. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұрақтанған қалпы бар сала- бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейін бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететін, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсініктер беретін білім ошағы болып саналады. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.
Бастауыш сыныптардағы оқытудың мазмұнында оқытылатын пәндер ерекше орын алады. Мұнда пәннің алдына қоятын ең негізгі мақсат, міндеттерінің бірі:
Бастауыш сыныптағы оқытылатын пәндердің негізгі ерекшеліктері
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілігін, азаматтық тәрбие беру;
Жазушы туындысына бейнеленген дүниелерді эстетикалық тұрғыдан қабылдауға қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру;
Оқушының логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру
Оқушының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Қабылдаушы
Орындаушы
Тыңдаушы
Достарыңызбен бөлісу: |