1.Бетон толтырғыштарының негізгі мақсаты , құрылымы.
Бетон - белгілі мөлшерде алынатын щебеннен ( гравийден ), құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материалы. Бетондар өнеркәсіптік, азаматтық, гидротехникалық және басқа да ғимараттарда кеңінен қолданылады. Бетон көлемінің басым көпшілігін - 85-90 % дейін құм мен щебеннен тұратын толтырушылар құрайды. Құрылыста түрлі қасиеттерімен сипатталынатын әр-түрлі бетондар қолданылады. Бетондар мынадай белгілері бойынша жіктелінеді : орташа тығыздығымен, арналу мақсатымен, байланыстырушы және толтырғыштар түрімен. Структура сапасының маңызды көрсеткіші болып табылатын бетонның орташа тығыздығына оның басты қасиеттері ( мықтылығы, аязға төзімділігі, су өткізбейтіндігі, жылуөткізгіштігі және т.б. ) байланысты.
Орташа тығыздығы бойынша бетондар өте ауыр, ауыр және жеңіл түрлеріне жіктеледі.
Қолдану салаларына байланысты - конструкциялық және арнаулы бетондар болып бөлінеді. Өте ауыр бетон, орташа тығыздығы 2500 кг\м3 жоғары, аса ауыр толтырғыштар (магнезит, барит, шойын бытырасы, болат кесінділері ) негізінде алынады. Мұндай бетондарды ядролық реакторларда радиоактивтік сәулелерден қорғану үшін, қорғаныс қалқа ретінде жиі қолданады.
Ауыр бетон - құрылыстық бұйымдар мен конструкцияларды көптеп шығаруға қолданатын бетонның басты түрі.Қазіргі кезде көбінесе В20 кластағы бетондарды өте жиі қолданады. Келешекте бетонды тек жуылған және фракцияланған толтырушылар негізінде алуға толық көшу керектігі қарастырылған. Мысалы, үш – төрт фракциядағы ірі және екі фракциядағы майда толтырушылар негізінде және ең аз цемент шығыны мен сапасы жақсы, структурасы бір текті бетондар алынатындығында күмән жоқ. АҚШ , мысалы , 15 фракциялы түрлі толтырушылар шығарады. Шет елдерде көптеген ғимараттар үшін қолданылатын материалдар сапасы, дозалау және бетон араласпасын дайындау деңгейі нәзік химиялық технология процестері деңгейінде ұйымдастырады.
90-шы жылдары маркасы 500 цементтер мен суперпластификаторларды қолдануға негізделген жоғары мықтылық бетондардың жаңа технологиясы өңделінген. Мықтылығы жоғары бетондардан жасалынатын конструкцияларды және бұйымдарды құрылыс практикасында барынша кең қолдану үшін Қазақстан аймақтарының барлығында сапалы толтырушылар алуға жарайтын , қатты тау – тас жыныстары жетерліктей.
Толтырғыштар деп табиғи немесе жасанды минералдық түйіршіктер араласын айтады. Түйіршік мөлшері ГОСТ бекітілген аралықта болады. Бетон құрамында бұл түйіршіктер байланыстырушы затпен біріктіріліп тас тәрізді мықты дене құрайды.
Толтырғыштар жалпы бетон көлемінің 85-90% кұрайтындығынан олар бетондық араласпаның технлогиялық қасиетіне және бетон сапасына өте көп әсерін тигізеді.
Құрылыс бұйымдарын бір ғана байланыстырғыш заттар дайындамайды, оған себеп, байланыстырғыштардан бағасы өте қымбат жане физико - химялық қасиеттері күрделі. Осындай кемшіліктерді жою мақсатында минералды ( биорганикалық) байланыстар негізінде құрылыс
бұйымдарына толтырғыштар деп аталатын ірілігі әр түрлі инертті материалдарды қосады. Қарапайым толтырғыштардың құны байланыстырғышқа қарағанда едәуір арзан. Сәйкесінше, бетонда толытырғыш көп болған сайын бетон құны да арзандайды.
Толтырғыштар қоры республикамыздың барлық аймактарында жетерліктей (құм шебень) Одан баска әзірше аз қолданп жүрген өнеркәсіп қалдықтарынан (ТЭС күлі, металлургиялық шлактар т.б.) алынатын толтырушылар қоры жетіп артылады. Дурыс тандап алынған толтырғыштар негізінде, ең аз цемент шығындаумен экономикалық тиімді бетон алынады және толтырғыштар бетонның техникалық қасиеттерін жақсартады. Мықтылығы жоғары толтырғыштар қаңқасы бетонның берікті деформациялық модулін біршама ұлғайтып жүк астында конструкциялар деформациясын кішірейтеді, сондай - ақ жүктің ұзақ, уақыт әсерінен пайда болатын қайта орнына келмейтін деформациясын – бетон жылжымалылығын азайтады.
Толтырғыштар түпкі тегі бойынша табиғи, жасанды, өнеркәсіп қалдықтарынан алынғандар болып топқа бөлінеді. Табиғи толтырғыштарды тау жыныстарын (гранитті, диабазды , диоритті, ізбест тасын, жанартаулық туфты, гравийді, кварцитті, мраморды т.б.) механикалық қайта өрлеумен алады. Жасанды толтырғыштар ретінде - шикізаттардан және өнеркәсіп қалдықтарынан термиялық немесе басқаша өңдеу тәсілімен алынатын арнаулы дайындалған материалдарды колданады. Бұларға жататындар керамзит және оның түр түрлері, термозит, шлактың пемза және т.б.
Толтырғыштар бетон көлемінің 80% дейін, өзіндік құнының 30-50% құрайтын бетонның қасиеттеріне, ұзақ мерзімге төзімділігіне және өзіндік құнына әсер ететін басты фактор.
Бетонды қоспаны дайындаудың технологиялық үрдісі шартты түрде келесі технологиялық өзгертулерге бөлуге болады: қабылдау; цементті және толтырғыштарды (құм, шебень, химиялық үстемелер, су) қоймалау мен бетон араластырғыш цехтің бункер үсті бөліміне тасымалдау; бетонды қоспаны араластыру; дайын қоспаның таратылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |