Жоспар кіріспе І ақша жүйесінің теориялық негізі



жүктеу 340.58 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі340.58 Kb.

2



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Ақша жүйесінің қалыптасуы

    1. Ақша жүйесі типтері мен қызметтері


ІІ. АҚША РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
2.1 1922 - 1924 жж. Ақша реформалары

2.2 1947 жылғы ақша реформасы

2.3 1961 жылға деноминация
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастару ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығына байланысты ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртібі қамтылады.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей Жарлықтары шықты.

1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.

Валюталық бақылау орандары болып, Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып, заң бойынша, валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Республикада ақша реформасының қалыптасуы, яғни ұлттық валюта - теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын (жарақтарын) қалыптастырудың соңғы қадамы болды. Оның үлкен экономикалық және саяси маңызы бар. Қазіргі дағдарыс жағдайында ұлттық валютамызды енгізу амалсыз шара болды, оған 1993 жылы 7 тамыздағы және 23 – ші қыркүйектегі жаңа тұрпаттағы сом аймағын құру туралы Ресей үкіметімен жасалған келісім шарттардың ресейліктердің кіріснен жүзеге аспай қалуы себеп болды.

Теңгені енгізу байланысты алда тұрған басты міндеттер:



  • ақша тұрақтылығы мен жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету,

  • ақшаны болашақта конверсиялану қабілеті бар валютаға айналдыру;

  • ақша жүйесінің тұрақтылығы арқылы экономиканы дүниежүзілік нарықты бәсекелестік қабілеті бар экономикаға айналдыру;

  • валюта – қаржы жүйесін сыртқы сауда мен валюта несиелік қатынастардың халықаралық стандартына сәйкес қайта құру керек.

Республикада ұлттық валюта теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын қалыптастырудың соңғы маңызы бар. Теңгені енгізуге байланысты алда тұрған басты міндет – оның тұрақтылығы мен жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта валютаға айналдыру. Қазіргі таңда, теңгені тауарлармен, алтын – алмас қорымен, валютамен қамтамасыз ету, оны қажетті деңгейде ұстап отыру басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Теңгенің енгізілуі республиканың экономикалық және саяси - әлеуметтік жағдайына әсер етті. Қазақстанның сол уақытқа дейін «сом зонасынан» шықпауы, бұрын қалыптасқан экономикалық кеңістікті және оның шаруашылықтық байланыстарын сақтау мақсатында болатын.



Зерттеу тақырыбының әдістемелік базасы ретінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы, «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы», 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары, Ғ.С. Сейітқасымовтың «Ақша, несие, банктер», Көшенованың «Ақша, несие және валюта қатфынастары» оқулықтары басшылыққа алынды.
Зерттеу құрылымы. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

І. АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Ақша жүйесінің қалыптасуы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынас бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».

Әрбір ерекше тауар міндетті тұрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой =1 қап бидай және т.б.).

Тауар өндiрiсiнiң өcyiнe байланысты неғұрлым жиi айыр­басталатын тауар - барлық басқа тауарлардьң бiр-бiрiмен өзара айырбасталу туралы бола бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын турде ету басталды. Бiрақ, оның рөлi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндык, эквивалент рөлiн белгiлi бiр тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасында айналады.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын, әр түрлi тауарлар қабылдады. Әрбір тауарды ­шаруашылық, уклад өз эквивалентін алға тартады. Бiр халықтың, өзiнде әр түрлi уақыттарда және әр түрлі де бiр мезгiлде әр түрлi эквиваленттер болды. Сонымен, бiрiн­шi, ipi еңбек бөлінісінің нәтижесiнде мал бағyшылардың бө­лiнiп шығyымен мал (ipi қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгiлi түрлерi табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шал­ғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт- аудандарда түйе; тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметiн атқарады. Малды жалпы эквивалент ретiнде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлi қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерiнде табылған заттарда, поэзияларда кездеседi. Гомердiң көне Троя батыр­лары туралы поэмасында өгiздi құн өлшемi ретiнде пайда­ланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жас­алынған ақшаларда "өгiз" деген атау ойып өрнектелiнiп жазылып жүрдi. Латынның сөзi "пекуния" (ақша) "пекус" ("мал") сөзiнен шьққан. "Рупа" ("мал") сөзі үнділердің ақша бірлiгiнiң атауы "рупия" негiзiнде жатыр. Ежелгi Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейiн де "мал" деген атауға ие болды. - Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген "біздiң жинаған малдарымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады". Ол кездегі қазынашы «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынады.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бiр құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он eкi қойға теңестiрiлдi.

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Бірақ XVI ғасырдың басында (1516ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде: «Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың аландаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірімен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді».

Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемінен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес».

Осыған байланысты былай деді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді. Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті емес.

К. Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген». Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие; бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, баспайды, тек қана «патша аралығында» (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларға пайданылады – электроникадан бастап зергелік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалыңдығы 3 мк. жуық. 4000 жылдардан бастап б. ғ. және 1985 жылға дейін әлемдегі барлық өндірілген алтын 90 мың т. құрады. XX ғасырда 60 мың тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы – екіншінің дүние жүзілік соғыстан кейін өндірілген.

1. 2 Ақша жүйесі типтері мен қызметтері

Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.

Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:


  • металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;

  • несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.

Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі - биметаллизм және монометаллизмге тән.

Биметаллизм – бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:

  • параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;

  • қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынас мемлекет анықтады;

  • «ақсақ» валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.

Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент табағатына қарама – қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.

Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж, Германияда – 1871-1873 жж., АҚШ – та – 1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 – 1852 жж., Үндістанда 1852 – 1893 жж. қолданылды.

Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:

Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.

Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда – 1700 фунт стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймаларына айырбасталды).

Алтын девиз стандарты – Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:


  1. құн өлшемі және баға масштабы;

  2. айналыс құралы;

  3. төлем құралы;

  4. қорлану және қор жинау құралы;

  5. дүниежүзілік ақша.

1. Ақша құн өлшемі және баға масштабы. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайындағы туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма – қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.



2. Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату – сатып алу процесіне қызмет етеді.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:


  • тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы;

  • оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма - қол) ақшалар орындайды,

  • ақшаның бұл қызметінде тауарлардыт айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсіндіріледі. Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.

3. Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немес керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшадай төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:



  • тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;

  • еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;

  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

  • банктік қарыз, мемлекет және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;

  • сақтандыру міндеттемелері;

  • әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

Ақшалар төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.

4. Ақша қорлану және қор жинау құралы. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т- А- Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.

Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар қорлану қызметін жүзеге асырады.

Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:



  • кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;

  • банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.

5. Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу ретінде қызмет етеді.

Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.

Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттың валюталары қызмет етті. 1913 ж. халықаралық есеп айырысуларының 80 пайызы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысуларының қалдығын жабуға ғана қызмет етті.

ІІ. АҚША РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2.1 1922 - 1924 жж. Ақша реформалары

Ақша реформасын өткізудің қажеттігі. Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күми және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 9291 алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.

1917 ж. жазда уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында «керенки» деп атады. Несиелік ақшалар мен "керенкилерден" басқа уақытша үкімет айналысқа суррогаттың әр түрін енгізді мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемееі, займ купондары.

Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогаттай атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Казань революциясынан кейін ақша айналасынын жағдайы бірқалыпты аолай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы ақшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетгі. Ақша иі мын есеге құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілі айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алүан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында (қазіргі Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте апиынмен сақталған және Жетісу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы несиелік билеттің, бет жағында көрсетілген жазу куәландырады. Дүние жүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік органдарының иелігінде мұндай бағалы дәрәлік шикізаттың 275 пуды болды, олар елдің байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта аламады. "Верненск рублі" күн сайын құнсыздана бастады.

Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және ақ гвардия "үкіметі" өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардын бағамдары әр түрлі болды, және олар тезірек құнсызданды.

Акшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылды. 1920 ж. сонынан бастап "еңбек паезын" ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы және коммуналдық қызметтер үшін төлем төлеу алынып тасталды, оқушыларға тегін киім берді. Базарлардың өзінде азық-түлік-термен алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент мысалы, етік жұбы 30 фунт крупаға, немесе 1 пуд қара ұнға, месе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрінде жүзеге асырылды.

1921 ж. наурызда болған РКП (б)-ның X съезінде жана Номикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін, артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұсақ өнеркәсіпке араласуына жол берілді. Егер, 1921ж. көктемінде ақшалай еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер, 1921 ж. көктемінде ақшалай еңбек ақыны төлеу тек 10% құраса, онда 1923 ж. бірінші тоқсанында, ол - 80%-дан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.

1921ж. қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік банкі ұйымдастырылды, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуді дайындық жасау болды.

Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әр түрлі өнеркәсіп саларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шарушылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта), тауар айналымының артуы жатады.

Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 ж. мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нөлін сызып тастады (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.

1922 ж. 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 ж. 1 қаңтарына дейін кассаларда қабылдады.

Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің бір миллионына теңесті.

Деноминациялар ақшаны есепке алуды онайлатты, ақша айналысын бір қалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болыпты. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсті-үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады.

Ақша реформасының мазмұны. Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетаны (7,74234 г алтын) 10 рубльге теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.

Сауда-саттықтың және банктік несиелердін ұлғаюына қарай червонецтер де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнының 1.04.1923 ж. - 15%, 1.07.1923 ж. - 37%, және 1.10.1923 ж. – 74% құрады. Кәсіпорындар арасындағы барлық ақшалай есеп айырысулар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтермен бейнелене бастады.

Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай, олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналымында қызмет ете берді. Шын мәсінінде елде екі валютаның қосарлы айналысынының жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонецтері және Халықаралық қаржы комитетінің ақша тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.

Екі валютаның қосарлы айналысы - халық пен елдің экономика жағдайына қатты есер етті. Жалақы червонец, түрінде есептелгенімен кеңестік ақшалық белгілерінде берід. ді. Шаруалар өздерінің өнімдерін құнсыз кеңестік ақща белгілеріне сатқылары келмеді.

1.05.24 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға - 762,3 квадрильон рубльге (квадрильон - бұл 15 нолі бар ақша бірлігі) жетті. Бұл ақша массасынын нақты құңы (червонецтегі) 15,2 млн рубльді құрады.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қаркыны орташа және ұсақ купюрадағы акшалардың жетіспеушілігіне экеліп соқты. Сөйтіп, ұсақ ақшалар ретінде әр түрлі ақшалар, әсіресе тұрақты валюталарда бейнеленген сурогатгарды шығарды.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнім-дерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұньщ бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік экономикалық алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қыскарды, өндіріс пен тауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды (1.01.1923 ж. 10,9 млн рубльден, 1.02.1924 ж. 153,6 млн рубльге дейін). Бірақ алтын қорының сомасы Ресей патшалығы соғысының қарсаңындағы болған алтын қорына қатынасты алғанда 9%-ға жуығын құрады.

5.02.24 ж. Орталық атқару комитеті (ОАК - ЦИК) және Халық Комиссарлар кеңесі (ХКК - СНК) декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1, 3 және 5 рубльдегі қазыналық билетгер шығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес ақша белгілерін шығару тоқтатылды. Олардың қаржы Халық Комиссариатының қорында болған қоры жойылды. 22.02.24 ж. бастап 10, 15, 20 және 50 тиындық күміс монеталар және 1, 2, 3 және 5 тиындық күміс монеталар шығарылды. 1924 ж. бастап айналыстағы ақшаның кеңестік белгілерін нақты бағаммен сатып алу басталды, 1 рубльдік қазыналық билет 50 мың рубльге. теңесті. Қазыналық билеттердің шығарылу шамасы айналыстығы червонецтер сомасының жартысынан аспауға тиіс болды.

