1. Өнімнің бағалық бәсекелік қабілеті:
1.1. бағаның негізгі өнім өндірушілер арасында өзара салыстырылуы;
1.2. сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланыстыбағаны
дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
1.3. өнімді тұтынушыларды жеңілдіктер жүйесімен тартуы.
2. Өнімнің сапасы:
2.1. өнімнің техникалық- функционалдық қасиеттері;
2.2. қосымша пайдалылықтың болуы;
2.3. өнімнің танымалдылық деңгейі.
3. Өнім өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:
3.1. өнім өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
3.2. жарнаманың тиімділігі;
3.3. қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.
Ғалымдану жағдайында өнім өндірушілер арасында олардың бәсекелік қабілетін одан әрі дамыту тұрғысынан іргелі проблемалар туындап отырғаны белгілі. Демек, Қазақстан үшін ең өзекті мәселе болып отандық өндірушілер қызметінің тиімділігін өсіруге сүйеніп, елдің бәсекелік қабілетін арттыру табылады.
Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Ең бірінші кезекте 2001 жылдың 27 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" заңын айтуымыз керек.
Бұл заңның мақсаттары:
-
Еркін бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту, тұтынушылардың мүдделерін қорғау және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
-
Заң кәсіпкерлікті қолдау, монополистік қызметті болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөніндегі мемлекеттік реттеуді және құқықтық шараларын анықтайды.
Сонымен қатар, 1998 жылдың 11 маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының "Теріс пиғылды бәсеке туралы " Заңы, 1999 жылдың 21 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының "Демпингке қарсы шаралар туралы" Заңы, "Сапа" бағдарламасы, "Жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003ж.ж. арналған бағдарламасы", "Сертификаттау туралы", "Стандарттау туралы", "Субсидиялар мен орын толтыру шаралар туралы " және т.б. заңдар.
Бәсекелік қабілет мемлекеттік қолдау емес, бәсекелестермен қатаң күресте жетілетіні баршамызға мәлім.
Өнімнің бәсекелік қабілетін басқару жүйесінде оны бағалаудың маңызы зор. Тауардың бәсекелік қабілетін зерттеу әдістемелерінің көптігіне қарамастан, олардың жаңару үрдісі жалғасуда.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау оны пайдаланудың жолдары мен түрлеріне байланысты анықталады:
-
Егер мақсат ұқсас тауарлар қатарындағы берілген тауардың орнын анықтау болса, онда маңызды параметрлер бойынша оларды тікелей салыстыру арқылы;
-
Егер зерттеу мақсаты тауарды нақты бір нарықта өткізу перспективаларын бағалау болса, онда талдауда жуық арада нарыққа шығатын бұйымдар жайлы мәліметтерді қосатын стандарттар мен заңдылықтардың өзгерісі жайлы ақпарат пайдалануы керек.
Айта кететін жағдай, бәсекелік қабілет салыстырмалы шама болып табылатындығын ескерген жөн. Нарықтық жүйенің белгілі бір уақыт аралығында бәсекелі болған тауар келесі бір жағдайда қойылған талапқа сәйкес келмеуі мүмкін. Яғни, тауардың нарықта өткізілуінің нақты жағдайлары мен бәсекелестердің өнім өндіру барысындағы күрделі іс-әрекеттердің сапалы деңгейіне байланысты. Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың жалпы ережелері төмендегідей болып келеді:
-
тауарды өткізу нарығын таңдау және талдау,
-
ұқсас тауарларды өндіретін және өткізетін бәсекелестерді зерделеу,
-
салыстыру бағасы ретінде бәсекелік қабілеті жоғары ұқсас тауарларды негізге алу,
-
бағалауға тиісті параметрлердің қажетті тобын анықтау,
-
өнімдердің сәйкес топтары бойынша бірегей көрсеткіштер жиынын белгілеу,
-
тауар топтары бойынша көрсеткіштерді талдау, анықтау және талдау әдістемелерін таңдау,
-
кәсіпорын тауарларының бәсекелік қабілетінің интегралды көрсеткіштерін есептеу,
-
тауар өңдеуге қатысты кәсіпорынның тауар саясатын әзірлеу.
Тауардың бәсекелік қабілетін бағалауда мына негізгі қағидаларға көңіл бөлген жөн:
-
интегральділік қағидасы – бәсекелікке әсер ететін факторлары арасындағы байланыстарды нақтылауды және нығайтуды қамтамасыз етеді,
-
кешенділік қағидасы – тауардың бәсекелік қабілетін құрастырушыларды және оған әсер етуші факторларды анықтауды ескереді,
-
диалектілік қағидасы – факторлар жиынтығын даму үстінде қарастыруды ескереді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың төмендегідей негізгі түрлерін атап айтуға болады:
1. Тестілік сату. Бұл бағалау әдісінің негізгі мақсаты –зерттеліп отырған тауарды сату орындарында тұтынушылардың оны қабылдауын байқау. Бұл әдіс өте сенімді ақпарат бере алады. Алайда бұл өте көп қаржы керек етеді, себебі кез – келген кәсіпорын сапасына сенімсіз өнім шығаруға бармайды.
2. Фокус – топтар:
-
ақпаратқа толы әдіс,
-
респонденттердің бағаланып отырған өнімге шынайы қатынасын анықтауға жол береді,
-
өнімді дайындаудың кез-келген кезеңінде бағалау жүргізуге жол береді.
3. Хол – тестер (Hall – test). Оларды сапалы зерттеу нәтижелерін тексеру үшін.
Көп жағдайда тауардың бәсекелік қабілеті мәселесі пайда болған жағдайда оны маркетингтік зерттеу негізінде шешу кең таралған.
Тауардың бәсекелік қабілетін маркетигтік жолмен бағалау әдістемесі 4 кезеңнен тұрады:
1. Тауарға деген тұтынушылардың талаптарын анықтау,
2. Тұтынушылардың сұранысы негізінде тауардың күтілетін бәсекелік
қабілетін бағалау,
3. Фирманың бәсекелес фирмаларға қатысты маркетингтік қызметінің
бәсекелік қабілетін бағалау,
4. Тауардың нақты бәсекелік қабілеті жайлы қорытынды жасау және
оны арттыруға күш салу нүктелерін анықтау.
Бұл әдіс, сатып алушылардың осы кәсіпорын тауарларына деген қатынасын, сонымен қатар фирманың ішкі орталарының артықшылықтары мен кемшіліктерін, сыртқы ортасының мүмкіндіктерін пайдалану мен қатерлерін айналып өту тиімділігін ескеруге мүмкіндік береді.
Соңғы кезде көптеген ғалымдар мен тәжірибешілер фокус – топтау әдісіне қызығушылық танытуда. Бұл әдіс белгілі-бір тәртіппен ұйымдастырылып жүргізілетін терең топтық сұхбат. Осы әдістің пайдаланылуы бірқатар себептерге байланысты.Әлеуметтік сұрау нәтижесінде алынған мәліметтер тұтынушылардың белгілі-бір тауарға деген қатынасын көрсетеді. Ал тауарды өндірушілердің кемшіліктері мен олардың артықшылықтарын анықтау үшін тереңірек зерттеу жүргізу қажет. Ал осы фокус-топтар әдісі бұған зор мүмкіндік береді.
3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту
Қазақстанның экономикасын дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне интеграциялаудың негізгі бағыттарының бірі Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі БСҰ)ену болып табылады.
Біздің облыстың жағдайына келетін болсақ, қазіргі уақытта индустриялық сектордың кәсіпорындары жабдықтардың тозуынан, кадрлардың, жаңа технологиялардың жетіспеуінен және өндірілген өнімдерін өткізуден көп қиындық көруде. Жалпы облыс экономикасының өсіп отырғанынан қарамастан, олардың алдында әлі де болса көп теген қиындықтар тұр. Себебі, республикамыз БСҰ – ына енген уақытта рыногтың ашық болуы, бағалардың ырықсыздандырылуы, сапасы жоғары тауарлар шығаратын көптеген бәсекелестердің пайда болуы біздің кәсіпорындарымыздың алдынан көптеген проблемаларды туындатады.
Осы орайда өндіріс технологиясын жетілдіру және түпкілікті тұтанатын адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапалы өнім өндірудің маңызы ерекше. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр. Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің негізі болып отыр.
Өнімнің сапасы тек оның органолептикалық сипатымен ғана емес, экономикалық сипатымен де ерекшеленеді. Экономикалық категория ретінде сапа тұтыну құнымен байланысты. Өнімнің сапасын ең алдымен бағалайтын – ол тұтынушы. Нарықтық жағдайда кәсіпорын өнімінің жоғары сапасы оның имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өнім сапасын өздігінен енгізетін шаруашылықтар кейбір қиыншылықтарға ұрынады. Бүгінгі күнге дейін дәлелденген рекомендация және әдістемелік жұмыстар жоқтың қасында, ал болған күннің өзінде олар нарықтық жағдайларға сәйкес келмейді.
-
Стандартпен және нормативтік техникалық құжаттамамен орындаушыларды, басқарушыларды, мамандарды қамтамасыз ету;
-
Өнім сапасын жақсартудағы ғылыми техникалық жетістіктері туралы ақпараттың берілуі;
-
Өнімдердің жаңа тиімді техникаларын құру, өнеркәсіптік негізде өнімдерді ұйымдастыру;
-
Өнім сапасын және оның есебін болжау;
-
Материалдық-техникалық базаны құру.
-
Заңдық-құқықтық қамтамасыздандыру;
-
Өнім және жұмыс сапасын бақылау;
-
Жоғарға сапалы өнімді өндіруді материалдық ынталандыру.
Шығарылатын өнім сапасына, сонымен бірге оның бәсекелік қабілетіне, кәсіпорынның негізгі қорлардың деңгейі және жағдайы әсер етеді.
Өнімнің сапасын арттырудың келесі бір бағыты - өндіріске алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық және иннвестициялық жетістіктерді енгізуге негізделуі тиіс. Қазіргі кезеңде, өндірістің техникалық, экономикалық және технологиялық деңгейін жоғарылату арқылы өнімнің сапасын арттыруға және инвестиция таратуға мүмкіндік беретін бұл бағыт бәсекелік қабілеттің маңызды бөлігіне айналған.
Өнімді өңдеу аймағымызда жетекші және ғылыми жаңалықтарды үнемі енгізіп отыруды талап ететін салалардың бірінен саналады. Бұл сананың кәсіпорындары шығаратын көптеген арнаулы тауарлар күні бүгінге дейін дүниежүзілік рыногта сұранысқа ие. Алайда біздің кәсіпорындарымыздың мүмкіндіктері жөнінде дүниежүзілік рыногта ақпарат аз болатындықтан , олардың өнімдері тиісті дәрежеде тұтынушыларын таба алмайды. Өнім өндіру саласының кәсіпорындары алдарында тұрған проблемаларын өздері жеке шеше алмайды. Бір қатар кәсіпорындар толық қуатымен жұмыс істей алмай отыр. Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана алмаудың және маркетингтің дұрыс жұмыс істемеуінің салдарынан олар шығаратын өнімдердің өзіндік құны да жоғары болып қалуда. Жабдықтарының ескі, өнім сапасын басқару жүйесінің төмен дәрежеде болуы себепті жабдықтарын әр 2-5 жыл сайын жаңалатып отыратын шетелдік зауыттармен біздің кәсіпорындар тең дәрежеде бәсекелесе алмайды. Осыған орай "Шваб шұжықтары" ЖШС-нің өндірістік жабдықтарды жаңартуды, жаңа технологиялық процестерді енгізуді, өнімдердің перспективалы түрлерін шығаруды көздейтін перспективлық инвестициялық даму жобаларын жасауда және де бұл өндірісті дамыту жөнінде перспеквалы жұмыстар жүргізуде.
БСҰ-ына енгеннен кейін өте күрделі бәсекелестік жағдайында жұмыс істеу үшін біздің кәсіпорындарымыз өздерінің артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктерін жоюлары тиіс. Енді қалған уақытта өздерінің жұмыстарының тиімділігін артыру үшін кәсіпорындарымыз қолда бар күш-мүмкіндіктерді барынша пайдалануы қажет. Мемлекет те, жергілікті билік органы ретінде біздер де кәсіпорындарға өз өнімдерін өз елімізде және жаңадан қосылатын тауар өткізу рыноктарына өткізуге, менеджментті жақсартуға және басқа да жағдайларда мүмкіндігінше көмектесіп отыратын боламыз.
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекелестік қабілетін арттыру, олардың өнімдерінің отандық рынокта да, сондай-ақ сыртқы рынокта да өтімді болуы үшін өндірісті жаңғыртумен және түрлендірумен бірге олар-да ИСО-9000 сериялы халықаралық сапа стандарттары негізінде сапа менеджментін енгізу қажет болады.
Қазіргі уақытта дүние жүзінде 300 мыңнан астам кәсіпорын ИСО 9000 стандарты бойынша жүргізілетін өздерінің сапа жүйесін сертификаттаған. Қазақстанда ондай кәсіпорындар көп емес, алайда олардың қатары әжептәуір өсіп келеді. Мұндай жұмыстар біздің облыстың кәсіпорындарында да жүргізілуде. Олардың бұл талпыныстарын түсінуге болады, өйткені, сапалы өнім шығарумен ғана бәсекелестік күресте басымдыққа ие болуға болады. Сонымен бірге кәсіпорындарда сапаның сертификатталған жүйесінің болуы олар үшін халықаралық рынокқа шығудың да, сондай-ақ еліміздің ішкі рыногында табысты жұмыс істеудің де алғы шарты болып отыр.
Облыс кәсіпорындары шығаратын өнімдердің бәсекелестік мүмкіндігін арттыру және олардың халық-аралық стандарттарға көшуіне көмектесу мақсатымен департамент бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру жөнінде ұдайы жұмыстар жүргізіп, өнім сапасын арттыру мен сапа жүйесін енгізу жөнінде семинар-кеңестер өткізіп отырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау комитетінің Солтүстік Қазақстан филиалы – "Экспертиза мен сертификаттау Ұлттық орталығы" ААҚ-ымен бірлесе отырып аймақтың тамақ және 9 ұқсату өнеркәсібі кәсіпорындарында сапа және сапаның халықаралық жүйесін енгізу мәселелері жөнінде екі семинар кеңес өткізілді. Олардың жұмысына тамақ өнімдерін шығаратын және ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсататын 19 кәсіпорынның басшылары мен мамандары қатысты.
Ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсататын және тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың басшылары, аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары мен ресми тіркелген лабораториялардың басшылары үшін Бүкілдүниежүзілік Даму Банкі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігінің ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі жөнінде жасаған бірлескен жобалары бойынша "Сапаны басқару және ауыл шауашылық өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету" және 2005-2009 жылдарға есептелген "Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру" деген компоненттердің тұсаукесері ұйымдастырылады.
Қазақстанның БСҰ-ына енуі үшін экономиканың барлық салаларын дайындау жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешу мақсатымен ғылымды көп талап ететін жоғары технологиялы өндіріс пен жоғары қосылған құны бар, бәсекелестік қабілеті бар өнімдерді шығаруға жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінбек.
БСҰ-ына енгеннен кейін өте күрделі бәсекелестік жағдайында жұмыс істеу үшін біздің кәсіпорындарымыз өздерінің артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктерін жоюлары тиіс. Енді қалған уақытта өздерінің жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін кәсіпорындарымыз қолда бар күш-мүмкіндіктерді барынша пайдаланулары қажет. Мемлекет те, жергілікті билік органы ретінде біздер де кәсіпорындарға өз өнімдерін өз елімізде және жаңадан қосылатын тауар өткізу рыноктарына өткізуге, менеджментті жақсартуға және басқа да жағдайларда мүмкіндігінше көмектесіп отыратын боламыз.
Қорыта айтқанда, БСҰ-ына енгеннен кейін біздің әрқайсымыздың жауапкершілігіміз еселеп арта түседі және барлық дәрежедегі мамандардың біліктігіне қойылатын талаптар да елеулі түрде күшейеді. Ол БСҰ-ның ережелері мен принциптерін тек мемлекеттік дәрежеде ғана емес, сонымен бірге жеке кәсіпорындар мен өндірістерде де үйреніп, оны іс жүзінде табысты түрде қолдану қажеттігінен туындайтын болды. Сондықтан біздің негізгі міндетіміз осы жұмыстарға дайын отыру болып табылады.
"Айгерім СҮ" АҚ-ның жабылуымен, өндіріс сол тұлғаларымен құрылып, басқарылатын "НҰ-Ра Концерні" ЖШС-не берілді. Өндіріс көлемін өсіру, сапаны жақсарту, өзіндік құнды төмендету, қазіргі уақытқа сай және бәсеке қабілеттілігі жоғары өнімнің ассортиментін кеңейту арқылы, яғни құрал-жабдықтарды жаңарту арқылы, ал ол үшін айтарлықтай инвестиция арқылы кәсіпорынның даму бағдарламасы өткір мәселеге айналды. 1999ж. наурызында бірінші кезекте қажетті 3 құрылғы сатып алынды (куттер, клипсатор, мұзды-генератор). Бұл германиялық өндіріс-фирмаларының құрылғылары жоғары технологиялық болып табылады. Сөйтіп, К-120 ДС Ультра маркалы куттер өте жақсы құрастыруды, тартылған етке бір қалыпты түр беруге, дайын өнімнің сапасын жоғарылатып, сыртқы түрін жақсартуға мүмкіндік береді. Етті ұсақтаудың жоғары деңгейі ақуыздық клеткалар мен ферменттердің бөлінуіне жол ашып, дәмдік қасиеттерін жақсартады, ал бұл процесті вакуумдау майдың қышқылдануын және ақуыздың ыдырауын болдырмайды да, ол өнімді сақтаудың ұзақтығын өсіреді. Клипсатор батондары қолмен байлаумен айналысатын 8 жұмыс орнын босатып, өнімнің сапасы мен тауарлық түрін жоғарылатуға, өзіндік құнды төмендетуге мүмкіндік береді.
Технологиялық қабыршақты мұзды даялауға арналған мұзды-генератор мұз өндіру процесінде қауіпті болып саналатын аммиакты қосатын және сағатына 182 Квт электр энергиясын пайдаланатын энергосиымды компрессорлы құрылғыдан айырылуға, оған қоса, өндіріс шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
2000 жылдың 26-мамырында бұл кәсіпорын "Шваб шұжықтары" ЖШС болып қайта тіркеуден өтті.
Тұтынушылармен келісімшартқа негізделген тауарлық ет өндірісі "Айгерім СҮ" АҚ-на көп мөлшердегі ет өнімін даярлау, уақытша сақтау мен тасымалдаудың және жеткізу мен өзара есеп айырысудың тәжірибесін үйретті. Еттің соңғы өнімдерін өндіру-технологияның дамуы мен жетілуін, қосымша құрылғылардың, жаңа толықтыру қоспаларының енгізілуін тудырды. Бұл ассортимент түрін кеңейтуге, сапасын жақсартуға, біртіндеп бағасын төмендету арқылы мөлшерін көбейтуге мүмкіндік берді. 2003ж. 441 тонна шұжық пен дәмді тағамдар өндіріліп, сатылды, ал тауарлық өнім көлемі 105 млн. теңгені құрады.
Ет өнімдері мен шұжықтарды дайындау технологиясының негіздері барлық өндірушілер үшін бірдей және айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Сонымен қоса, технологиялық процесте қолданылатын жаңа машиналар мен құрылғыларды іс ке қосу негізінде үнемі жетілдірулер болып тұрады. Негізгі мақсат болат сапаны жақсарту табылады. Етті өндеу мен шұжық өндірісінің әлемдік топбастары, әрине, технологиялық құрылғылардың жаңа үлгілерін құрастырушы Германия болып табылады. Сондықтан Гермения өндірушілердің тәжірибелермен танысу технологияны жетілдіру бағытында аса зор орын алды, өндіріс жөніндегі директор К. Б. Сейтханов Германиядағы ет өндеу құрылғылардың көрмесіне қатысты, Schaller Lebensmitteltechnik фирмасының ғылыми орталығының ашылуында Қазақстан атынан сөз сөйлеген. Онымен қоса, "Новосибирск", "Черепаново", "Омбы" ет комбинаттарының жұмыс тәжірибесі де зерттелген. Томскідегі ет комбинатында директормен бірге өндіріс технологы мен шебері де тәжірибе алды. 1996 жылдан бастап технологияға "Атлантис-Пак" фирмасының (Дон өзеніндегі қаласы) полиамидті және коллагенді орамалар ендірілген. Бұл орамадағы шұжықтың сақталу уақыты бұрынғы 48 сағатпен салыстырғанда 10 тәулікке жеткен. Оның негізгі ерекшілігі мынада: жылулық өндеу кезінде бұл орамалардың тесіктері ашылып, түтінің бүкіл өнім бойына тарап, соған байланысты керемет дәмге ие болуына жол ашылады.
Технологиялық процесті дамыту бағдарламасының басты шарасы болып өнімді тарату уақытары бойынша сертификаттау табылады. Өнімге деген жаңа республикалық Техникалық шарттардың іске қосылуы (Ресейде қызмет етіп келеді) сақтау уақытын ресми түрде заңдастырады, отандық шұжық сапасына деген сенімді және тауардың өтімділігін жоғарылатады.
6-кесте. Шикізат пен негізгі құралдар қажеттілігінің тізімі
Шикізаттың атауы
|
Өлш. бірлігі
|
Көлемі
|
Бағасы
|
Жеткізуші
|
теңге
|
шетел валюта
|
Тірі сиыр еті
|
кг
|
400000
|
190
|
|
Индосектор
|
Сойылған сиыр еті
|
кг
|
300020
|
310
|
|
Индосектор
|
Сойылған шошқа еті
|
кг
|
300025
|
240
|
|
Индосектор,
Шаруа қожалықтары
|
Данпро
|
кг
|
14868
|
396,46
|
|
“Euro Azia” ЖК Алматы
|
Майстермикс
Р 7270/11
|
кг
|
8060
|
849,6
|
|
“Euro Azia” ЖК Алматы
|
Смукс 3030/15
|
кг
|
1152
|
1115
|
|
“Euro Azia” ЖК Алматы
|
Қант
|
кг
|
1776
|
76
|
|
Бөлшек сауда
|
Тұз
|
кг
|
95232
|
3,95
|
|
Бөлшек сауда
|
Бұрыш әр түрлі
|
кг
|
1729
|
297
|
|
Бөлшек сауда
|
Сарымсақ, сарымсақ эссенциясы
|
кг
|
1519
|
138
|
|
Бөлшек сауда
|
Полиамидті орама
|
кг
|
640,6
|
34,12
|
$ 105
|
«Атлантис-Пак», Ростов на Дону қ-сы
|
Тағамдық фосфат
|
кг
|
4500
|
298,94
|
РР 26
|
«Пищекомплект» АҚ
|
Нитрит
|
кг
|
160
|
1064,38
|
РР 143
|
«Пищекомплект» АҚ
|
Бұл жобаның есептемелеріне өндіріс көлемі мен сату түсімдерінің пессимистік көрсеткіштері алынған. Қолда бар құрал-жабдықтардың қуаты бір ауысымда (смена) 5 тонна өнім шығаруға, ал тәжірибеленген жүйе оны өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа құрал-жабдықтар бір ауысымдағы өндіріс қуатын 7 тоннаға дейін жеткізіп, сатудан түсетін табысты айтарлықтай көтермелеуге әсер ететін өнімнің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік ашады. Тек сосискалар өндірісі ғана 4 тоннаға дейінгі өсімді береді. Өнімді таратудың бағалары қазіргі бағаның төмендетілуіне негізделген, ол да жобаның тұрақтылығын күшейтеді. Сатудан түскен түсімдердің 5%-ы-сауда шегерімі (скидка) болып табылады, яғни бұл да өнімді өткізу көлемінің өсуі кезіндегі табыстардың көбюіне әкелетін факторлардың бірі болып отыр.
3.2 Кәсіпорынның бәсекелік жағдайында жұмыс істеуін жақсарту
Бүгінгі таңда Қазақстан ірі ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушісі және оларды экспорттаушы болып табылады. Қазір біздің негізгі бағытымыз ауыл шаруашылық өнімдерінің және басқа сала өнімдерінің өткізу нарықтарын кеңейту үшін БСҰ-на мүше болу. Бұл үшін барлық саладағы өндірілетін өнімдердің жоғары сапалы және бәсеке қабілетінің өте жоғары болуы шарт. Сондықтан, біз өндірістерге әлемдегі соңғы жетістіктерді, жаңа технология, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа ұйымдастырушылық-басқарушылық әдістер енгізуіміз керек. Бұл үшін ең алдымен қаржы көздері қажет, қазіргі кезде негізгі қаржы көздері болып-шетелдік және отандық инвестициялар, мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялар басым бағыттары болып: өнеркәсіптік, өңдеуші және ауыл шаруашылығы табылады.
Өнімнің бәсеке қабілеті өнімді бәсекелес өнімдердің жалпы сипатымен, сонымен қатар тұтынушы талғамын салыстырып талдауға және индекстік әдіспен бағаланады. Егер өнімнің физикалық қасиеті болмаса баллдық есептеу әдісі қолданылады. Бұл әдіс (дифференциалды) бәсекені қамтамасыз ету мақсатында тұтынушының тауарды таңдап алған кезде әр бір параметірдің ықпал етуін көрсетпейді, тек қана өнім параметірлерінің өсуін немесе төмендеуін бақылауға болады. Өнімнің бәсекелік қабілет көрсеткішін есептеуде оның сапасы мен бағасын бейнелейтін жекелік, топтық және интегралдық индекстерді қолданады. Көп жағдайда қолданылатын бұл индекстердің ерекшелігі, жоғарыда аталған әдістер сияқты, бағаланатын өнімнің әр бір көрсеткіштерін үлгілі өнім көрсеткіштерімен салыстыруында. Бұл келесі формуламен есептелінеді: К= Р/С* max. Мұндағы: Р – тиімділігі (өнімнің сапасы); К - өнімнің бәсекелік қабілеті; С - өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығындар; Экономикалық параметрлер бойынша көрсеткіштердің топтық есебі келесі формуламен есептеледі: Тэп =3/3э Мұндағы: 3/3 э – салыстырылып отырған өнімге және эталонға сәйкес тұтынушының барлық шығындары.
Достарыңызбен бөлісу: |