1888ж. дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольников (Бриллиант) 1922-1924 жж. ақша реформасын ұйымдастарушы және теоретигі, болды. 1921 ж. қараша айынан бастап ол қаржы Халық Комиссариатын басқарған болатын. Онын жетекшілігімен бөлінген қаржы-несие жүйесі қалпына келтірілді. Не бары 3 жыл ішінде, 1924 жылдың аяғында, мемлекетік бюджет тапшылықсыз болды. Бұл кеңестік ақша белгілерінін эмиссиясын қысқартып, тұрақты червонецтерге өтуге мүмкіндік жасады. Ол 1922 ж. басынан бастап валютаның тұрақтылығы елдің экономикалық өрлеуінің қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелері, құнсыз кеңестік акша белгілерінің эмиссиялануы ұлттық табысты бірінші кезектегі мемлекеттік қажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар тәсілі деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған Г.Я. Сокольников, барлық тауарлық шаруашылықта ақша тек қана айналыс және төлем құралы болап табылмай, сондай-ақ құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп санаған. Соңғы екі қызметті құнсыз кеңестік аұша бірліктері атқара алмайды. Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген қажеттілік алтынның, тұрақты валютаның келуін талап етеді. Ол бюджеттік эмиссиялауға негізделген гиперинфляцияның барлық ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғатынын дәлелдеген болатын. Қаншалықты сырты сауданың дамуы ішкі айналымдағы ақшалар мен дүниежүзілік нарықтағы ақшалар арасында тұрақты қатынастың болуын талап ететіндіктен де, алтынға байланысты ұлттық валютаның тұрақты бағамы болуы қажет. Алтынға валютаның еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г.Я. Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.

Алтын қорының үш ролі болды:

1) халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор ретінде;

2) ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мембанк алтынды шетел валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алып отырды);

3) көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві.

Червонец тарихқа "алтын" деген атпен кірді, бұл жерде оның мазмұны патшалық он рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінің қатысы болғандықтан емес.

Мембанк валюталық бағамды өзгеріссіз (1 червонец 1 фунт стерлинке) қалыпта ұстау мақсатында "еркін нарықта" алтынды және шетел валютасын сатып және сатып алып отырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына араласуың валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, червонецтер кеден баждарын төлеуге де қабылданды. Червонецке тұрақты бағамда валюта алу мүмкіндігі, сондай-ақ червонецтегі бағалардың тұрактылығының қамтамасыз етілуі, оған деген "сенімді" арттырып қоймай, оның пайдалану аясын кенейте түсті. 1.07.1923 ж. червонецтер елдегі ақша массасының 45%-ын құрады. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану құралы болып табылды. Валюталық нарыққа алтынның және шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.

1922-1924 жж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады.




    1. 1947 жылғы ақша реформасы

Ұлы Отан соғысы елге - 679 млрд рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд рубльді құрады (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде).

Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің та-быстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға салық шағын жанұялыларға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылды, тыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4% шамасында қаражаттар түсті. Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды. өндіріс көлемінің қысқаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған (колхоз) нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы қол жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.

Соғыстың зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу қабілеттігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) ОК қаулысына сәйкес 1947ж. 14 желтоқсанда "Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы") мүмкіндік берді. Айналысқа жана ақша бірліктері 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 номиналдық купюрлар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы 3000 рубльге дейінгі ақшалары қайта бағалауға ұшыраған жоқ, 3000-нан 10 000 рубльге дейін 3:2 жеңілдік арақатысымен, 10000 жоғары 2:1 арақатынаспен қайта бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта аланбады. Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың не несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік қатьынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның басталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында пунк асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді. Желтоқсанның бірінші жартысы үшін бұрыңғы мөлшерде жаңа ақшамен төленді.

Реформаның басты элементерінің бірі бұрынғы шығарылған мемлекеттік займдарды (1947 ж. займнан басқасын) 1948 ) біртұтас 2%-дық займға конверсиялануы болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды.

Ақша реформасын жүргізумен қатар, барлық азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді.

Еркін мемлекеттік сауданың ықпалымен колхоз нарықтарындағы бағалар төмендеді. 1948 ж. бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өсті.

1947 ж. ақша рефомасы ақша жүйесінің түбірімен қайта құруылуын білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де, реформаға дейінгі болған ақша айналысының құрылымы сақталды. Бұның сәл айырмашылығы сол, Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес рубль түрінде шығарылатын болды.

Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілетті бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.

1947 ж. ақша реформасынан кейін алғашқы жылдары экономиканың дамуындағы қол жеткізген жетістіктер және карточка жүйесінің алынып тасталуы өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, дүкендерде азық-түліктердің көбеюіне жол берді. Жыл сайын бөлшек сауда бағаларының төмендеуі басталды. Әдетте ол, 1948 ж. көктемінен 1954 ж. дейін жүргізілді. Бұл уақыт ішінде азақ-түлік тауарларының бағасы 2,6 есе, өнеркәсіп тауарларының бағасы 1,9 есеге төмендеді. Әйтсе де бағаның төмендеуі халықтың төлем қабілетінің анысы, өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығы өндірісінің мүмкіндіктерінен асып түсуіне әкелді.

Айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу мақсатында халықтың жұмыс жасайтын барлық категорияларының жалақыларынан "халық шаруашылығын қалпына келтіруге және дамытуға арналған облигациялық займдарды төлеуге 10% ұсталып отырды.

Үкімет рубльдің бағамын шетел валюталарына қатысты көтеру және оны алтын базасына өткізу қажеттігін мойындады. Оған дейін рубльдің шетел валюталарына қатысты бағамы алтын базасында емес, қандай да бір алтындық құрамы бар және алтынға айырбасталатын шетел валютасының базасында белгіленіп келді.

1950 ж. 1 наурыздан бастап үкімет рубльдің алтындық құрамым (баға масштабы) 0,222168 г таза алтынмен белгіледі. Осы бекітілген алтындық құрамына байланысты рубльдің шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Осылайша бұрынғы 5 рубль 30 тиынның орнына - 1 доллар (доллардың алтындық құрамы ол кезде 0,888671 г алтынды құрады) үшін 4 рубль болып жаңа бағам белгіленді. Ағылшын фунт стерлингіне қатысты алғанда - бұрынғы 14 рубль 84 тиынның орнына 11 рубль 20 тиын бекітілді. Соған сәйкес басқа да шетел валюталарына қатысты бағам өзгерді.

Шетел валюталарының алтындық құрамы немесе олардың қамдарының кейінгі өзгерістері болған жағдайларды КСРО Мембанкі өзінің түзетуін енгізуге тиіс болды. Шетел валютасына қатысты рубль бағамының жоғарлауының зор маңызы бар. Рубльдің қатаң белгіленген алтындық құрамы, оны халықаралық есеп айырысуларды пайдалануын кеңейтті.




    1. 1961 жылға деноминация

Рубль бағамын алтын базасына өткізгеннен кейінгі он жылдың ішінде (1950-1960жж.) елдің ақша айналымы, мемлекеттік бюджеттің мөлшері, сондай-ақ өндіріс, ұлттық табыс көлемі және т.б. шамадан тыс өсті. Экономикалық қызметтердің көптеген көрсеткіштері жүздеген миллиардтармен және триллиондармен бейнеленді. Осындай үлкен сомалардағы шоттармен жұмыс жасау іс жүзінде қаржы-банктік және шаруашылық органдардың жұмысын қиындатып жіберді. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкімет баға масштабын 10 есеге ірілендіру, рубльдің алтындық құрамын көтеру және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешім қабылдады.

1961 ж. қаңтарынан бастап, айналысқа жаңа үлгідегі мынадай ақша бірліктері шығарылды: 1, 3, 5 қазыналық билеттер мен 10, 25, 50 және 100 рубльдегі мемлекеттік банк (банкнот) билеттері, сондай-ақ 1, 2, 3, 5, 10. 15, 20 және 50 тиындық монеталар. Ескі үлгідегі ақша билеттері және монеталар жаңа үлгіге 1:10 арақатынасымен ауыстырылды. 1, 2, 3, 5 тиындық монеталар айырбастауға жатпағандықтан, айналыста номинал бойынша қала берді.

Айырбас 3 ай ішінде 1961ж. 1 қаңтарынан бастап 1 сәуір аралығында ешқандайда шектеусіз жүргізілді. Сондықтан да 1961ж. I тоқсаныныда айналыста ескі және жаңа ақшалар қатар жүрді. Барлық ақшалай операциялар 1:10 арақатынасымен жүргізілді. Сонымен бірге осындай арақатынаста тауарлар мен қызметтер бағасы, жалақы тарифтері, зейнетақы мөлшері, степендия, барлық төлемдік міндеттемелер, келісім-шарттар , және т.б. жүргізілді.

Баға масштабын ірілендіру ақша есебін және олардың техникалық қызмет көрсетуін жеңілдетті. Ақша билеттерінің ішіндері шағын болып келуі, оларды айналыста қолайлы етті.

Баға масштабын ірілендірумен бірге рубльдің алтындық құрамын көтерді және оның шетел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге асыт. 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдің алтындық құрамы 0,222 168 г. 0,987 412 г. Етіліп қайта белгіленді.

Рубльдің жаңа алтын құрамы рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзілік бағасын тауарлар бағасымен теңестіріп, мемлекеттік бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделі қайта есептеулерде қалыпқа келтірілді.



ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ

Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.

1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына - 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-құжаттарына белгі қойылды.

"Павловск" реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд. рубль алынып тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болытын.

Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.

Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд. доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж. - 300 т., 1990 ж. - 234 т.1:

1991 ж. қаңтарда "1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы" Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлері Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.

КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы - рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивтік үлгісінен нарыққа етуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.

КСРО республикаларының егемендігі жариялағаннан кейіні барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер рөлін атқара бастады. Мұндай салдардың бірінен несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банктің 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді, Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КРСО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан "қорғау" мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.

1992 ж. шілде айында Орталық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей мен бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырады. Келесі кадам - меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 ж. маусым-шілдеде Эстония, Латвия, 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғызстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын енгізді. Бұл жерде соңғы болып енгізгендер қатарына (1995 ж. Тәжікстанды қоспағанда) Түрікменстан, Өзбекстан, Армения, Молдова және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің, оның қатарында Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деғен ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.

1992 ж. 9 қазанда ТМД-ның сегіз мемлекеттерімен қол қойылған "Рубльді ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісілген ақша-несие және валюта саясаты туралы", соңынан 1993 ж. қыркүйекте алты мемлекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерімен бірге "рубль аумағында" қала берді. 1992 ж. айналысқа 200, 500,1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 ж. маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10 000 және 50 000 купюрлары шығарылды.

Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі: 1961—1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді-1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 1961 -1991 жж. кенес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. 5000 және 10000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар жатты.

Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.

1992ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның "Хариссон" фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

1993ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы" Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта - теңге енгізілді.

КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 тенге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.

Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатка белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегіннің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімнен бұрын босатылды.

15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заң-тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды: теңгеде - шексіз, І961-І993жж. 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 рубльдегі ақшаларды 1993 ж. шілдедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын сомада, 1,3 коэффициентке түзетілген шамада қабылдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында бел-гіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.

Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 ж. бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрдағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар бір-тіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жұз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында "Жібек жолы" жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10 мың тенгелік алтын монеталар кірді. Жиынтық 816 доллар тұрды. Сонымен Қазақстан теңгесі сонғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,

Алматы – 2001.

  1. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.

  2. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /

  3. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы – 2000.

  4. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің

өзекті мәселелері», Алматы – 2002.

  1. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.

  2. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»,

Алматы –2000

  1. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар»,

Алматы – 2000 ж.

  1. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001

  2. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.

  3. Сахариев С.С. «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж.

  4. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория»,

Алматы -2002

13. Қазақстан Республикасының Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», Заң – N 7- 2005



14. Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004, 19 б.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет